авто

Переключатель языков

ҚР Мемлекеттік орталық музейі ТҮРІКСОЙ Халықаралық ұйымының қолдауымен 2018 жылдың 9 қарашасы күні Түркияның Стамбул қаласындағы Түрік және ислам ескерткіштері музейінде «Ұлы даланың тарихи-мәдени келбеті» атты халықаралық көрмесін салтанатты түрде ашты. Түркия жұртшылығының назарына ұсынылған көрмеге «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі ерекше сән берді. Көрме Қазақстан Республикасы және Түрік Республикасы арасындағы халықаралық мәдени ынтымақтастығы аясында өткізілуде.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің бай коллекциясын паш ететін халықаралық көрменің ашылу салтанатына екі елдің мемлекет басшылары, атап айтсақ, Дүниежүзі қазақтарының жанынан құрылған «Отандастар» қорының президенті Нұртай Әбіқаев, Түркі тілдес елдер ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы – Бағдат Әміреев, «ТҮРКСОЙ» түркі мәдениетінің халықаралық ұйымының Бас хатшысы, профессор Д.Қ. Қасейінов, Түрік Республикасы Президентінің бас кеңесшісі Haydar Ali Yildiz, Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлы сынды танымал тұлғалар қатысып, көрменің екі ел арасындағы мәдени байланыстың ары қарай дамуына, халықтар арасындағы достықтың нығаюына қосар үлесі зор екендігін атап өтті. Стамбул Мәдениет және туризм басқармасының директоры Coşkun Yılmaz, Түрік және Ислам ескерткіштері музейінің директоры Серажетдин Шахин де өздерінің жылы лебіздерін білдірді.

Ежелгі көшпелілер мәдениеті және қазақ халқының тарихи-этнографиясы деп аталатын екі бөлімнен тұратын көрмеде: бүгінде Қазақстанның ұлттық игілігіне айналған, әлемдік мәдениет жауһарларының бірі – 1969 ж. Есік қорғанынан табылған Алтын Адам және ежелгі көшпелі халықтың алтын бұйымдары (Жалаулы көмбесі б.з.д. IX-VII ғғ., Шілікті қорғаны б.з.д. VII-VI ғғ., Қарғалы көмбесі б.з.д. II –I ғғ.), Жетісу өңірінен табылған сақтар мен үйсіндердің ғұрыптық заттары – шырағданның үш тағанды бөлігі, қазан, ғұрыптық ыдыстар, шырағдан, тарихи және көркемдік құндылығы теңдесіз жәдігерлер – XIX –XX ғғ. дәстүрлі киім үлгілері мен зергерлік өнер туындылары, тұрмыстық бұйымдар мен сәндік-қолданбалы өнер туындылары ұсынылып отыр.

Көрме 2018 жылдың 9 желтоқсанына дейін жалғасады.

Выездная выставка «Историко-культурный облик Великой Степи» в Стамбуле Выездная выставка «Историко-культурный облик Великой Степи» в Стамбуле
 Выездная выставка «Историко-культурный облик Великой Степи» в Стамбуле  Выездная выставка «Историко-культурный облик Великой Степи» в Стамбуле
 Выездная выставка «Историко-культурный облик Великой Степи» в Стамбуле  Выездная выставка «Историко-культурный облик Великой Степи» в Стамбуле
 Выездная выставка «Историко-культурный облик Великой Степи» в Стамбуле  Выездная выставка «Историко-культурный облик Великой Степи» в Стамбуле
Выездная выставка «Историко-культурный облик Великой Степи» в Стамбуле Выездная выставка «Историко-культурный облик Великой Степи» в Стамбуле
Выездная выставка «Историко-культурный облик Великой Степи» в Стамбуле Выездная выставка «Историко-культурный облик Великой Степи» в Стамбуле
Click to download in FLV format (7.42MB)

 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейінде Польша Республикасының Алматы қ. Бас Консулдығының және ҚазБат Әскери әрекеттер мен бітімгершілік миссиялар (операциялар) ардагерлері одағының, Алматыдағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейінің ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қолдауымен 2018 ж. 8 қараша күні сағат 16.00 «Ирактың ортақ аспаны астында: қазақстандық және польшалық бітімгершілер» көрмесі ашылды.

