02.06.2018 ж. Халықаралық балалар күніне арналған жыл сайынғы «Жаз - 2018» қайырымдылық іс-шарасы

авто

Переключатель языков

02.06.2018 ж. Халықаралық балалар күніне арналған жыл сайынғы «Жаз - 2018» қайырымдылық іс-шарасы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі 2018 жылдың 2 маусымында Халықаралық балалар күніне арналған жыл сайынғы «Жаз - 2018» қайырымдылық іс-шарасын өткізді.

«Алтын-көл» Ана мен баланы қорғау Қайырымдылық қорының (директор – Чекменева Ольга Геннадьевна) қамқорлығындағы балалардың жаз маусымы 16 жылдан бері Орталық музейден басталады.

Бұл жылы балаларға арналған құттықтаулар, ойындар, байқаулар мен лотереялардан құралған қызғылықты бағдарлама дайындалды. Балалар мен ата-аналарды Ортаық музейдің өкілдері, іс-шараның тұрақты серіктесі – «Бақыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығы, диджей «Радуга», «Алтын–Көл» қорының директоры құттықтады. Клоун Илья Бабочкин балалар мен ересектерді қатар ойнатып, шарлар сыйлады. Кішкентай Зинаида Крутикова скрипкада ойнап, таңдай қақтырды. Ал ата-аналар «Жаз» сөзі нені әспеттейтінін еске алып жатқанда, балалар шапалақ ұрып, сыбырлап көмектеспекші болды. Дәстүр бойынша іс-шара ұтылмайтын лотереяларды ойнап, естелікке фотосурет алды.

leto-2018 leto-2018
leto-2018 leto-2018

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source