авто

Переключатель языков

15.02.2024 «Қазақ киносының жарық жұлдызы» мәдени-танымдық іс-шарасы өтеді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясымен бірлесе отырып, кинорежиссер, Қазақстан мен КСРО халық әртісі Шәкен Аймановтың 110 жылдығына арналған «Қазақ киносының жарық жұлдызы» мәдени-танымдық іс-шарасын ұйымдастырды.

Алғашқы сөз  ҚР Мемлекеттік орталық музейі директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ғалия Теміртонқызы мен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Сатыбалдыға берілді. Сондай-ақ Ш. Аймановтың шәкірттері, қазақ киносының шоқтығы биік тұлғалары Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов, Қазақстанның Халық әртісі Нұржұман Ықтымбаев сынды өнер қайраткерлері ұлттық театр өнері мен кино саласының қалыптасуына бүкіл ғұмырын арнаған Шәкен аймановтың өмір жолынан сыр шертіп, естеліктерімен бөлісті. 

Шара аясында ҚР Мемлекеттік орталық музейі қорындағы Шәкен Аймановтың фотоматериалдары, марапаттары, жеке заттарынан құрылған шағын көрме ұйымдастырылды. Көрмеден орын алған көрнекті экспонаттардың қатарында Ш. Аймановтың «Алдар көсе» фильміне түскенде қолына ұстаған асатаяғы, өзі шерткен домбырасы, шахмат тақтайшасы, түсірілім алаңында пайдаланған рупр, сондай-ақ 1970 жылы «Атаманның ақыры» фильмі түсірілген камера, киімдері, қаламсаптары мен үстел сағаты секілді  т.б ерекше жәдігерлер бар.

Шараға белгілі қоғам қайраткерлері, студенттер және БАҚ өкілдері қатысты.  

aimanov2024 aimanov2024-01
aimanov2024 aimanov2024
aimanov2024 aimanov2024

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source