Көрменің ашылу салтанатына директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Ғалия Теміртон, Польша Республикасының Алматы қаласындағы Бас Консулы Радослав Грук, «Литер» республикалық қоғамдық-саяси газетінің тілшісі, Әскери әрекеттер мен бітімгершілік миссиялар (операциялар) ардагерлері одағының төрайымы Мира Құдабаева-Мустафина, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің десанттық-шабуыл әскерлерінің қолбасшысы Қайдар Қарақұлов, Ирактың бітімгершілік миссиясының ардагері, резервтегі подполковник ГЖЕГОЖ Брыш мырзалар қатысты.

Сөз сөйлегендер мұндай халықаралық маңызы бар көрмелер жастарды патриоттық тәрбиелеуге, сондай-ақ Қазақстан мен Польша арасындағы ынтымақтастыққа үлкен үлес қосатынын атап өтті. Сонымен қатар Қазақстандық бітімгершілік батальоны (ҚазБат) Президент Н.Назарбаевтың жарлығымен 2000 жылы құрылғаны туралы, ҚазБат офицерлері мен келісімшарттағы сержанттар алдында тұрған міндеттер жөнінде де айтылды. Ирактағы «Орталық Оңтүстік» көпұлтты дивизиясы құрамына поляк әскери контингентінің басшылығымен 2003-2008 жылдар аралығында қазақстандық инженерлік-саперлік тобының батальоны кіргені атап өтілді. Иракта бейбітшілік орнату үшін поляк жауынгерлері қазақстандық әскери қызметкерлермен алты жыл бірлесе иық тіресе күресті.

«ҚазБат» инженерлік-саперлік тобының міндеттеріне жарылыс қаупі бар заттарды табу, сақтау және жару кірді. Ирактағы миссияның басталғаннан ҚазБат мүшелері 4 миллионнан астам жарылғыш заттарды жойып, 6718 текше метр су тазартқан.

Жиналғандар «Ирактың ортақ аспаны астында: қазақстандық және польшалық бітімгершілер» көрмесінің ұйымдастырушы, Ирак жерінде қайтыс болған бауыры, 3-ші инженерлік-саперлік бөлімшесінің 29 жасар капитаны Қайрат Құдабаев жайлы естеліктерімен бөліскен Мира Құдабаева-Мустафинаның сөзін зор ықыласпен тыңдады (Қазақстандық батыр қайтыс болғаннан кейін 1-ші дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған). Бір атап өтерлігі, көрмеге қойылған көптеген фотосуреттерді Қайрат Құдабаевтың өзі түсірген және олар көпшілік назарына алғаш рет ұсынылды. Көрмені тек алматылықтар мен қала тұрғындары ғана көріп қоймайды. Үстіміздегі жылдың желтоқсан айында аталған көрме Астанадағы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери- тарихи музейінде ашылады. Ал, жылжымалы көрме өз жұмысын Екінші дүниежүзілік соғыс музейінде жалғастырмақ (Гданьск қаласы, Польша Республикасы).

Іс-шарада Әскери әрекеттер мен бітімгершілік миссиялар (операциялар) ардагерлері одағының төрайымы Мира Құдабаева-Мустафина және VI отряд командирі полковник  Қайсар Зейдалиев Польша Республикасының Алматы қаласындағы Бас Консулы Радослав Грук мырзаға және Польша Республикасының Иракта бітімгершілік миссиясы аяқталғаннан бері алғаш рет қазақстандық әріптестерімен кездескен үш бітімгерші-ардагерін осы кездесу үшін арнайы жасалған «Парызына адалдығы үшін» мерейтойлық медалімен марапаттады.

Содан кейін қонақтар жауынгерлік міндеттерді орындаудың әртүрлі сәттері, сарбаздардың күнделікті өмірі, сондай-ақ қазақстандық және польшалық бітімгерлердің демалыс күндері көрініс тапқан көрме фотосуреттерімен танысты. Көрмеге келушілер үшін экскурсияны VI отрядтың командирі, полковник Қайсар Зейдалиев мырза жүргізді.

