авто

Переключатель языков

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі 2019 жылдың 22 сәуір күні сағат 15.00-де академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 120 жыл толуына арналған «Қазақтың ұлы ғалымы» атты көрмесін ашады.  

«Қазақтың ұлы ғалымы» атты көрмесіАкадемик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев - көрнекті геолог, біртуар ғалым,ғылым саласының бірден-бір ұйымдастырушысы, ол еліміздегі геологиялық қызметтің және Қазақ КСР Ғылым академиясының, Үлкен Жезқазған мен бүгінде оның атындағы Геология ғылымдары институтының негізін қалады.Қ.И. Сәтбаев – Қазақстан Ғылым академиясының алғашқы президенті әрі одақ көлеміндегі бірінші қазақ академигі (1946ж.). Қазақстанның жер қойнауы байлықтарын ашу мен оны геологиялық зерттеу, кен көздерін жедел анықтауға бағытталған ауқымды, кешенді зерттеу ісінің жарқын беттері Сәтбаевтың атымен байланысты.

Көрменің мақсаты:алғашқы қазақ геологы, академик Сәтбаевтың өмір жолы, қайраткерлік қызметімен таныстыру; ғалымның ғылыми мұрасын сақтау, танымалдығын арттыру ҚР МОМ қорындағы құжаттарды, академиктің архивіндегі фотоқұжат, заттық деректерді көпшілік назарына ұсыну.

Көрме экспозициясы төрт тараудан тұрады:

«Өмір жолын таңдау» айдарымен құрылған бірінші тарау Қ.И. Сәтбаевтың өмірбаянына арналған: фотоқұжаттар тұлғаның балалық шағы, Семейдегі мұғалімдер семинариясында білім алуы, ұстаздық қызметі және Томсктехнологиялық университетіндегі студенттік өмірінен сыр шертеді.

«Ғалым-геолог» – екінші тарау Қ.Сәтбаевтың ғылыми-тәжірибелік жұмысымен таныстырады. Фотоқұжат, заттық деректер инженер-геолог, бөлім басшысы, Атбасар және Қарсақпайгеологиялық трестерініңбас инженерінің күнделікті атқарған қызметін ашып көрсетуге бағытталған. Қ.И. Сәтбаев Жезқазған мыс және Байқоңыр көмір кені орнында алғашқы тұрақты геологиялық барлау жұмысын ұйымдастырып іске асырды. Ол бүкіл Жезқазған-Ұлытау ауданындағы пайдалы кен орындарының қорын жоспарлы түрде анықтау ісін жолға қойып, әлемдегі үш ірі мыс кені орындарының бірі – Ұлытау-Жезқазған мыс кені көзін ашты.

«Академик Қ. Сәтбаев – ҚазКСР Ғылым академиясының негізін қалаушы» айдарымен құрылған үшінші тарау 1944ж. Қазақ КСР ҒА құру туралы үкімет қаулысының қабылдануыҚ.И. Сәтбаевтың тікелей атсалысуымен жүзеге асқындығын көрсетеді. 1946 ж. 1 маусымда Қ.И. Сәтбаев Қазақстан Ғылым академиясының бірінші Президенті болып сайланды. Осы жылдың қазан айында ол КСРО ғылым академиясының толық мүшесі болып сайланды. Ғалымның еңбегі үкімет тарапынан лайықты марапатталған.

«Мұра» айдарындағы төртінші бөлім ғалымның ғылыми туындыларымен таныстырады.. Қ.И. Сәтбаевтың еңбектерінің басым бөлігі геология мәселесіне арналған. Жарияланған 240 шығармасының 42-і Жезқазған-Ұлытау ауданының геолгияжәне минералдық қорын қамтиды. Ғалым мұрасының бірінші және басты тарауы геология саласындағы еңбектерінен тұрады.Қ.И. Сәтбаевтың әдеби мұрасының екінші тарауы академикті ғылым саласын ұйымдастырушы, насихаттаушы, қоғам қайраткері ретінде танытады. Ғалымның осы тараудағы 298 мақаласының 242- орыс тілінде, 51 қазақ, 5- ағылшын тілінде жазылған.

Көрме экспозициясында көпшілік назарына ғалымның еңбектері, қайта басылған «Алгебра оқулығы»,ҚР МОМ қорында сақталған жеке заттары: марапат белгілері, құжаттары, шығармалары, кәдесый және т.б. қатар академиктің архивінен алынған материалдар ұсынылған.

