авто

Переключатель языков

17.03.2016 ж. Көктем мерекесі Наурызға орай «Алматы - Жер бетіндегі әсем қала» атты балалар шығармашылығының көрмесі.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі (одан әрі ҚР МОМ) жыл сайын мүмкіншіліктері шектеулі, бірақ  қабілеттері шектеусіз дарынды балаларды қолдау мақсатында балалар шығармашылығының көрмесін ұйымдастыруды игі дәстүрге айналдырды. Бұндай іс-шаралар балардың өнерпаздық қырларын ашып, мәдениет арқылы әлемнің кереметтеріне қол жеткізуге мүмкіндік беріп қана қоймай, өз еліне деген сүйіспеншілігі мен отансүйгіштік қасиеттерін арттыра түседі. Ұстаздар балаларды шығармашылық ойлануға үйретіп, сан алуан бояуларды пайдалана отырып, бейнелеу өнерінің өзгеше әлеміне бойлай отырып, керемет туындылар жасауға көмектеседі. 

17 наурыз күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Алматы қаласының 1000 жылдығына арналған, көктем мерекесі Наурызға орай «Алматы - Жер бетіндегі әсем қала» атты балалар шығармашылығының көрмесін ашты. Көрме «UCMAS KAZAKHSTAN» ментальды арифметика Халықаралық балалар орталығы және Марат Оспанов атындағы қоғамдық қормен  бірлесіп ұйымдастырылып отыр.

Көрме экспозициясына мүмкіншіліктері шектеулі балаларға арналған 11 оқу орындарындағы (№ 1,2,4,5,6,7,9,10 арнайы түзету мектеп-интернаттары, №15 шипажай сауықтыру мектеп-интернаты, №17 жалпы білім беретін мектеп-интернат, «Жанұя» тәрбие мектебі, 3 балалар үйінің тәрбиеленушілері және SOS балалар ауылы) жас дарындардың 300-ге жуық  жұмыстары (суреттері мен қолдан жасалған бұйымдары) қойылады. Олар өз шығармаларында «Алматы қаласының символдары», «Пейзаждар», «Қаладағы сәулет ғимараттар, көрікті орындар мен ескерткіштер»,  «Алматы қаласының келешегі» атты  4 тақырып бойынша жасады. Өз жұмыстарында түрлі техникалар мен материалдар қолданған: бейнелеу өнерінде – пастель, тушь, акварель, гуашь, қарындаш, фломастер, аралас техника; сәндік қолданбалы өнерде – керамика, ағашқа ою салу, батик, декупаж, майда моншақ, оригами, аппликация және т.б.

Балаларға арналған көрменің ашылуы салтанатты түрде музей холлында өтті. Көрмеге қатысушылар мен қонақттарды ҚР МОМ ғалым хатшысы – Ғалия Теміртон, Марат Оспанов атындағы қоғамдыққордың президенті - Оспанова Бахыт Ахметқалиқызы, «UCMAS KAZAKHSTAN» ментальды арифметика Халықаралық балалар орталығының дамыту бойынша директоры -  Жылқыбаева Гүлназия Сейтқызы, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, танымал өнертанушы – Жұмағұлова Мария Төлегенқызы құттықтап, өз тілектерін білдірді.  Құттықтаушылардың барлығы көрмеге қойылған жұмыстардың бірегейлігін, балалар өз жұмыстарында қолданған түстердің, түрлі материалдар мен техниканың жоғарғы деңгейде тандалғанын атап өтті.   Оларға денсаулық және шығармашылық  табыс тіледі.

   Балалардың қатысуымен өткен концерттік бағдарлама қонақтарға шаттық сыйлады.  Интеллектуалдық дамуы бұзылған балаларға арналған № 6 арнайы (түзету) мектеп-интернат (көзі нашар көретін)оқушыларынан  құрылған ұлт аспаптар оркестрі «Балбырауын» күйін орындады, ал «На крыльях Ориона» атты Халықарылық байқаудың Бас жүлде иегері Ерхат Тәжібаев «Қазақстан» атты өлең шырқады. Арнайы осы мереке үшін естімейтін балаларға арналған №5 арнайы (түзету) мектеп-интернатының оқушылары ыммен «Алматының күндері-ай» әнін дайындаған. Мерекелік концерт Еркен Шакеевтің «Менің Қазақстаным» атты әнімен  аяқталды.  

