авто

Переключатель языков

27.03.2016 ж. «Жапон мәдениеті фестивалі»

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Қазақстан Республикасындағы Жапония елшілігі және Қазақстан-жапон адам қорларын дамыту орталығы «Жапон мәдениеті фестивалі» 2016 жылғы 27 наурызда 14-00-ден 18-00-ге дейін өтеді.

День япоской культурыҚазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі он жылдан астам уақыт бойы Қазақстан Республикасындағы Жапония Елшілігімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп келеді. Музейде ғылыми және мәдени қауымдастықтың үлкен қызығушылығын тудырған «Жапония қуыршақтары», «Кимоно шебері Итику Кубота көзқарасындағы әлем», «Хиросима и Нагасаки туралы естелік», «Исекатагами» өнері шеберлері картиналарының көрмесі сынды шаралар ұйымдастырылды. Жапон мәдениеті фестивалінің музейде өтуі дәстүрге айналды.

Фестивальге келушілер мәдени дәстүрлер және өнердің заманауи түрлері, музыка, би, жапондық асхана және жаңаша технологиялармен таныса алады. Шара ұйымдастырудағы мақсатымыз – мәдени ынтымақтастықты нығайту, байланыстарды дамыту және өзара түсіністікті тереңдету, сонымен бірге Алматы тұрғындары мен қонақтарын Күншығыс елінің салт-дәстүрімен таныстыру болып табылады.

Бағдарламаға жапондық жауынгерлік өнер көрсетілімі, тайко жапондық дабылдарында ойнайтын «Ооэдодайко» дабылшылар тобының өнер көрсетуі кіреді. 

Фестиваль қонақтары шеберлік сабақтарында оригами, исекатагами (текстильді бояуға арналған қағаз трафареттерді дайындайтын жапондық қолданбалы өнер түрлері), кирие, фурошики және т.б. танысып, иероглифтерді жазу мен дәстүрлі жапондық тағам дайындауды, шәй құю рәсімінде дұрыс шәй құюды, кендама жапондық дәстүрлі ойынын үйренеді.

Фестиваль шығыс елі дәстүрлерінің байлығы мен көптүрлілігін паш етіп, елдеріміз арасындағы өзара түсіністік пен достық қалыптасуына ықпал етеді.

ҚР Мемлекеттік орталық музейі және Жапония елшілігі Сіздерді «Жапон мәдениетінің фестивліне» шақырады.

Барлық БАҚ өкілдері Фестиваль ашылуына шақырамыз.

Байланыс телефондары: ҚР Мемлекеттік орталық музейі: 2644650, 2645566. Қазақстан-жапон адам қорларын дамыту орталығы: 3771339, 3771344, 3771345

Фестивальге кіру ақысы: ересектер үшін – 300 теңге, студенттер –  200 теңге, зейнеркерлер – 150 теңге, оқушылар – 100 теңге.   

Day of Japan Culture Day of Japan Culture
Day of Japan Culture Day of Japan Culture
Day of Japan Culture Day of Japan Culture

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source