авто

Переключатель языков

Құрметті музей қонақтары! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық музейі 2019 жылдың 22 шілдесінде басталатын ағымдағы жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 3- экспозициялық залдың («Диаспоралар мәдениеті» және «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан») және 1- зал ("Археология және палеонтология") уақытша жабылуы жайлы хабардар етеді.

Құрметті музей қонақтары! Мерекелік күндердегі музейдің жұмыс істеу тәртібі: 6, 7 шілде -қалыпты кесте, 8, 9 шілде – демалыс.

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

15.05.2019 ж. Батик өнерінің шебері Жанар Нүкетаеваның «Менің Жібек жолым» атты жеке көрмесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде 2019 жылдың 15 мамыр күні сағат 15.00-де батик өнерінің шебері Жанар Нүкетаеваның «Менің Жібек жолым» атты жеке көрмесі ашылады.

Жанар Нүкетаева - психолог, философия ғылымдарының кандидаты, Ленинград Мемлекеттік университетінің түлегі.

Батик өнерінің шебері Жанар Нүкетаеваның «Менің Жібек жолым» атты жеке көрмесіОл дипломат күйеуімен бірге өмірінің басым бөлігін Ливия, Мысыр, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірлігі, Ұлыбритания елдерінде тұрды. Шығармашылық жолын да шетелде жүріп бастады. Ал 2003 жылы Сауд Арабиясында Индонезиялық шебер Палупимен танысып, француздық «суық батик» жасау техникасын меңгереді. Жанар үнемі шығармашылық ізденіс үстінде. Батик жасау бойынша білімін Пәкістан, Шри Ланка, БАӘ шеберлерінен сабақ алып шыңдаған. Сол себепті де оның туындылары өзіндік бірегейлігімен ерекшеленеді. Жанар жасаған батиктерден түстердің жеңіл үйлесімін байқауға болады. Картиналардың тақырыптары да нәзік – «Мың бір түн», «Көгілдір алқаптағы бәйшешектер», «Жұмақ құстары», «Лотос гүлі». Жанардың жұмыстарынан өзі тұрған көптеген елдердің мәдениетін, дәстүрін аңғаруға болады. Ол батик жасаудың ыстық және суық техникасын сондай-ақ, жібек маталар (жапондық, қытай және т.б.), бояу құралдары мен арнайы бояуларды жиі пайдаланады. Оның өз ісіне берілгендігі сондай, бос уақытын батик, оригами, табиғи тастардан әшекейлер жасауға жұмсайды.  

Ж. Нүкетаева жібекті бейнелеумен қатар, космоэнергетика саласының магистрі атағын және Рейк шебері деңгейін алған. Қазіргі уақытта Жанар адам санасын рухани тазартуға негізделген «Тета хилинг» техникасымен де айналысып жүр. Ол өзін басқа да салалар бойынша шыңдауда атап айтсақ, әлем халықтарының ұлттық тағамдары туралы кітап жазуда, қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы кітапшалар дайындауда. Жібекке өрнек салу шебері Жанар Нүкетаева шын жүрекпен, таза ниетпен өзінің Жібек жолындағы шығармашылық әлемінде қалықтап жүр.

Бұл батик шеберінің алғашқы көрмесі. Онда 50-ден аса батик техникасымен жасалған картиналар мен авторлық зергерлік бұйымдар қойылады.

Көрменің ашылу күнінде Қазақстан Республикасындағы Индонезия Елшісі Рахмат Прамоно мырза сөз сөйлейді. Сондай-ақ, Пәкістандық әртістер және Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері өнер көрсетеді.

22 мамыр күні 15.00 сағат Жанар Нүкетаева батик жасау техникасы бойынша тегін шеберлік-сабағын өткізеді.

Көрме 2019 жылдың 31 мамырына дейін жалғасады

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source