авто

Переключатель языков

09.11.2016 ж. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тағылымы» атты фотокөрмеcі

2016 жылдың 9 қарашасында сағат 15-00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінде «ФОТОӨНЕР» қоғамдық бірлестігі, «Bank «RBK» АҚ және «Қазақстан» ҰТРК,   Алматы қаласының әкімдігінің қолдауымен, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тағылымы» атты фотокөрменің ашылуы өтеді.

photo-25-летие НезависимостиЕліміздің Тәуелсіз 25 жылының жарқын да айшықты мезеттері күнде көз алдымыздан өтіп жатқанымен, соның бәрін байқай береміз бе, бір сәт тоқтап, ой жіберіп қараймыз ба... Ал зымыран уақыт аялдамай өтіп жатыр. Енді сондай елеулі де елжіретер, жанға жағымды көріністерді байыппен тамашалай аламыз. Қазақстанның үздік фотограф суретшілері осынау тәуелсіз жылдарда түсірген тартымды, кестелі де көрнекті суреттер көрмесіне келіңіз. Жай көз елей бермейтін тылсым сәттерді фотограф зерделі көзбен дөп басып, айтулы заманымыздың көркем шежіресін жасаған хас шеберлігіне таңданасыз, тамсанасыз. Отанымыздың берекелі белестеріне, халқымыздың жасампаз істеріне, туған жеріміздің тіл жеткісіз сұлулығына сүйсініп, мерейіңіз өсері анық.

Фотокөрме Тәуелсіздік жылдарындағы отандық фотожурналистер мен тілшілердің баспа беттеріндегі қоғамда болған оқиғалар мен еліміздің рухани өмірін таныстырып насихаттайды.

Көрме екі кезең бойынша өткізіледі: І кезең 2016 жылдың 9-20 қараша аралығында Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінде, «Тәуелсіздіктің бесігі» (Н.Ә. Назарбаев), ІІ кезең Астана қаласында 2016 жылдың 6-31 желтоқсан аралығында Тәуелсіздік Сарайында.

Көрмеге Қазақстанның 25 жетекші фототілшілері мен  фотокорреспонденттерінің (М.Мамбетов - фоторепортер және документалист, Ш. Шахай – Қазақстан туралы бірнеше фотоальбомдардың авторы, С.Майлыбаев, Е.Омаров, Е. Сарбасов және т.б.) 100-ге жуық фотожұмыстары қойылады, сондай-ақ Қазақстан Елбасының тұңғыш жеке фотографы - Иосиф Будневичтің, ҚР кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбаларының Орталық мемлекеттік мұрағат қорындағы «Қазақстан фотохроника королі» А.Устиненконың жұмыстары қойылады.

 Аталмыш көрме қоғамды ҚР Тәуелсіздік жылдарында отандық  корреспонденттер мен журналистердің фотонысандарында бейнеленген еліміздің шынайы мемлекеттік, қоғамдық және рухани оқиғаларымен таныстырады.

docum-photo2016-1 docum-photo2016-2
 docum-photo2016-3  docum-photo2016-4

Көрме 2016 жылдың 20 қарашасына дейін жалғасады.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source