Бүгінде әйгілі ғалым, ғылым саласының ұйымдастырушысы, білікті маман, жаны жайсаң азамат, қайырымды тәлімгер, өз халқының нағыз жанашыры, ұлтжанды Қаныш Имантайұлының кіші отаны – Қарағанды облысындағы қала Сәтбаевдеп аталса, ғалымның есімі бірқатар минералдар, гүлдер, мұздық, тау шыңдары, Қазақстанның көше, кәсіпорын, мекемелеріне берілген, Қ.И. Сәтбаев атындағы сыйлық және стипендиялар жарияланған.

Көрме 2019 жылдың 1 маусымына дейін созылады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейі жыл сайын тарихи, мәдени және бейнелеу өнері туралы түрлі іс-шаралар өткізіп келеді. Сондай-ақ, музейдің мәдени-білім жұмысы орталығы балалар шығармашылығын дамытуға да аса мән беріп келеді. Қазіргі таңда, балаларға арналған музейлік сабақтар, квест-ойындары, байқаулар мен викториналар, фестивальдар және балалар көрмесін ұйымдастыру туралы көптеген білім бағдарламалары әзірленген.

 «Қазақстан маржандары» атты көрме-фестивалі

Соған орай, музейде 18 сәуір күні сағат 15.00-ден, 18.00-ге дейін биылғы Жастар жылы қарсаңында ҚР Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты мақаласы мен «Ұлы даланың жеті қыры» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Қазақстан маржандары» атты көрме-фестивалі өтеді.

Қазақ жерінің әсем табиғатына арналған көрмеден дүниежүзіне белгілі: Шарын шатқалы, Бурабай, Көлсай, Алтын-Емел, Медеу, табиғи қорықтар, ұлттық саябақтар, өзендер мен ормандар, Іле Алатауы мен Тянь-Шань тауын мекендейтін жануарлар әлемі мен жабайы табиғат сұлулықтарын көре аласыздар.

«Қазақстан маржандары» атты көрмесіне тек суретшілер ғана емес сондай-ақ, Алматы қаласының бейнелеу өнері мектептерінің мұғалімдері де қатысады. Олардың қатарында: суретшілер Индира Бадамбаева, Марлан Нысанбаев, Мақсат Қантарбаев, Диас Қантарбаев, Нұрдана Адамсопиева, Мирлан Құлдыбаев, Лена Лейнвебер, Лидия Дроздова, Игорь Гущин, Рина Ахметова, Ержан Ахаев, Рауан Сулейменов, «Ты художник» шеберханасы (жет. Дина мен Мұрат Мертеновтар), Алматы қ. Халықаралық мектебі, Н.Назарбаев атындағы білім беру қоры (жет. Н. Приходченко), №65 жалпы білім беру мектебі (жет. Е. И. Беличенко), бейнелеу өнерінің креативті «ArtLab» (жет. Наталья Ли), «Да Винчи» (жет. Е.Н. Исакова) және «Art Mix studio» (жет. Чернышева А.А), «Веселая ромашка» (жет. Л. А. Логвинова.), «Alem art» студиялары болады.

Іс-шараның тікелей серіктесі жыл сайын қолдау танытатын Ә. Қастеев атындағы Бейнелеу өнері және дизайн мектебі болып табылады. Бұл жолы жас суретшілер өздерінің бірегей туындылары – кескіндеу және қолданбалы өнер түрлерін ұсынбақшы. Көрмеден сонау ертегілер әлеміндегі кейіпкерлер мен академиялық жұмыстарға дейінгі туындыларды көруге болады.

Фестиваль аясында: балаларға арналған концерттік бағдарлама, «Алые паруса» бейнелеу мектебінің оқушылары жасаған гүлкестелі қалпақтар дефилесі сондай-ақ, Ә. Қастеев өнер мектебінен: киіз басу, нүктелеп жазу, линогравюра және «Канзаши», «Алла прима» шеберлік-сабақтары.

Көрмеге әртүрлі жанрдағы 200-ден астам жұмыс ұсынылмақ.

Көрме 2019 ж. сәуір айының соңына дейін жалғасады.

«Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасын іске асыру аясында 2019 жылдың 11 сәуір күні сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Алматы қаласының Жетісу әкімдігімен бірлесіп, ағайынды Күлменовтердің "Мұздай темір құрсанып..." атты көрмесін ашады.

"Мұздай темір құрсанып..." атты көрмесіАғайынды Күлменовтер – Махмұт, Тұрсынжан, Айтберген – Қазақстан Дизайнерлер Одағының мүшелері, ҚР қазіргі заманғы қару өнерінің негізін қалаушылары, XII Дүниежүзілік жастар және студенттер фестивалінің лауреаттары (Мәскеу қ., 1985 ж.), «Дизайн кеше, бүгін, ертең» Республикалық конкурсының I дәрежелі дипломанттары (Алматы, 1999 ж.). Олардың жұмыстары ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігінің мемлекеттік бағдарламасының тапсырысымен «Өнер» баспасы шығарған "Темірші — Кузнецы" альбомына енген (Алматы қ. 2006 ж.).

