02.10.2020 ж. "Акварельді фреш" көрмесі
2020 жылдың 2 қазанынан 16 қазанына дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде Қазақстан Республикасы Суретшілер одағымен бірлесіп "Акварельді фреш" көрмесі өтеді.
Аталмыш көрмеде Қазақстандық үздік акварельшілері Елена Иоктон, Абай Чунчалинов, Анна Петракова, Лидия Дроздова, Светлана Кравченко, Оксана Шольц, Елена Попова, Олена Коломыцева, Наталья Дубовая, Перизат Есназарова, Дина Гаитова, Максим Ведерников, Игорь Баграмов, Руслан Абрафиков, Ольга Салькова, Кулбатыров Рашид, Канағат Кодеков, Камила Лаптева-Тулешова, Дәурен Қастеев, Рауан Сүлейменов, Мұхтар Сыздықов, Мақсат Қантарбаев, Майса Ықыласова, Төлеуғазы Байғалиев, Оразалы Жәнібек, Марлан Нысанбаевтың 100-ден астам картиналары музей кеңістігінде ұсынылады.
Акварель бояуы – кескіндемедегі күрделі әдістердің бірі. Акварель минималды құралдар мен максималды мәнерлікті қолдана отырып, әлемді барлық түстерде нәзік түрде көрсете алады. Бұл жеңіл, қозғалмалы кескіндеме, ол ерекше шеберлік пен шыдамдылықты қажет етеді.
Акварель техникасы суретшілер мен осы өнерді бағалаушылар үшін де әрқашанда ең тартымды болып қала береді. Тапқырлық пен батылдықтың арқасында қағаздағы кескіндеме пайда болады.
Көрмеде пейзаж, портреттер, натюрморттар, сюжеттік және дерексіз композициялар ерекше орын алады. Архитектуралық сюжеттер, этникалық мотивтер және адам өмірі - мұның бәрі акварель суретшілерінің жұмысында көрініс табады.
"Акварельді фреш" көрмесіне Қазақстанның түрлі қалаларынан келген дарынды суретшілердің акварель өнері туындыларының кең палитрасы ұсынылады.
Әр шығармада жоғары сапа белгісі бар, ал күрделі стиль әр суретшіні акварельдің бейнелеу өнерінде бөлек орынға қояды.