Іс-шараға капитан У.Н. Әбдірахманов пен лейтейнант А.И. Исалиевтың жетекшілігімен Алматы аймақтық гарнизонының біріккен әскери оркестрі қатысты. Музыканттар қазақ және поляк композиторларының шығармаларын, екі елдің әскери марштарын орындады.

Көрме 2018 жылдың 14 қарашасына дейін жалғасады

«Ирактың ортақ аспаны астында: қазақстандық және польшалық бітімгершілер» «Ирактың ортақ аспаны астында: қазақстандық және польшалық бітімгершілер»
«Ирактың ортақ аспаны астында: қазақстандық және польшалық бітімгершілер» «Ирактың ортақ аспаны астында: қазақстандық және польшалық бітімгершілер»
«Ирактың ортақ аспаны астында: қазақстандық және польшалық бітімгершілер» pic-nebo-iraka-06

Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік музейінде ARTSPACEkz көркем өнер галереясының авторлық стилистикасы жағынан әрқилы екі суретшісі - Зульхайнар Қожамқұлов мен Абдуахат Мұратбаев туындыларының «Біз замандастарыңызбыз!» атты көрмесі ашылды.

«Біз замандастарыңызбыз!»Кез-келген өнер қоғам мәдениетінің көрсеткіші болғандықтан, көркем сурет жұртшылық тарапынан зор қызығушылық тудырып отырады. Өнер адамға игі әсер етіп қоймай, оның тұлға ретінде өсуіне мол мүмкіндіктер береді. ARTSPACEkz көркем өнер галереясының директоры Эльмира Ахметованың суретшілер шығармашылығы туралы айтуынша, қазіргі заманғы көркем сурет пен мүсін өнерінде бірыңғай жіктеуге жатпайтын, сан-алуан түрлер мен жанрлардың жиынтығы көрініс табуда. 21-ғасыр өнерінде әртүрлі ағымдар біте қайнасып, олардың жеткізілуі әрқилы және кездейсоқ болып жатады. Көрмеге қойылған шығармалар суретші мен көрерменнің диалогына, олардың өзара белсенді іс-әрекетіне есептелген. Болашаққа жарқын сеніммен қарайтын Мұратбаев шығармаларының қарама-қайшылығы мен философиялық ой тұнған Қожамқұловтың жұмыстары Қазақстанның қазіргі заманғы өнерінің көпқырлылығын мейлінше ашып, көрермен қызығушылығын арттыра түседі.

Көрменің ашылуында құттықтау сөз сөйлегендер: Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік музейі директорының орынбасары Бейбітқали Смағұлұлы Қақабаев, Алматы қалалық әкімдігінің өкілі Оңдасынова Мөлдір Убайдуллақызы, актёр, театр және кино режиссері, сценарист, педагог, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімұлы Әшімов, Дінмұхаммед Ахмедұлы Қонаевтың жиен қарындасы Серікбаева Жаннет Даулетқызы, Гузель Төлегенова – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, техника ғылымдарының докторы, кеңес және қазақ опера әншісі, КСРО халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бибігүл Ахметқызы Төлегенованың қызы,  қоғам қайраткері Амантай қажы, өнертанушы, ARTSPACE.kz көркем өнер галереясының кураторы Камилла Витальевна Ли, ҚР Суретшілер одағының төрағасы Жұбаниязов Өмірбек Орынбасарұлы. Ашылуында Гаухар Айтбетованың басшылығымен «Azia Classic» камералық дуэті өнер көрсетті.

