авто

Переключатель языков

08.09.2016 ж. «Өнер – бұл идея, пішін және шексіз құпия» (Ерлан Назарқұл )

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейіде Алматының 1000 жылдық мерекесі аясында 2016 жылдың 8 қыркүйегінде суретші, Президент және Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты (2010 ж., 2011 ж., 2012 ж.), "Alem Saniaz" Халықаралық фестивалінің I сыйлығының лауреаты (1995 ж.) және "Жігер" Халықаралық көрмесінің I сыйлығының иегері (1998 ж.) Назарқұлов Ерлан Суанбайұлымен   шығармашылық кездесу өтті.

bahyt-iskusstvo bahyt-iskusstvo bahyt-iskusstvo
bahyt-iskusstvo bahyt-iskusstvo bahyt-iskusstvo

Назарқұлов  Ерлан Суанбайұлы 1969 жылы Тараз қаласында дүниеге келді. О.Таңсықбаев атындағы көркемсурет училищесінің (1991 ж.) және Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының (1997 ж.) түлегі. Ол Өнер, теориялық және рухани даму орталығында шығармашылық жұмыстарымен айналысқан. 

Ерлан өз туындыларымен алматылықтарды 1993 жылы республикалық көрмеге қатысушы ретінде таныстырды

Автор өз өз ойын: «Өнер – уақыт кеңістігіндегі  мағыналық пайымды білдіреді; ол өткен шақтың, осы шақтың және келешетің жиынтық тоғысы. Картина – 3 өлшемдік бейнені көрсеткіші, жасырын, құпия бейне және кеңістік. Суретші әлемі - өзгеше әлем. Суретшінің қиялын өз мүмкіндігіне қарай  өз өнері өрісінде сонша бейнелей алады», - деп пайымдайды.

 Ерлан Назарқұлов өз шығармашылығында дедукция, индукция мен метафараны қолданады. Дедукция дегеніміз – таным, ойлаудың жалпыдан жалқыға, индукция – жекеден жалпыға ойлау тәсілі, метафора – танымға және түсініспеншілікке барар жол. Суретші Метафораға бойлай отырып, оны ішкі сезімдері арқылы өткізеді және мұны көрініс ретінде кенеп бетіне түсіреді: қиялы ішкі әлемнен кеңістікке көшеді. Яғни, нақтылықтан – абстрактілікке, материалдықтан – рухани әлемге көшеді. Мұндай тұрақты алмасымда адамның ақыл-ойының нәзіктігі ғана емес, мұндай алмасым шындықты ұғыну үшін де қажет.

Көрмеге автордың көзқарасын білдіретін этнографиялық сюжеттер, тарихи персонаждар, Қазақстанның әсем жерлері бейнеленетін 20 туындысы қойылады.

Ерлан Назарқұлов өзінің шығармашылық қызметінде 14 көрмеге қатысқан: Алматыдағы республикалық маңызы бар  көрмелер, солардың ішінде «Нұрлы жол» (2012 ж.) және Астанадағы - «Наурыз» (2008 ж.), «Art Nazarkul» ( 2012 ж.); халықаралық маңызы бар көрмелер - «Парад галерей» (1996 ж.), Эр-Рияда (2009 ж.), Қазан қаласында (2010 ж.), "Қазақстан - Франция" (2013 ж.), "Astana Art Fest" (2014 ж.), «От Лиссабона до Владивостока" (2016 ж.). Ерлан бірқатар жеке көрмелерін  «Ұлар» (Алматы қ., 1996, 1997 жж.) және "Astana Artline" (Астана қ.,, 2013 ж.) галереяларында өткізді. Оның жұмыстары жеке коллекцияларда: АҚШ, Канада, Германия, Дания, Нидерланды, Ұлыбритания, Түркия, Жапония, Оңтүстік Корея және Қазақстанда қойылды.  

 

Көрме 2016 жылдың 12 қыркүйегіне дейін жалғасады 

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source