Көрменің қазылар алқасы Қақабаев Бейбітқали Смағұлы - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музей директорының мәдени-білім жұмысы және сыртқы байланыстар жөніндегі орынбасары, Ғалия Теміртон – ҚР МОМ ғалым хатшысы, Оспанова Бахыт Ахметқалиқызы - Марат Оспанов атындағы қоғамдық қордың президенті, Әбдікәрім Күнсұлу – «Бахыт» сәндік-қолданбалы орталығының вице-президенті, Досимов Бахытжан – Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, Кущенко Анна Викторовна – ҚР МОМ Мәдени-білім жұмысы орталығының жетекшісі, Шанин Болат Қасымханұлы -  Алматы қаласы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» этномәдени бірлестігінің бөлім басшысы, Жұмағұлова Мария Төленқызы – Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, өнертанушы. Қазылар алқасы «Алматы қаласының символдары», «Пейзаждар», «Қаладағы сәулет ғимараттар, көрікті орындар мен ескерткіштер»,  «Алматы қаласының келешегі» атты 4 номинация бойынша жеңімпаздарды анықтады. Нәтижесінде қазылар алқасы 34 жеңіпазды анықтады,  I орын (7 номинация бойынша);  II орын (13 номинация бойынша); III орын (15 номинация бойынша). Іс-шараның ұйымдастырушылары жеңімпаздарды дипломдармен марапаттады, «Бостан» компаниясы сыйлықтар ұсынды, ал балалардың жетекшілеріне алғыс хаттар берілді.    

Балаларға арнап бейнелеу өнері бойынша Қазақстан суретшілер одағының мүшелері Тамара Владимировна Волкова мен Досымов Бахытжан,  «UCMAS KAZAKHSTAN» ментальды арифметика Халықаралық балалар орталығы шеберлік-сабақтарын өткізді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің «Алматы – Жер бетіндегі әсем қала» атты жобасы музейдің мәдени-білім жұмысына деген оқушылар мен оқытушылардың қызығушылығын  оятты.

Аталмыш мерекеге «Лимонадофф», «Бостан» компаниялары, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының қоры және «Бахыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығы қолдау көрсетті.


Выставка детского творчества

 «Алматы қаласының символдары» номинациясы

1 орын. Лебедев Роман. 15 жас. «Түс киіз». Интеллектуалдық дамуы бұзылған балаларға арналған №7 арнайы (түзету) мектеп-интернаты

Выставка детского творчества

 «Алматы қалаының символдары» номинациясы

1 орын. Суханова Виктория. 15 жас. «Алматы қаласының 1000 жылдық тарихы». Фетр, бисер, пластик.  «№1 Балалар үйі» КММ

Выставка детского творчества

«Қаладағы сәулет ғимараттар, көрікті орындар мен ескерткіштер» номинациясы

1 орын. Аманжолова Индира. 16 жас. «Біздің қаламыздың арманы». Майлы бояу. «№1 Балалар үйі» КММ

Выставка детского творчества

«Қаладағы сәулет ғимараттар, көрікті орындар мен ескерткіштер» номинациясы

1 орын. Сериков Санжар. 13 жас. «Тары түю». Фанера. «№15 Арнайы шипажай мектеп-интернаты» КММ

Выставка детского творчества

«Пейзаждар»

1 орын. Мажитов Алишер. «Қыз куу».  "№1 Балалар үйі» КММ

 

Выставка детского творчества Выставка детского творчества 

«Алматы қаласының болашағы» номинациясы

1 орын. Бекетов Арсланбек «Алматы болашақта». Түрлі-түсті қарандаштар.  « № 15 арнайы шипажай мектеп-интернаты» КММ

  «Пейзаждар» номинациясы

1 орын. Аманжолова Индира. 16 жас. «Тұмар». Киіз. «№1 Балалар үйі» КММ

Көрме 2016 жылдың 31 наурызына дейін жалғасады.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source