авто

Переключатель языков

21.12.2016ж. ЮНИСЕФ-тің 70 жылдығына арналған «Әр балаға 70 жыл бойы қызмет» атты республикалық балалар байқауының көрмесі

2016 жылдың 21 желтоқсан күні сағат 14:30-де Қазақстан Республикасы Мемлекетік орталық музейі, БҰҰ балалар қоры және ЮНЕСКО Қазақ Ұлттық Федерация клубы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен ЮНИСЕФ-тің 70 жылдығына арналған «Әр балаға 70 жыл бойы қызмет» атты республикалық балалар байқауының көрмесін ашады.

UNICEF-70

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейі мәдени - білім жұмысы аясында кәсіби суретшілердің көрмесімен қатар балалар шығармашылығына арналған көрмелерді өткізуді дәстүрге айналдырды.

Байқаудың негізгі мақсаты балалар құқығын қорғау саласындағы ЮНИСЕФ-тің қағидалары мен арман-мұраттарын, сонымен қатар жастардың өз ойларын сан алуан шығармашылық арқылы дамытуды қолдау болып табылады. Дарынды балаларды анықтау және ынталандыруға аса назар аудару арқылы, ұйымдастырушылар еліміздің әр жас азаматына мейірімділік пен түсіністікке негізделген бейбіт қоғамды қалыптастырудың маңыздылығын жеткізуді мақсат етіп қойды.

Көрмеге «Әр балаға 70 жыл бойы қызмет» атты байқауға қатысқан, еліміздің түрлі қалаларынан келген балалардың 70-ке жуық өнер туындырлары қойылады.

Іс-шара барысында «Бала құқықтары», «Балаға мейірімді Қазақстан», «ЮНИСЕФ балалар бейбітшілігі үшін» және «Үздік видео ролик» атты төрт номинация бойынша 500 қатысушының ішінен жеңімпаз деп танылған жастарды марапаттау рәсімі өтеді.

Сонымен қатар, іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және ЮНИСЕФ-тің 70 жылдығына арналған «Қазақстанның балалары - Әлем балалары» атты альбомның тұсаукесері өтеді.

Көрме 2016 жылдың 27 желтоқсанына дейін жалғасады.

Unicef-70 (pictures of children) Unicef-70 (pictures of children)
Unicef-70 (pictures of children) Unicef-70 (pictures of children)
Unicef-70 (pictures of children) pUnicef-70 (pictures of children)

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source