авто

Переключатель языков

Құрметті музей қонақтары! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық музейі 2019 жылдың 22 шілдесінде басталатын ағымдағы жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 3- экспозициялық залдың («Диаспоралар мәдениеті» және «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан») және 1- зал ("Археология және палеонтология") уақытша жабылуы жайлы хабардар етеді.

Құрметті музей қонақтары! Мерекелік күндердегі музейдің жұмыс істеу тәртібі: 6, 7 шілде -қалыпты кесте, 8, 9 шілде – демалыс.

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

26.04.2019 ж. «ХІ Оразбаев оқулары» дәстүрлі халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы.

Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік музейі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетімен бірлесіп 2019 жылдың 26-27 сәуірінде «Ұлы даланың жеті қыры және Еуразия археологиясының көкейтесті мәселелері» тақырыбымен «ХІ Оразбаев оқулары» дәстүрлі халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясын өткізеді.

Абдулманап Медеуұлы Оразбаев – танымал ғалым, археолог, педагог, далалық археологиялық зерттеулер әдістемесінің қазіргі заманғы қазақстандық мектебінің, сонымен қатар Қазақ ұлттық университеті археология, этнология және музеология кафедрасының негізін қалаушылардың бірі. А.М. Оразбаевтың ғылыми қызметі өмір бойы қола дәуірі тайпаларының материалдық мәдениеті және ежелгі көшпелілер ескерткіштері тарихымен байланысты өтті. Ғылыми зерттеулерінің 45 жылы ішінде ол Солтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясын басқарды (1954, 1960, 1961, 1964, 1965, 1967), Батыс Қазақстанда далалық іздеулермен айналысты (1968 г.). Академик Ә.Х. Марғұланмен бірлесіп 1957, 1961,1962, 1963, 1972, 1974 жж. Орталық Қазақстанда қазба жұмыстарын жүзеге асырды. Ол 1958, 1985–1988 жж. Шығыс Қазақстан, ал 1989-1990 жж. Семей археологиялық экспедицияларына басшылық жасады. А.М.Оразбаев Солтүстік Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштерінің кезеңге бөлінуін әзірлеп шықты.Ол Андронов мәдениетінің дамуындағы үш кезеңді атап көрсетті: федоровтық, алакөлдік, сондай-ақ замараевтық. Бұлардың әрқайсысынан ол дербес, өзіндік мәдениетті көрді.

Конференцияда келесі бағыттар бойынша мәселелер талқылау жоспарлануда:

  • Ежелгі және ортағасырлық Еуразия археологиясы;
  • Аса көрнекті археологтар жөнінде естеліктер мен толғамдар;
  • Археологиялық экспедициялардың дала материалдары;
  • Археологиядағы қазіргі заманғы әдістер мен тәсілдемелер;
  • Тарихи-мәдени мұраны зерттеу, сақтау, музеефикациялау әдістері;
  • ЖОО-да археологияны оқытудағы жаңа тәсілдемелер мен инновациялық әдістер;
  • Археологиядағы пәнаралық әдістер.

Конференция жұмысына отандық және шетелдік мамандар қатысады: археологтар, этнографтар, тарихшылар, мәдениеттанушылар, сонымен қатар музей ісінің мамандары мен ЖОО оқытушылары.

Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, ағылшын, орыс. ( «Таңбалы» мемлекеттік музей-қорығында 2019 ж. 27-сәуірде дала семинарын өткізу жоспарланған)

Өткізу орны: Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік музейінің кинозалы (Алматы қ., Самал-1 ы/а, 44-үй).

Конференцияға қатысушыларды тіркеу: 09.00 – 10.00.

«Өткеннің жаңғырған куәлары» көрмесінің ашылуы: 10.00.

Конференция жұмысының басталуы: 10.30

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source