авто

Переключатель языков

3-6.06.2016 ж. «Almaty FEST 2016»

almatyfest 3-6.06

2016 жылдың 3-6 маусым күндері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі «Fair Expo» көрме компаниясымен бірге Алматы қаласының 1000 жылдық мерейтойына орай «Almaty FEST 2016» атты фестиваль өткізеді.Аталмыш фестиваль кәсіпкерлер мен тауар өндірушілерді, сауықтыру қызметтері мен дәстүрлі медицинаны, дамыту орталықтары мен өнеркәсіпті, өнер және би мектептерін, дизайнер-зергерлерді, сәндік-қолданбалы өнер туындыларының авторларын және т.б. түрлі сала өкілдерін біріктіреді. Фестивальдың мақсаты – Қазақстандағы қолөнер мен шығармашылық  индустрияны дамыту,  хоббидің түрлі бағыттары мен түрлерін дәріптеу. «Almaty FEST» - халықаралық зергерлік көрме; сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының жәрмеңкесі; интерактивті, шығармашылық алаңдар.

Шығармашылық алаңдар халықтық өнеркәсіппен, отадық және шетелдік шеберлер мен дизайнерлердің көркемөнер туындыларымен, балаларды дамытатын бағдарламалармен таныстырады, жаңа дарындарды ашуға мүмкіндік береді.

Ал Халықаралық зергерлік көрмеде зергерлік компаниялар мен Ресей (Якутия, Москва, Махачкала, Кострома қалалары), Жапония, Қазақстан, Турция, Өзбекстан, Қырғызстанның өндірушілері көптеген тауарлар мен бұйымдар ұсынады, олар: жапон маржаны, күмістен жасалған якут бұйымдары, бельгия гауһар тастары, алтын әшекейлер және т.б. 

Фестиваль  аясында «Менің сүйікті қалам» атты балалар шығармашылық байқауының салтанатты марапаттау рәсімі өтеді. Байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 2016 жылдың 5 маусымы күні сағат 15.00-де, ал зергерлік компаниялар ұсынған ұтыс ойындары 6 маусым күні сағат 15.00-де өтеді. 

 Балалар мен үлкендер үшін  «Воздушные замки», «Ты - художник», «Top-laif.kz», «Леденцовый рай», «Сладко_кз», «ArtBota», «Искусство ремесла», Art studio «TESORO», «Super Men», «Kidfox.kz», «Profiland» сияқты компаниялар мен орталықтар, мектептер мен студиялар кескіндеме, сәндік-қолданбалы өнер, би және сиқыр бойынша шоу-бағдарламалар мен шеберлік-сабақтар ұйымдастырады.   

Фестиваль қатысушылар үшін өз саласындағы жеткен жетістіктерін көрсетуге, сонымен қатар басқада шығармашылық адамдармен танысуға, сондай-ақ сарапшылардың кәсіби бағасын аласыз. 

Келушілер үшін – мерекелік көңіл-күй, шаттық, сонымен бірге заманауи қаламыздың тұрмысымен, шығармашылық өмірімен таныстырады. Шет елдерден алып келінген заттардың жәрмеңкесін көріп, шеберлік-сабақтар мен байқауларға қатыса алады.  

«Almaty FEST 2016» бағыттары: зергерлік бұйымдар, бижутерия, тастар мен минералдар; дизайнерлік киімдер, ойыншықтар, қуыршақтар, керек-жарақтар, кәдесыйлар; тоқыма, ыдыс-аяқ, керамика, кілемдер; өнер мен шығармашылық (сурешілер мен дизайнерлердің авторлық жұмыстары және т.б.); біліми интерактивті бағдарламалар, рухани дамыту орталықтар (кеңестер, диагностика, шеберлік-сабақтар); сауықтыру орталықтары, далаптар мен парфюмерия; ұлттық тағамдар. 

Келушілер үшін 2016 жылдың 3-5 маусым күндері сағат 12.00-де «Golden Gate” академиясы, ал 4 маусым күні «MONEYКЕН» музыкалық тобы музыкалық бағдарлама ұсынады. 

«Almaty FEST 2016»  фестивальінің өтетін орны: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі, «Самал-1» ықш. ауд., 44-үй.

Фестивальдың жұмыс уақыты:  09.30-дан 19.00-ге дейін.

Жәрмеңкеге кіру ақылы: үлкендер үшін – 300 теңге, балаларға – 100 теңге.

Билеттер музейдің кассасында сатылады.

Тел.: 2644650; +7(727) 292 35 14,  250 36 44,  +7 7773830454; сайт: www.almatyfest.kz

Almaty-Fest 2016 Almaty-Fest 2016 Almaty-Fest 2016
Almaty-Fest 2016 Almaty-Fest 2016 Almaty-Fest 2016
 Almaty-Fest 2016  Almaty-Fest 2016  Almaty-Fest 2016
 Almaty-Fest 2016  Almaty-Fest 2016  Almaty-Fest 2016

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source