авто

Переключатель языков

Құрметті музей қонақтары! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық музейі 2019 жылдың 22 шілдесінде басталатын ағымдағы жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 3- экспозициялық залдың («Диаспоралар мәдениеті» және «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан») және 1- зал ("Археология және палеонтология") уақытша жабылуы жайлы хабардар етеді.

Құрметті музей қонақтары! Мерекелік күндердегі музейдің жұмыс істеу тәртібі: 6, 7 шілде -қалыпты кесте, 8, 9 шілде – демалыс.

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

25.10.2019 ж. Суретші-педагог Жұмаділхан Керімбектің «Ауыл – ел бесігі» атты жеке шығармашылық көрмесі.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінде суретші, ұстаз Жұмаділхан Керімбектің 60-жылдық және Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің 90-жылдық мерейтойына арналған «Ауыл – ел бесігі» атты жеке шығармашылық көрмесі ашылды.

Көрменің ашылу салтанатында директордың орынбасары Ғалия Теміртон, Академик Пралиев С.Ж., өнеріне жанашыр болып демеу көрсетіп жүрген суретшінің ағасы Керімбек Шатырхан Сарыбайұлы, Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің атынан профессор, техника ғылымдарының докторы, кәсіподақ ұйымының төрағасы Омарбекұлы Тіріболсын және көрменің авторы Жұмаділхан Керімбек сөз сөйледі. Сөз сөйлеушілер суретші Жұмаділхан Керімбек 1959 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Бірлік ауылында дүниеге келгенін атап өтті. Ж.Керімбек 1986 жылы Алматы қаласындағы Қазақ ауылшаруашылық институтының агрономия факультетін бітірген. Түркияда биология саласы бойынша докторлық диссертация қорғады (1998). Қазіргі уақытта ол Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде аға оқытушы болып қызмет атқарады.

Жұмаділханның көркем туындылары бұған дейін де бірнеше рет Орталық музей қабырғасында көрсетілді. Бұл жолы алматылықтар назарына суретшінің туған ауылына арналған еңбектерінің жаңа топтамасы ұсынылды. Ж. Керімбектің туған өлкесіне, еліне деген сүйіспеншілік сезіміне толы өнер туындылары қазақ этносының мәдениеті, салт- дәстүрі, әдет-ғұрпымен таныстырды. Суретшінің «Қара жорға», «Күннің батуы», «Алматы (Көктөбеден қарағандағы көрініс)», «Сәкіде», «Жазғы күн» сынды еңбектерінде ауыл тұрғындарының күнделікті тұрмыс-тіршілігі, ауыл табиғатының сұлулығы, сәйгүліктер шабысы, ұлттық мереке сәттері – бізге жақын да түсінікті, шынайы жағдаяттар бейнеленген. Оның «Таулар», «Машат 1 асуы», «Тау өзені», «Туған өлке», «Бұлақ басында» және т.б. шығармалары ен дала, тау қырқасы – туған өлкенің бай да әсем табиғатына деген сүйіспеншілігін аңғартады. «Күз», «Наурыздағы қар», «Жазғы кеш» сынды туындылары суретшінің жыл мезгілдері пейзажын бейнелеудегі шеберлігін көрсетеді. Оның пейзаждары бала кезінен жадында қалған қымбат дүниелер.  Оның дала, тау ландшафтна деген сүйіспеншілігі балалық шақтағы естеліктерден бастау алады. Суретшіге ауыл өмірі жақсы таныс, ол өзі өмір сүрген ортасын бейнелейді, шығармаларының шынайлығы да осыдан.

Жұмаділханның кескіндеме жанрындағы «Вальс», «Жігіттер биі», «Немере», «Сәкіде», «Музыка», «Қойлар»,  «Аңшылыққа» сияқты табиғатына жақын жұмыстарында өзі өскен ортадағы күнделікті тіршілік желісі – қымыз құйып отырған немесе отбасы-ошақ қасындағы әйелдер, жұмыстан кейін сәкіге жайғасқан жанұя мүшелері, мереке сәтінде билеп жүрген жастар бейнеленген. Түрлі материалдармен тәжірибе жасауға құштар суретші акрилді бояу, гуаш, тушь, майлы бояуды пайдалана отырып қозғалысқа, жарыққа толы ұмтылыс, жарқындық, бірегейлікті танытатын күрделі жанрлық композицияларды ұсынады. Оның түрік елінің көріністері топтамасындағы   ақ-қара түстерді ұтымды үйлестіре орындалған «Түркия жайлы естеліктер», «Селжүктердің Коня қаласы» сияқты мазмұндылығы, айшықтылығы және ұғымдылығымен екшеленетін графикалық жұмыстары да қызғылықты.

Үнемі шығармашылық ізденіс үстіндегі Жұмаділхан Керімбек Қазақ Ұлттық аграрлық  университетіндегі оқытушылық қызметімен шектелген емес, ол ғылыми еңбектермен қатар өлең жазумен әуестенді, педагогика саласы бойынша бірнеше ғылыми жарияланымдар, оқу-әдістемелік құралдардың авторы.

Экспозицияда суретшінің 90-нан астам аса тартымды жұмыстар, өзіндік ерекшеліктерімен бейнеленген туған жерге деген сүйіспеншілікке толы шығармалары ұсынылған.

Cуретші-педагог Жұмаділхан Керімбектің «Ауыл – ел бесігі» атты жеке шығармашылық көрмесі Cуретші-педагог Жұмаділхан Керімбектің «Ауыл – ел бесігі» атты жеке шығармашылық көрмесі
Cуретші-педагог Жұмаділхан Керімбектің «Ауыл – ел бесігі» атты жеке шығармашылық көрмесі Cуретші-педагог Жұмаділхан Керімбектің «Ауыл – ел бесігі» атты жеке шығармашылық көрмесі

Көрме 2019 жылдың 6- қарашасына дейін жалғасады.

 

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source