авто

Переключатель языков

26.10.2016 ж. 1916 жылғы көтерілістің 100 жылдығына арналған «Қазақ көтерілістері. Азаттық мұраты» көрмесі

ҚР Мемлекеттік Орталық музейінде 2016 жылы 26 қазанда, сағат 15.00-де  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында  1916 жылғы көтерілістің 100 жылдығына арналған «Қазақ көтерілістері. Азаттық мұраты» көрмесінің ашылуы өтеді.

vosstanie 1916ҚР Орталық мемлекеттік мұражайында тұңғыш рет 1916 жылғы көтерілістің 100 жылдығына арналған «Қазақ көтерілістері. Азаттық мұраты» атты көрме өткізіледі. Тәуелсіздік қазақ халқына бірден оңай жолмен берілмеді. Тәуелсіздік алғанға дейін қазақ халқы сан түрлі тарихи кезеңді басынан өткерді. Осыдан 100 жыл бұрын қазақ жерінде тарихта «1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс» деп аталатын кең көлемді қамтыған ұлттың азаттығы жолындағы көтеріліс болды. Аталмыш ұлт-азаттық қозғалыс Қазақстан мен Орта Азияның барлық аймақтарына таралды.

Көрменің мақсаты көрмеге келушілерді 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің Жетісу мен Торғайдағы негізгі ірі орталықтарымен таныстыру болып табылады.

Көрме Жетісу мен Торғай көтерілісінің жетекшілері мен қатысушыларының  қызметін жан-жақты ашуға бағытталған үш бөлімнен тұрады.

 «Жетісу көтерілісі» деп аталатын бірінші бөлімде  патша әскерін жазалау операцияларына қатысты мұрағаттық материалдар мен  Қазақстан Орталық мемлекеттік музейі қорынан алынған көтеріліс қатысушысы – Тоқаш Бокиннің жеке кешенінен алынған фотоқұжаттық материалдар ұсынылады.

 «Торғай көтерілісі» атты көрменің екінші бөлімінде көтеріліс жетекшілері мен оның қатысушыларының тарихи рөлін айғақтайтын фотоматериалдар қойылмақ.  Аталмыш бөлімдегі ерекше орынды Торғай көтерілісінің жетекшілері – А.Иманов пен Ә.Жангелдиннің жеке кешендерінен алынған фотоқұжаттық материалдар алып отыр.  Көтеріліс жетекшісі А.Имановтың ұстанған жеке заттары (атыс қарулары мен суық қарулары, ұсталық инструменттері); Ә.Жангелдиннің «Книги путешественника вокруг света Н.Степнова он же Али-Бей Джангильдин» еңбегінің түпнұсқасы көрмеге келушілердің  үлкен қызығушылын тудырары анық. 

 «Ұлт-азаттық көтеріліс кино өнері әлемінде» атты үшінші бөлімде «Амангелді» кинофильмі мен Қазақ академиялық театрының спектакльдерінен алынған эпизодтарының фотоматериалдары ұсынылады. Сондай-ақ Халық суретшісі Ә.Қастеев пен Б. Урманченің кескіндемелері мен суреттері қойылды.

Көрмеде алғаш рет Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің материалдары, Торғай музейі мен А.Иманов мемориалды музейі кешендері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі, Орталық ғылыми кітапхана қорының кітап басылымдары көрермендер назарына ұсынылады.

Восстание 1916 года. Открытие выставки. Восстание 1916 года. Открытие выставки.
Восстание 1916 года. Открытие выставки. Восстание 1916 года. Открытие выставки.

Көрме 2016 жылдың 26 қарашасына дейін жалғасады.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source