Зульхайнар Қожамқұлов - суретші, мүсінші, педагог, философ, КСРО Суретшілер одағының мүшесі, NICOR «Әлем халықтарының өнері» Халықаралық Қауымдастығының еңбек сіңірген суретшісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері – заманауи қазақстандық өнер кеңістігіндегі белсенді жұмыс істеп жүрген суретшілердің бірі. Оның жұмыстарына терең философиялық мән тән. Суретшіні мәңгілік махаббат, өз еліне деген сүйіспеншілік тақырыбы толғандырады, ол адамның нәзік психологиялық реңктерін, рухани өмірінің астарын ашуға бағытталған тәсілдерді шебер меңгерген. Экспозицияда Қазақстанның көрнекті тұлғаларының – Дімұхаммед Қонаевтың, Нұрсұлтан Назарбаевтың, Бауыржан Момышұлының, Олжаса Сүлейменовтың, сондай-ақ қазақ эстрадасы мен киносының жұлдыздары Шәкен Аймановтың, Шәмші Қалдаяқовтың, Бибігүл Төлегенованың, Роза Рымбаеваның, Батырхан Шүкеновтың және басқа да көптеген тұлғалардың портреттері қойылған. Суретші өз кейіпкерлерін айқын сызықтармен, жарқын қарама-қарсы түстермен бейнелеген. «Бұл біздің ХХ ғасырдың – өзіміз өсіп-жетілген ғасырдың қаhармандары. Әрине, олар әлдеқайда көп – бәрін сала алмайсың. Мен өзім жақсы білетіндерді ғана таңдап алдым. Жекелей таныстығым болмаса да, олар мен үшін аса қымбат», - деп түсіндіреді суретші Зульхайнар Қожамқұлов

Абдуахат Мұратбаев - суретші, график, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, республикалық, шетелдік және облыстық көрмелердің қатысушысы. Ол 1981 ж. Шымкент көркемөнер училищесін және 2004 ж. Бішкек қ. Қырғыз педагогикалық университетін бітірген. Экспозицияға автордың жарқын кескіндеме жұмыстары қойылған. Оның шығармаларында қазақтың ұлттық образдары модернизм ағымымен үйлесім тапқан. Суреттің әр бөлшегі маңызды және өз мәні бар. Абдуахаттың пікірінше, «нағыз құндылықтар дегеніміз бізді қоршап тұр және біз бір-бірімізге, табиғатқа қамқорлықпен қарайтын болсақ, ол да бізге сүйіспеншілікпен жауап қайтарады…»

Композициялық көрме екі бөліктен тұрады: кескіндемелік жұмыстар мен мүсіндік арт-объектілер. Әсіресе, Зульхайнар Қожамқұловтың музейдің кіреберісінде орналасқан, металдан жасалған «Бұқа» және Абдуахат Мұратбаевтың «Қуаныш», «Адам мен Ева» сәндік композициялары назар аудартады. Шығармалар айрықша көркем айқындылығымен ерекшеленеді, көркемдік пішіні жағынан қазіргі заман үшін көкейтесті болып табылады. Мұндай арт-объектілер түрлі ұлт пен дінге жататын, түрлі жастағы қала тұрғындары, қатары жыл санап көбейіп келе жатқан Қазақстан қонақтары мен саяхатшылар үшін тартымды жерге айналуы мүмкін. Олар әрдайым келушілердің қызығушылығын тудырып, авторлық ұжымның дарынын ғана емес, көкейтесті эстетикалық талаптарға сай келетін қазақстандық өнердің деңгейін де паш етеді.

Көрмеге 80 астам жұмыстар қойылған

Вернисаж "Мы - ваши современники" Вернисаж "Мы - ваши современники"
Вернисаж "Мы - ваши современники" Вернисаж "Мы - ваши современники"

Көрме 2018 жылдың 31 қазанына дейін жалғасады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде 2018 жылдың 7 қараша күні «Италия» білім орталығы және «Данте Алигьери» комитетімен бірлесіп итальяндық суретші Кармине Барбароның «Махаббат алмасы» атты мерейтойлық жеке көрмесі ашылды. Көрмені алғашқы болып музей директорының ғылыми жұмыстары жөніндегі орынбасары Ғалия Теміртон құттықтау сөзбен ашты. Одан кейін Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының студенті Жақсылық Гүлзина «Қазағым» әнімен ән-шашуын орындады. Одан соң ҚР Суретшілер Одағының көрмелер шығармашылығының хатшысы Маркович Юрии Эдуардович көрменің ашылуымен құттықтады. Содан соң көрменің авторы Кармине Барбаро мен жұбайы Шарбат Барбаро келген қонақтарға алғысын білдірді.     