Күлменовтер шығармашылықпен ғана емес, ғылыми жұмыспен де айналысады. Олардың жетекшілігімен "Көк бөрі" республикалық ғылыми-зерттеу және қолөнер шеберханасы құрылды, онда студенттер сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын дайындаудың және металды өңдеудің ежелгі технологияларын жаңғырту әдістемесін зерттейді. Ағайындылар "ЭКСПО-2017 – этноауыл", "Қазақ хандығының 550 жылдығы", "Алматы күні – 2015" мемлекеттік, ғылыми, тарихи-этнографиялық жобаларды іске асыруға белсенді қатысты. 40 жылдық ғылыми-зерттеу және практикалық жұмыстары үшін, ағайынды ұсталар ҚР Мәдениет және Ақпарат Министрлігінің "Мәдениет қайраткері" белгісімен марапатталған (2007 ж.). Сондай-ақ, оларға "Түркі әлеміне сіңірген еңбегі үшін" халықаралық атағы берілді (Түркия, 2008 ж.). 

2000 жылы Күлменовтердің эскизі бойынша, ҚР Мәдениет және өнер қайраткерлеріне тапсырылатын "Алмас қылыш" наградасы құйылып жасалды.

Олар қару-жарақ, оқ-дәрілер, ұлттық музыкалық аспаптар ("Отырар сазы", "Мұрагер", "Сазген", "Адырна" фольклорлық оркестрлері үшін), ұлттық сәндік-қолданбалы өнер заттарын ("Батыр Исатай Тайманұлы", "Есет батыр", "Райымбек батыр", "Қобыланды батыр" музейлері үшін, сондай-ақ еліміздің көптеген облыстық, өлкетану музейлері үшін) жасаған, қалпына келтірген, қайта жаңғыртқан. Ағайынды Күлменовтердің қолөнер жұмыстары республикамыздың 16 облысының музейлерінде және шетелдік жеке коллекциясында сақталған.

Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасының желісімен 1993 жылы түсірілген көркем фильмге арнап қару-жарақ пен сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын жасаған.

«Мұздай темір құрсанып...» атты көрмесіне ағайындылардың жеке коллекцияларынан алынған 80-нен астам жұмыстары ұсынылмақ: қару-жарақ, ежелгі жауынгерлердің сауыт-саймандары, музыкалық құралдары және басқа да тұрмыстық бұйымдары.

Күлменовтердің шығармашылығы туралы шетелдік журналистер (Франция, АҚШ, Германия, Венгрия, Тунис, Түркия, Польша) көптеген ғылыми-деректі фильмдер түсірген.

Көрме 2019 жылдың 30 сәуіріне дейін жалғасады

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжімен бірлесіп, 2019 жылдың 15 сәуірі күні сағат 15.00-де өнер колледждері мен ЖОО арасында ҚР Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы және ЖАСТАР ЖЫЛЫ аясында «Бейнелеу өнеріндегі Орал Таңсықбаев мұрасының іздері» атты халықаралық көрме-байқауын өткізеді.

Байқаудың мақсаты: студенттердің көркем шығармашылығын қолдау, жас суретшілердің шығармашылық мүмкіндігін көрсету, кескіндеме және сәндік-қолданбалы өнердегі кәсіби дағдыларын жетілдіру, жастардың отандық тарихқа, мәдениетке деген қызығушылығын арттыру, әртүрлі елдердің жас суретшілерінің Достық, мәдени және шығармашылық байланыстарын дамыту және тәжірибе алмасу арқылы ынтымақтастықты нығайту.

Байқау жұмыстарының тақырыптары: Салт – дәстүр; Ежелгі металлургия; Аң стилі; Алтын адам; Түркі әлемінің бесігі; Ұлы Жібек жолы; Қазақстан – Алма мен қызғалдақтар отаны.

Байқау бағдарламасын тәуелсіз қазылар алқасы бағалайды, оның құрамына өнер қайраткерлері, белгілі суретшілер, өнертанушылар, көркем сурет оқу орындарының оқытушылары шақырылды.

