авто

Переключатель языков

09.10.2016 ж. «Өмір сүргім келеді!» атты 4-ші жыл сайынғы қайырымдылық акциясы

2016 жылдың 9 қазанында сағат 17-00-де ҚР Мемлекеттік Орталық музейінде  онкологиялық аурулармен ауыратын балаларға қолдау көрсету мақсатында Дүниежүзілік хоспистер және паллиативтік көмек күніне орай «Өмір сүргім келеді!» атты 4-ші жыл сайынғы қайырымдылық акция өтеді.

 Благотворительный аукцион "Я хочу жить!"Іс-шараны ұйымдастырушылар: «Здоровая Азия» онкологиялық сырқаттарды қорғайтын Қоғамдық қоры, «International Fund Global Success of people» қоғамдық қоры, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі, Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының Алматы қаласындағы еріктілер тобы, «Белый рояль» арт галереясы.

2003 жылдан бастап Қазақстандағы ең көне және ірі музейлердің бірі - ҚР Мемлекеттік Орталық музейі онкологиялық сырқаттарды қорғайтын  «Здоровая Азия» Қоғамдық қорымен және «Алтын-Көл» балаларды қамқорлыққа алу мен аналарды қорғау қайырымдылық қорымен бірлесіп  жетім, мүгедек және онкологиялық сырқатпен ауыратын балаларды қорғау мақсатында 60-тан астам қайырымдылық іс-шараларды өткізіп келеді. 

 2009 жылдан бүгінгі күнге дейін «Здоровая Азия» қоғамдық қоры балалар онкологиясының мәселесімен айналысып  келеді. Осы уақыт аралығында 2009 жылы Алматы қаласында паллиативтік бөлім ашылды, онда еліміздің әр аумағынан онкологиялық дертке шалдыққан балалар көмек алып тұрады, сонымен қатар «Я с тобой» балалар хосписі мобильді көшпелі қызмет көрсетеді (жыл сайын Қазақстанда онкологиялық дертке шалдыққан 700-ге жуық балалар тіркеледі, солардың ішінен жыл сайын  62 бала Қордың қамқорлығына алынады).

«International Fund Global Success of people» қоғамдық қоры онкологиялық дертке шалдыққан балаларды қолдау көрсету орталығының «Я с тобой» жобасын жүзеге асыру үшін  Алматы қаласынан  жалпы алаңы 500 ш.м құрайтын үй сыйға берді. Осы уақыт ішінде  «Здоровая Азия» қорының күшімен үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл  онкологиялық дертке шалдыққан балалар  медикосоциальды, психологиялық және  сауықтыру көмегін алатын Орталық Азиядағы жалғыз мекеме (ашылуы 2016 жылдың 15 қазаны) болып табылады. Өкінішке орай онкологиялық ауруға шалдыққан балалар балабақшалар мен  мектептерге бара алмайды. Баларға күтім қажет болғандықтан ата-аналары жұмыс істемейді. Сондықтан «Я с тобой» орталығы ауру балаларға ғана емес, сонымен қатар ата-аналардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға және отбасын сақтап қалуына көмек көрсетеді.

Іс-шараға арнайы 24 көркем кескіндеме дайындалды. Онкологиялық сырқатты жеңіп шыққан балалардың танымал қазақстандық суретшілермен бірге орындаған жұмыстары іс-шараның ерекшелігі  болып табылады.  Жеңімпаз балалар эстафетаны осы аурумен күресіп жүрген басқа балаларға тапсырады. Қатысушылардың ішінде он жеңімпаз, олар Москвадағы VІІ Дүниежүзілік ойындарға қатысып, 12 медаль жеңіп алды! Бұл жыл сайынғы спорттық іс-шара, оған қатерлі ісікті жеңіп шыққан бүкіл әлемдегі балалар қатысады.

Қайырымдылық іс-шараның мақсаты:

  • онкологиялық аурулармен ауыратын балаларға және олардың ата-аналарына психологиялық көмек көрсету (9 кісілік балалар хосписын ашу).
  • қоғамды онкологиялық ауруға шалдыққан балалардың мәселесі туралы хабардар ету.

«Өмір сүргім келеді!» атты қайырымдылық аукционы балаларға көмек көрсету және олардың өміріне бір сәт шуақ сыйлауға деген ізгі ниеттегі адамдарды біріктіреді. Ауыр сырқатқа ұшыраған балаларға ересектер өмірі бұйырмауы да мүмкін, сол үшін оларға көмек уақытында және бүгін көрсетілуі қажет.

Балалар біздің көмегімізді күтеді, олардың өмір сүргісі келеді! Ал біз Сіздің көмегіңізбен қолдауыңызға сенеміз!

Өткізілетін орны: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі, «Самал-1» ықшамауданы, 44-үй.

Қайырымдылық аукционға кіру тегін.

blagotvor-auction1 blagotvor-auction3
blagotvor-auction4 blagotvor-auction2

 

Байланыс телефондары:  «Здоровая Азия» қоғамдық қоры +7-727 266-36-36, +7-705-876-1111

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source