Кармине Барбаро – Алматы қаласы мен біздің елімізге деген махаббатына өз өмірін, шығармашылығы мен ағартушылық қызметін арнаған Қазақстан Республикасына танымал суретші.

Көрменің «Махаббат алмасы» деп аталуы кездейсоқ емес, себебі Кармине символы алма болып табылатын Алматыда жиырма жылдан астам тұрып келеді. Мұнда ол Қазақстанды, оның адамдарын, жазық даласын, аса бай және көркем табиғатын жан-тәнімен сүйді; өз үйін тапты; итальян тілін үйрететін мектептің негізін қалады. Өзінің өмірге, адамдарға деген махаббатын ол шығармашылығы арқылы жеткізеді.

Кармине Барбаро өз идеялары мен ойларын түрлі жанрларда жеткізуге тырысатын жан-жақты адам. Ол станоктық және монументалды кескіндеме, графика, мүсін салаларында жұмыс істейді, сонымен қатар портреттер, натюрморттар және суреттер салады.

Екі әлем мен мәдениетте қатар өмір сүретін суретшілер аз емес, бірақ Жерорта теңізінің жұмсақ климатын қатаң құрлыққа ауыстыру – көпшіліктің таңданысын туғызатын ауыр таңдау. Сөйте тұра, ол өзі үшін мүлде жаңа әлем – қазақ мәдениетінің әлеміне шынайы қызығушылық танытып, оны түсініп қана қоймай, сезінуге құлшынады.

Оның өмірді тануға деген ынтызарлығы ауылдарға сапар шегуге, өзінің болашақ кейіпкерлерінің – қарттардың, әйелдердің жүздеріне терең үңілуге, табиғат ырғағына құлақ асуға итермеледі. Мәселен, «Үш әже» суреті кешкі ас – Ифтар (мұсылмандардың Рамазан айындағы «Ауызашар» рәсімін жасау үшін дастарқан басындағы кеш) үстінде салынған. Суретте үш адам бейнеленген. Кармине пластиканы, қозғалысты тосын жеткізген, түстердің ауысуын нәзік сезіне отырып, композицияға үйлесімді ырғақ бере білген. Осы шығарманың мысалында суретшінің гармонияны жақсы сезетіндігін дәстүрлі, ұлттық көркем өнер элементтерін әлемге қазіргі заманғы көзқараспен ұштастыра алғандығын көреміз. Кармине Барбаро бізге жаңа көзқарасымен, ерекше тағдырымен, итальяндық роматизм мен қазақы менталитетті сабақтастыра білгендігімен қызықты. Шебер бізге бұрыннан таныс және үйреншікті тақырыптар мен сюжеттерді жаңаша жеткізе алған.

Оның шығармашылығының негізгі қыры – өнердегі адамшылыққа ұмтылыс. Кармине Барбаро – ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, генуэздік суретшілер бірлестігінің мүшесі, профессор, Алматыдағы «Италия» Білім Орталығының директоры, «Данте Алигьери» комитетінің төрағасы, «Италия жұлдыздарының» еңбегі сіңген кавалері.

Көрмеге суретшінің әр кезеңде салынған 80-нен астам кескіндемелік шығармалары қойылған.   

«Махаббат алмасы» атты мерейтойлық жеке көрмесі «Махаббат алмасы» атты мерейтойлық жеке көрмесі
«Махаббат алмасы» атты мерейтойлық жеке көрмесі «Махаббат алмасы» атты мерейтойлық жеке көрмесі

Көрме 2018 жылдың 20 қарашасына дейін жалғасады.

2018 жылдың 11 қазанында сағ. 16.00 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі мен Қазақстан Республикасы Швеция елшілігі және Швеция институтымен бірлесіп театр және кино саласындағы шведтік көрнекті режиссер, жазушы-сценарист, «Оскар» сыйлығының үш мәрте иегері ИНГМАР БЕРГМАНның 100 жылдық мерейтойына арналған «Ингмар Бергманның өнер мен сән әлеміндегі мұрасы» атты мемориалдық көрмесін ашады.

