авто

Переключатель языков

07.09.2016ж.өткізілетін Алматының 1000 жылдығына арналған «Алматы-Art, Дәстүрлі ұлттық өнерді жаңғырту» атты студенттердің І Халықаралық фестиваль-байқауы және «Алматы және оның әлем мен Қазақстанның дамуына қосқан үлесі» тақырыбындағы І Халықаралық ғылым

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжімен бірлесіп, 2016 жылдың 7 қыркүйегінде сағат 15.00-де Алматының 1000 жылдығына арналған «Алматы-Art, Дәстүрлі ұлттық өнерді жаңғырту» атты студенттердің І Халықаралық фестиваль-байқауын және «Алматы және оның әлем мен Қазақстанның дамуына қосқан үлесі» тақырыбында І Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.

ban-ogos-hudozh-bakhyt

Алматы – бұл еліміздің зияткерлік, ғылыми-білім беру және мәдени Орталығы. Мұнда Қазақстанның бейнелеу өнерінің негізгі мектептері дәстүрлі түрде қалыптасты. Олар қаланың мәдениеті мен өнерінің дамуына айтарлықтай ықпал жасады. Бүгінде Алматыда жыл сайын дәстүрлі мәдениет пен өнер фестивальдары, мерекелері өткізіліп тұрады. Онда мыңдаған шығармашыл жігерлі, жаңашыл ойлы  жандар жиналады.  «Алматы-Art, Дәстүрлі ұлттық өнерді жаңғырту» және «Алматы – 1000 жыл» атты байқауға  жоғарғы оқу орындар мен колледждердің басшылары, оқытушылар мен студенттер қатысады. Көрермендердің назарына жас суретшілердің Алматының қазіргі көркін (қаланың көркем жерлері, көрікті  орындары, тарих және мәдениет ескерткіштері, қаланың рәміздері, тарихи сюжеттері және т.с.с.) бейнелейтін жұмыстары ұсынылады. Фестиваль жастар мен дарынды суретшілерге өздерінің шығармашылықтарын одан әрі дамытуға, бүтіндей алғанда, бейнелеу  өнерінде жаңа идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Фестиваль-көрменің мақсаты: дамушы қазіргі  заманғы  Алматы қаласының мәдени әртүрлілігін, жас суретшілердің шығармашылық қызметінің жаңа түрлерін және қазіргі заманғы бейнелеу өнеріндегі шығармашылық ізденістер бағыттарын таныстыру; Алматыға тән Қазақстан бейнелеу өнерін дәріптеу; өз жұмыстарын әр түрлі жанрларда -  кескіндеме  (живопись), графика, мүсін, гобелен, зергерлік әшекейлер, ағаштан ою ою, қыш,  өрнек сурет салу, кесте, киіз және т.б. жанрларында ұсынған жас суретшілерді қолдау және ынталандыру.

Фестиваль таланттардың жаңа есімдерін ашуға көмектеседі және жастарды музейде зор шығармашылық  мереке рухында ұйымдастырылып, өткізілетін әр алуан мәдени-білім жобаларына  қатысуға тартады; қала тұрғындары мен қонақтарын Алматы қаласының әр түрлі  тарихи даму кезеңдерін бейнелейтін жұмыстарымен таныстырады және Қазақстанның шығармашыл жастары үшін ынтымақтастыққа және тәжірибе алмасуға қолайлы жағдайлар тудырады.  

bahyt-art bahyt-art bahyt-art

bahyt-art bahyt-art bahyt-art

bahyt-art bahyt-art

Фестиваль аясында: конференция, сәндік-қолданбалы өнер бойынша шеберлік сабақтары, өнер, мәдениет және білім саласындағы мәселелер қарастырылатын дөңгелек үстелдер өткізіледі. «Алматы-Art, Дәстүрлі ұлттық өнерді жаңғырту» және «Алматы – 1000 жыл» байқауына Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстанның жоғарғы оқу орындарының және колледждерінің басшылары, оқытушылары мен студенттері қатысады.

         Ғылыми-тәжірибелік конференцияның жұмыс уақыты сағат 10.00 ден 13.00-ге дейін.

 Көрме 2016 жылдың 20 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source