авто

Переключатель языков

Орталық музейі 2019 жылдың 1 маусымнан 1 шілде аралығында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырмасымен түсірілген қазақ кино туындыларын назарларыңызға ұсынады. Толық ақпарат «Мәдени-білім жұмысы» айдарында.

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

27.03.2019 ж. Музыкатанушы-этнограф Александр Викторович Затаевичтің туғанына 150 жыл толуына арналған «ДАЛА ӘУЕНІНІҢ ІЗІМЕН» көрмесі.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі Польша Республикасының Алматыдағы Бас консулдығымен бірлесіп, музыкатанушы-этнограф, композитор, Қазақстанның халық әртісі Александр Викторович Затаевичтің туғанына   150 жыл толуына арналған «Дала әуенінің ізімен» көрмесін ашты.

Поляк халқының біртуар ұлы А.В.Затаевичті Қазақстанда «қазақ әнінің әкесі», дәстүрлі қазақ музыкасын жазу ісінің пионері деп атайды. А.В. Затаевичтің еңбегі арқасында қазақ халқының әндері мен аспаптық музыкалық мұрасы қағазға түсірілді. Сол заманда естіген дауысын қағазға белгі ретінде түсіретін, содан соң оны айнытпай орындап шығатын адам туралы аңыз халық арасында кең таралған еді. Ол Ертіс пен Орал, Қарқаралы мен Қызылорда, Бөкей даласын, Орынбор мен Жетісу бөктерлерін кеңінен аралап, ән-күйлерді нотаға түсірді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінің «Дала әуенінің ізімен» көрмесінде қала тұрғындары мен қонақтарының назарына музыкант-этнографтың жеке кешенінде сақталған фотоматериалдар, мақалалар, жинақтар мен кітаптар, түсініктемелер мен дала әуендерінің ноталық жазбалары ұсынылады. Олардың қатарында 1925 жылы Ә.Жангелдинге берген қолтаңбасы, «Қазақ халқының 1000 әні» (әндер мен әуендер), «Қазақтың 500 әні мен күйі» (әндер мен аспаптық пъесалар) жинағы, фотосуреттер ерекше атап өтуге тұрарлық. Сонымен қатар, қызы Ольга Затаевичтің Ахмет Жұбановқа жазған хатын және 1950 жылы академик А.Қ. Жұбанов жариялаған «А.В.Затаевич – қазақ халқының ән-күйінің бірінші жыйнаушысы» мақаласымен танысуға болады.

Көрменің мақсаты: рухани жаңғыру мен қоғамдық сананы жаңартуға бағытталған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының негізгі қағидаларын, «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласында айқындалған міндеттерді орындау шеңберінде тарихи-мәдени құндылықтар шоғырландырылған отандық музейлердің көпғасырлық мұрасының өзектілігін көрсету, қазақ халқының музыкалық мұрасын зерделеу, насихаттау және А.В. Затаевичтің шығармашылық және музыкалық мұрасын, сондай-ақ қазақ халқы үшін еткен еңбегін, оның тарихи-мәдени мұрасының рөлін таныту болып табылады.

Көрмеде Польша Республикасының Алматыдағы Бас консулдығының консулы Михал Богданович, Қазақ Ұлттық консерваториясының музыкалық білім факультетінің деканы Мусагулова Гульмира көрменің ашылуында сөз сөйледі. Көрменің салтанатты ашылуында Жүсіпбек Елебеков атындағы Республикалық эстрадо-цирктік колледжінің студенттері өнер көрсетті.

Музыкатанушы-этнограф Александр Викторович Затаевичтің туғанына   150 жыл толуына арналған «ДАЛА ӘУЕНІНІҢ ІЗІМЕН» көрмесі. Музыкатанушы-этнограф Александр Викторович Затаевичтің туғанына   150 жыл толуына арналған «ДАЛА ӘУЕНІНІҢ ІЗІМЕН» көрмесі.
Музыкатанушы-этнограф Александр Викторович Затаевичтің туғанына   150 жыл толуына арналған «ДАЛА ӘУЕНІНІҢ ІЗІМЕН» көрмесі. Музыкатанушы-этнограф Александр Викторович Затаевичтің туғанына   150 жыл толуына арналған «ДАЛА ӘУЕНІНІҢ ІЗІМЕН» көрмесі.

Көрме 2019 жылдың 30 сәуіріне дейін жалғасады.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source