18.05.2018 ж. «Музей түні-2018» атты іс-шарасы

авто

Переключатель языков

18.05.2018 ж. «Музей түні-2018» атты іс-шарасы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі 2018 жылдың 18 мамырында сағат 17.00-ден 24.00-ге дейін Халықаралық музейлер күні мерекесіне арналған «Музей түні» атты іс-шарасын өткізеді.

«Музей түні-2018» атты іс-шарасыІс-шараның биылғы жылғы ұраны – «Гиперкоммуникация дәуіріндегі музейлер».

Жыл сайын «Музей түні» акциясы тұрақты және де жаңа демеушілердің қолдауымен өткізіледі. «Музей түні-2018» іс-шарасының Бас демеушісі ретінде «RUSLAN BAIDALINOV PROMOTION GROUP» компаниясы танылып отыр.

«Музей түні» – Орталық музей 2006 жылдан бері жүзеге асырып келе жатқан халықаралық ірі әлеуметтік мәдени-білім беру жобасы. Дәл осы түні Музей түрлі жастағы, түрлі көзқарастағы адамдарды, түрлі ұлттар мен ұлыстарды тоғыстырып қана қоймай, көңіл көкжиегін кеңейтіп, төл мәдениетіміздің нәрінен сусындауға шақырады. Музей түнінің форматы жыл сайын өзгеріп отырады. Бұл жолы алматылықтар мен қала қонақтарына жаңа бағдарлама, оның ішінде музейдің қор коллекциясы негізінде құрылған көрмелер мен Қазақстан суретшілерінің авторлық жұмыстары қойылған көрмелер ұсынылады:

  • «Ұлы Жібек жолындағы ортағасырлық қалалар: қыш ыдыстағы ою-өрнектер (музей қорындағы керамикалық материалдар негізінде)» көрмесі Қазақстан аумағындағы қалыпталған және шыңдалған керамикалық бұйымдарды әшекейлеуде пайдаланылған түрлі өрнектер туралы мағлұмат береді.
  • «Жаңғырған мұра» көрмесінде музей зертханаларында қайта қалпына келтірілген зергерлік бұйымдар мен дәстүрлі белбеулер қойылады.
  • «Адам. Дәуір. Байланыс» көрмесінде ерте петроглифтерден бастап бүгінгі күнге дейінгі заттар мен байланыс құралдары таныстырылады.
  • «Руханият ескерткіштері» – үш діннің бірегей жазба ескерткіштерінің үлгілері: Таурат, Інжіл, Құран.
  • «Сағым. Пленэр. Ханшайымдар ойыны» көрмесінде суретші Анна Маргацкаяның қолынан шыққан кескіндеме, акварель, керамикалық бұйымдар ұсынылған.
  • «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бөлігі – бестомдық іргелі «Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі» ғылыми-этнографиялық энциклопедиясының толықтырылған екінші басылымының тұсаукесері кештің көркін келтірері хақ.  

Күні бойы өтетін ИНТЕРАКТИВТІ ЭКСПОЗИЦИЯЛАР аясында келушілер өткен дәуірлер тарихынан бастап қазіргі жаңашылдықтарға дейінгі мағлұматтарды алып, қызғылықты уақыт өткізеді:

  • «Ән атасы – Әміре» әдеби-музыкалық музейлік сабағы көрнекті қазақ әншісі Әміре Қашаубаевтың өмірі мен шығармашылық жолымен таныстырады. Сабақ Абай атындағы Республикалық мектеп-интернаты, «Көкіл» музыкалық мектебі, А.Жұбанов атындағы музыкалық мектептің қатысуымен ІІ экспозициялық залда өтеді.
  • «Әжемнің сандығындағы заттардың тарихы» саяхат-ойыны арқылы қазақтардың тұрмыс-тіршілігі таныстырылады. Сұқбат құру, тақырыптық тапсырмаларды орындау және ойын тәсілдерін қолдану арқылы музей көңіл көтеру орны ғана емес, жадыны дамытып, шығармашылық алаңына айналады. Өтетін орны: ІІ экспозициялық зал.
  • «Ортағасырлық керамикадағы бейнелі өрнектер: қазіргі көзқарастар» интерактивіне қатысушылар керамикалық бұйым және сәулеттік қаптауыштағы әшекейлеу элементтерін сурет бетіне немесе тұзды қамырдан жасалған бұйымдарға түсіру мүмкіндігіне ие болады. Өтетін орны – I экспозициялық зал;
  • «Белгілі заттың белгісіз қырлары» (қазақтардың сирек кездесетін тұрмыстық заттары) және «Жаңылтпақ» қазақ ұлттық ойыны.
  • «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер». Шебер әже мен келіні қазақ халқының салт-дәстүрлері мен мейрамдары, бала тәрбиесі, ұлттық ойындар және басқасын айтып түсіндіреді. Өтетін орны: ІІ экспозициялық зал.

Мереке күні келушілерге І, ІІ, ІІІ, ІV залдар – «Палентология және археология», «Тарихи этнография», «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан және Диаспоралар мәдениеті», «Тәуелсіз Қазақстан» залдарына тегін кіріп, экскурсия тыңдау мүмкіндігі беріледі.

       Мерекелік кешті белгілі шоумендер – ДАНИЕЛЬ ДЖЕЙМС, ТІЛЕУХАН ОМАРХАН, РУСЛАН БАЙДАЛИНОВ жүргізеді.

 

БАҒДАРЛАМА

ҚР Мемлекеттік орталық музейі баршаңызды 18 мамыр күні сағат 17.00-ден түн жарымына дейін күтеді!

Кіру тегін.

Night in Museum-2018 Night in Museum-2018
Night in Museum-2018 Night in Museum-2018
Night in Museum-2018 Night in Museum-2018
 Night in Museum-2018  Night in Museum-2018
 Night in Museum-2018  Night in Museum-2018

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source