авто

Переключатель языков

03.11.2016 ж. Ермахан Бегеновтың «Ұлы дала елі» атты жеке көрмесі

Музей 2016 жылдың 3 қарашасында сағат 16.00-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, суретші-пейзажшы Ермахан Бегеновтың «Ұлы дала елі» атты жеке көрмесін ашады. 

Ермахан БегеновЕрмахан Бегенов 1946 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген.

Суретші кескіндеме өнеріне есейген шағында келді. Ол өз шығармаларының «этюдті өлшемінен» көлемді, анағұрлым монументалды және ірі шешімдерге біртіндеп өтті. Е.Бегенов шығармашылығының бірегейлігі – жұмыстарында суретші өзін халқының поэтикалық мәдениетінің мұрагері ретінде сезініп, мифологиялық бейнелерді көрнекі етіп, ұнамды мотивтерге жаңа бейнелік сипаттарды беретіндігінде.

Бегенов өз жұмыстарында қазақтың кең байтақ жерін, аңызға айналған қастерлі өлкелері мен қасиетті мекендерін бейнеледі.  Соңғы жиырма жыл ішінде суретші Бурабай, Қаратау, Үстірт сияқты ұлттық қорықтардың сегізінде болып, нәтижесінде туған жердің тарихи көркем бейнелерін суреттейтін көркем туындылар коллекциясын жасады.

Суретшінің 2005 жылғы Арал мен Үстіртке барған сапарында пластикалық және реңдік контрастыларға негізделген теңіздің суық-сұр айдыны, жел мен жауын тілімдеген күрең түсті сазды жағалаулары, Маңғыстаудың шошақ шыңдары бейнеленген пейзаждары жазылды.

Тәуелсіздік жылдарында Е.Бегеновтың 15-тен астам жеке көрмелері болды, олардың ішінде «Ұлар» галереясы (Алматы қ., 1997ж.), Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі (Алматы қ., 2002; 2008 жж.), Қазақстанның Тұңғыш Президентінің музейі (Астана қ., 2012 ж., ақпан), Тарихи-этнографиялық орталық  (Түркістан қ., 2012ж. тамыз) және т.б.

Шебердің жұмыстары Қазақстан мен шет елдердегі (Германия, Швейцария) қоғамдық және жеке коллекцияларда сақтаулы.

«Ұлы дала елі» көрмесінде суретшінің 80-нен астам картинасы халық назарына ұсынылатын болады. Экспозиция мазмұны автордың еліміздің тарихындағы ерекше орынға ие мекендерді терең зерттегендігін көрсетеді.  Көрмеге қойылатын жұмыстарда автор тек туған жердің әсемдігі мен өзгешілігін сипаттап қана қоймай, кескіндік-пластикалық пішіндерде еліміздің қасиетті саналатын жерлерінің рухани атмосферасын ұтымды көрсеткен.

Көрмеге келушілер автордың «Бетегелі дала – Сары-Арқа», «Қорғалжын даласындағы көлдер», «Баянауылдың қасиетті таулары», «Хан тағы» түркістандық жұмыстар сериясы, «Қаратау күнгейі», «Мыңжылқы каньоны» және «Ақсу-Жабағылы каньоны» сынды т.б. жаңа жұмыстарымен таныса алады. Суретшінің «Абылай хан жазығы», «Балуан Шолақ үңгірі», «Ақ-Бота тауы», «Оқжетпес тауы» тәріздес 50-ден астам туындысы Бурабайдың көрікті орындарына арналған.

Emakhan Begenov. Openning. Emakhan Begenov. Openning.
Emakhan Begenov. Openning. Emakhan Begenov. Openning.

Көрме 2016 жылдың 30 қарашасына дейін жалғасады. 

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source