авто

Переключатель языков

6-7.03.2016 ж. Орталық Азия қолөнер шеберлерінің «ҚЫЗҒАЛДАҚТАР ГҮЛДЕГЕНДЕ» атты дәстүрлі көрме-жәрмеңкесі

2016 жылдың 6-7 наурыз күндері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі «Бақыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығымен бірлесіп, Орталық Азия қолөнер шеберлерінің «ҚЫЗҒАЛДАҚТАР  ГҮЛДЕГЕНДЕ» атты дәстүрлі көрме-жәрмеңкесін 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орайластырып өткізіледі.

Гүл бәйшешек бүр жарып, табиғат түрленетін көгілдір көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні! Бұл мереке қарсаңы – «Жақыныңа не сыйлаған дұрыс?», «Оны қайдан алу керек?», «Қандай сыйлық алған лайықты?» – деген сұрақтарға жауап іздейтін нағыз қарбалас шақ.

Көркем өнер мен қолөнер туындыларының алуан түрлері көрме-жәрмеңкеге келушілерге мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Мұнда тамаша әрі ғажайып сыйлықтар, авторлық үлгідегі әсем заттар мен қолөнер туындыларын сатып алуға болады.

Бұл ауқымды көрме-жәрмеңкеге Қазақстанның барлық аймағынан, сондай-ақ Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Ресей, Грузия және Монғолияның 100-ден астам халық шеберлерінің бірғана данадан тұратын бірегей туындылары – сыйлық және сувенирлік өнімдер, киізден және жібектен жасалған бұйымдар, кілемдер, зергерлік әшекейлер, қыш ыдыстар, бейнелеу өнері шығармалары көпшілік назарына ұсынылады.

Жәрмеңке – тек қолөнер бұйымдарын сатып алу орны ғана емес, сонымен қатар ол халықтың қолөнер кәсібі арқылы өз тарихын таныту шарасы. Көрмені ұйымдастырушылар киіз басу және батик өнерінен шеберлік сабақтар ұйымдастырады. Шеберлік сабақты шеберлер Күлән Жанғұтты және Гүлнәр Өмірбекова өткізеді. Онда шебер әсем бұйымдардың қалай жасалатындығы және қолөнер әдістерінің құпияларымен бөліседі.

Халық шеберлерінің біртума бұйымдары өнер сүюшіні бейтарап қалдырмайды. Бұл көрме-жәрмеңке - Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін әрдайым нағыз мереке, жарқын мәдени оқиға.

Құрметті музей қонақтары! Баршаңызды ертедегідей шығыс базарының ғажайып думанын сезінуге  шақырамыз!

Жәрмеңкенің жұмыс уақыты: 2016 жылдың 6-7 наурыз күндері сағат 9.00-18.00-ге дейін.  

 

Ярмарка "Время тюльпанов" 2016 Ярмарка "Время тюльпанов" 2016
Ярмарка "Время тюльпанов" 2016 Ярмарка "Время тюльпанов" 2016

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source