авто

Переключатель языков

15.12.2016 ж. Халықаралық «Christmas Art Fair-2016» атты бейнелеу өнері көрме-жәрмеңкесі

2016 жылдың 15-18 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінде Алматы қаласындағы «Творческие сезоны» компаниясының ұйымдастыруымен Орталық және Орта Азиядағы ең ірі Халықаралық «Christmas Art Fair-2016» атты бейнелеу өнері көрме-жәрмеңкесі өтеді.

christmas-art-fair-2016Жарқын Жаңа жыл мерекесі барша жұртшылыққа ғажайып ертегі әлемінің сиқырлы ләззатын сыйлайды. Мол шаттық шуағын төгіп, сән-салтанат, ойын-сауық думанына бөлейді. Музей және «Творческие сезоны» компаниясы бірігіп бейнелеу өнері көрме-жәрмеңкесін өткізіп келеді. Бейнелеу өнері көрме-жәрмеңкесін өткізу Қазақстан мен басқа шет мемлекеттің суретшілері, шеберлері мен өнерді бағалаушылар үшін игі дәстүрге айналды. Көрме-жәрмеңкеде жұртшылық Қазақстан, Ресей, Украина, Грузия, Латвия, Германия, Болгария және Жапониядан келген 300-ден аса дизайнер, суретші, шығармашылыққа құштар өзге де өкілдердің тартымды бұйымдарымен таныса алады. Көрмеде Ресей суретшілері: Петр Фролов және Наталья Тур, киім дизайнері Ольга Лебедева, суретші-қуыршақшы Анастасия Елисеева, Ресей Суретшілер Одағының мүшесі Татьяна Задорина шығармаларын, «Территория дизайна» компаниясы өзінің сәндік зергерлік бұйымдарын ұсынады. Сонымен қатар, көрме-жәрмеңкеге Мария Айтқалиева ұсынған әшекей бұйымдар, киім-кешек пен керек-жарақтар, интерьерлік заттар, авторлық карамельдер, тоқаштар, шоколад пен пісірілген түрлі тәттілер, шырша ойыншықтары, қуыршақтар, нәзік жібектер, жылы авторлық киізден жасалған заттар, фарфор, әйел сөмкелері, «Саквояж» командасының авторлық керамикалық заттары, Кочетковтар отбасының сәндік танамоншақтары, эко-косметика және т.б. қойылады.

Бейнелеу өнері көрме-жәрмеңкесі аясында жиһаздардың дизайнын қайта жасау бойынша Декоратор-қалпына келтірушілер мектебі мен Тігін машиналарының үйі жаңа жылдық шеберлік-сабақтарын өткізеді.

Музейге келушілер көрме-жәрмеңкеден өздеріне және жақындарына шаттыққа бөлейтін сәнді, қайталанбас Жаңа жылдық әсем сыйлықтар мен кәдесыйлар сатып алумен қатар мерекелік көңіл-күйге бөленеді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі мен «Творческие сезоны» компаниясы Сіздерді Халықаралық «Christmas Art Fair-2016» көрме-жәрмеңкесін тамашалауға шақырады.

Көрме-жәрмеңкенің ресми ашылуы: 2016 ж. 15 желтоқсан, сағат 13-00-де

Көрме-жәрмеңкенің жұмыс уақыты: 15 - 18 желтоқсан, сағат 9.00-18.00-ге дейін

Көрме-жәрмеңкеге кіру ақылы

Christmas Art Fair 2016 Christmas Art Fair 2016
Christmas Art Fair 2016 Christmas Art Fair 2016
Christmas Art Fair 2016 Christmas Art Fair 2016

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source