авто

Переключатель языков

21-22.05.2016 ж. Көрме-фестиваль «ЖІБЕК ЖОЛЫ»

Ұлы Жібек жолы – Шығыс пен Батыс халықтарының тарихи қалыптасқан сауда жолы. Бәрімізге әйгілі Ұлы Жібек жолыхалықтардың экономикалық және мәдени қарым-қатынастарды дамыту жолында үлкен рөл атқарады.

Көңілді, түрлі-түсті шығыс базарына әр түрлі елдерден саудагерлер мен алушылар асыға келіп, Қытайдың жібегі мен фарфорын, Үндістанның тәтті дәмдерін, Хорезмнің қышын, түрлі бейнелеу туындыларын тиімді бағада сату және сатып алу саудасын жүргізіп отырған.

Шығыс базарының ертегідей әлемін Алматының 1000 жылдығына арналған «Жібек жолы» атты Үлкен Орта-Азиялық қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі мүмкіндік береді. Көп жылғы дәстүр бойынша аталмыш көрме-жәрмеңке 2016 жылдың 21-22 мамыр күндері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінде өтеді. Осы жолы көрме-жәрмеңкемен қатар Алматының 1000 жылдығына орай Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Қазақстан Ұлттық Клубтар Федерациясының қолдауымен «Оңтүстік Астана жас суретшілердің көзімен» атты байқау: көрме, сәндік-қолданбалы өнер саласынан шебер-сыныптар, дефиле (сән үлгісі) номинациялары бойынша өткізіледі. Бұл байқауда О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық академиясының колледжі, Мысыр елінің мәдениет орталығы және Қазақстан-Жапон адам қорының даму орталығы, сонымен қатар Ресей, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің көркем сурет мектептері мен колледждерінің қатысуымен жас суретшілер көрермендердің назарына Алматы (Алматының көркем жерлері, мәдени және тарихи ескерткіштері, қаланың символдары және де тарихи сюжеттері) тақырыбында көрме өткізеді.

 Ұйымдастырушылардың алға қойған ең басты мақсаты қазіргі кездегі Алматы қаласы мәдениетінің дамуын жас суретшілердің заманауи бейнелеу өнеріндегі шығармашылық ізденістері арқылы  көрсету. Кескіндеме, графика, мүсін, гобелен, зергерлік әшекейлер, ағашты нақыштап ою, қыш, көркем әшекей, киіз басу, дефиле (сән үлгісі) және шебер сыныптар сияқты әр түрлі жанрда көрсеткен жас суретшілердің жұмыстарын қолдау көрсетіп, ынталандыру.

Сонымен қатар Қазақстанның әр аймағынан келген халық шеберлері мен Тәжікстан, Қырғызстан, Түркменстан, Өзбекстан, Ресей, Грузия елдерінің 80-нен астам шеберлері қатысады. Көрмеге сыйлыққа арналған заттар, зергерлік бұйымдар, киім-кешек, сазды аспаптар, Шығыс миниатюрасы мен кілемдері, киізден  және жібек маталардан жасалған бұйымдар, тоқыма және шамшырақтар, бойтұмарлар мен былғары бұйымдар қойылады.

Ұйымдастырушылар байқаудың қорытындысы бойынша байқау жеңімпаздарын сертификаттармен, дипломдармен, естелік сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапаттайды.

Көрме-жәрмеңкенің жұмыс уақыты: 2016 жыл 21-22 мамыр, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін

 

Көрменің ұйымдастырушылары: «Бахыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығының қоғамдық қоры, ҚР Мемлекеттік орталық музейі (Самал-1 ықш., ауд, 44-үй).

Бахыт Әбдікәрім - +7 701 3908125, e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Күнсұлу - 8(727) 375-56-55, +7 7783164165, e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Yarmarka Bakhyt-2016 Yarmarka Bakhyt-2016
Yarmarka Bakhyt-2016 Yarmarka Bakhyt-2016

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source