Эрнст И́нгмар Бе́ргман 1918 жылы Швецияның Уппсала қаласында лютеран пасторы Эрик Бергман мен медбике Карин Бергманның отбасында дүниеге келген.

«Ингмар Бергманның өнер мен сән әлеміндегі мұрасы» атты мемориалдық көрмесіБергманның театр және кино өнеріне деген қызығушылығы ерте жастан-ақ қалыптасты. Оның алғашқы туындылары – өзі жасаған мультфильдерді Ингмар тоғыз жасында ағасы сыйлаған «сиқырлы шам» – проекциялық аппараттың көмегімен жасады. Он екі жасынан-ақ Бергман актерлік өнердің қыр-сырын тани бастады. Осы жастан бастап гимназияны бітіргенге дейін сиқырлы шамнан бөлек Ингмар өзі жасаған қуыршақ театрымен әуестеніп, ол үнемі жаңа декорациялар мен жарық беру жүйесін дайындап, театрдың жаңа нұсқаларын құрумен болды.

Бергман 1937 жылы Стокгольм университетінің колледжіне түсіп, әдебиет пен өнер тарихын оқи жүріп, бар уақыты мен денін жастар клубындағы театрдың қызметіне арнады.  

Бергман оқуын тәмамдаған соң штаттағы режиссер қызметімен қатар Хельсинборг (1943—1946), Гётеборг (1946—1950), Мальмё (1952—1959), Стокгольм (1961—1976), Мюнхен (1977—1984) және Стокгольм (1984—2007) қалаларындағы театрларда директор, көркемдік жетекші, көркемдік кеңесші қызметтерін алып жүрді.

Ингмар Бергман шығармашылығының негізгі тақырыптары – діннің тоқырауы, дәстүрлі отбасының құндылықтары мен тұлға қасиеттерінің әлсіреуі, адамдар арасындағы шынайы қарым-қатынасты іздеу. Бергман өз актерларының келбетін камераға ірі қалыпта алу арқылы адамның қоршаған әлем жайлы ішкі тебіреністерінің шындықпен беттескендегі кешкен сезімдерін жеткізді.  

89 жыл өмір сүрген режиссер 170 астам театр қойылымдарының авторы атанды, 60 астам көркем және деректі фильм түсіріп, олардың көбісінің сценарийін өзі жазды. Ингмар Бергман  кинофестивальдердің лауреаты атанды: «Канн» (7), «Венеция» (4), «Берлин» (2), Мар-дель-Плата (1), «Джиффони» (1); «АҚШ киносыншыларының Ұлттық кеңесі» (3), «Нью-Йорк киносыншыларының қауымдастығы» (3), «Аргентина киносыншыларының ассоциациясы» (1), «АҚШ киносыншыларының Ұлттық қоғамы» (5), «Канзас-Сити киносыншыларының Ассоциациясы», «Círculo de Escritores Cinematográficos» (1), «Франция киносыншыларының Синдикаты». «Сезар» (1), «Бодиль» (4), «Camerimage» (1), «Давид ди Донателло» (3), «Америка режиссерларының гильдиясы», «Европа киноакадемиясының», «Алтын қоңыз» (3), «Күміс лента» (5), «Юсси» (1), «Кинэма дзюмпо» (1), «Сант-Жорди» (1) сыйлықтарымен марапатталған.

Бергманның «Седьмая печать» (1957), «Земляничная поляна» (1957), «Персона» (1966), «Шёпоты и крики» (1972), «Фанни и Александр» (1982) атты картиналары әлемдік кинотуындылар қатарына енген.

Ингмар Бергман Форе аралындағы өз үйінде тоқсанға келген шағында басқа танымал кинорежиссер Микеланджело Антонионимен бір күнде 2007 жылдың 30 шілдесінде дүниеден өтті. Одан тараған тоғыз бала да негізінен мәдениет пен өнер қайраткерлері болып қалыптасты.

Экспозиция шебер шығармашылығының сән әлемі, музыка, театр мен биге қосқан үлесін көрсетіп таныстыратын фотоқұүжаттар мен қысқа метражды фильмдерден құралған.

Көрме 2018 жылдың 31 қазанына дейін жалғасатын болады.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source