           Байқау «Бейнелеу өнері»; «Сәндік-қолданбалы өнер» (тоқыма, батик, қыш, ағаш, металл, тері көркем өңдеу) номинациялары бойынша өткізіледі. Қатысушылардың жұмыстарын бағалау кезінде-шығармашылық тапсырмаларды орындау мен ойдың бірегейлігі, авторлардың көркемдік шеберлігінің деңгейі, композицияның аяқталуы назарға алынады. Халықаралық байқаудың қорытындысы - қатысушыларды марапаттау («Гран-При», І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, сертификаттармен және қатысушы Дипломдарымен).

Байқауды ұйымдастырушылар: ҚР Мемлекеттік орталық музейі; Алматы қаласы ҚР ЮНЕСКО Клубтарының Қазақстандық ұлттық федерациясының қолдауымен ҚР Суретшілер одағының қоғамдық ұйымдары; Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА колледжі; О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі Польша Республикасының Алматыдағы Бас консулдығымен бірлесіп, музыкатанушы-этнограф, композитор, Қазақстанның халық әртісі Александр Викторович Затаевичтің туғанына   150 жыл толуына арналған «Дала әуенінің ізімен» көрмесін ашты.

Поляк халқының біртуар ұлы А.В.Затаевичті Қазақстанда «қазақ әнінің әкесі», дәстүрлі қазақ музыкасын жазу ісінің пионері деп атайды. А.В. Затаевичтің еңбегі арқасында қазақ халқының әндері мен аспаптық музыкалық мұрасы қағазға түсірілді. Сол заманда естіген дауысын қағазға белгі ретінде түсіретін, содан соң оны айнытпай орындап шығатын адам туралы аңыз халық арасында кең таралған еді. Ол Ертіс пен Орал, Қарқаралы мен Қызылорда, Бөкей даласын, Орынбор мен Жетісу бөктерлерін кеңінен аралап, ән-күйлерді нотаға түсірді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінің «Дала әуенінің ізімен» көрмесінде қала тұрғындары мен қонақтарының назарына музыкант-этнографтың жеке кешенінде сақталған фотоматериалдар, мақалалар, жинақтар мен кітаптар, түсініктемелер мен дала әуендерінің ноталық жазбалары ұсынылады. Олардың қатарында 1925 жылы Ә.Жангелдинге берген қолтаңбасы, «Қазақ халқының 1000 әні» (әндер мен әуендер), «Қазақтың 500 әні мен күйі» (әндер мен аспаптық пъесалар) жинағы, фотосуреттер ерекше атап өтуге тұрарлық. Сонымен қатар, қызы Ольга Затаевичтің Ахмет Жұбановқа жазған хатын және 1950 жылы академик А.Қ. Жұбанов жариялаған «А.В.Затаевич – қазақ халқының ән-күйінің бірінші жыйнаушысы» мақаласымен танысуға болады.

Көрменің мақсаты: рухани жаңғыру мен қоғамдық сананы жаңартуға бағытталған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының негізгі қағидаларын, «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласында айқындалған міндеттерді орындау шеңберінде тарихи-мәдени құндылықтар шоғырландырылған отандық музейлердің көпғасырлық мұрасының өзектілігін көрсету, қазақ халқының музыкалық мұрасын зерделеу, насихаттау және А.В. Затаевичтің шығармашылық және музыкалық мұрасын, сондай-ақ қазақ халқы үшін еткен еңбегін, оның тарихи-мәдени мұрасының рөлін таныту болып табылады.

Көрмеде Польша Республикасының Алматыдағы Бас консулдығының консулы Михал Богданович, Қазақ Ұлттық консерваториясының музыкалық білім факультетінің деканы Мусагулова Гульмира көрменің ашылуында сөз сөйледі. Көрменің салтанатты ашылуында Жүсіпбек Елебеков атындағы Республикалық эстрадо-цирктік колледжінің студенттері өнер көрсетті.

Музыкатанушы-этнограф Александр Викторович Затаевичтің туғанына   150 жыл толуына арналған «ДАЛА ӘУЕНІНІҢ ІЗІМЕН» көрмесі. Музыкатанушы-этнограф Александр Викторович Затаевичтің туғанына   150 жыл толуына арналған «ДАЛА ӘУЕНІНІҢ ІЗІМЕН» көрмесі.
Музыкатанушы-этнограф Александр Викторович Затаевичтің туғанына   150 жыл толуына арналған «ДАЛА ӘУЕНІНІҢ ІЗІМЕН» көрмесі. Музыкатанушы-этнограф Александр Викторович Затаевичтің туғанына   150 жыл толуына арналған «ДАЛА ӘУЕНІНІҢ ІЗІМЕН» көрмесі.

Көрме 2019 жылдың 30 сәуіріне дейін жалғасады.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source