авто

Переключатель языков

«МУЗЕЙ ТҮНІ- 2024» ІС-ШАРАСЫ АЯСЫНДАҒЫ OPEN SPACE
ӨТЕТІН КҮНІ: 2024 жыл, сағат 19.30
ӨТКІЗУ ОРНЫ: МУЗЕЙДІҢ 4 КӨРМЕ ЗАЛЫ (шеңбер)

ТАҚЫРЫП: «ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ БАЙЛАНЫСТАҒЫ МУЗЕЙ. ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ НАСИХАТТАУ».

afisha-open-SpaceМодератор – ғылыми жөніндегі директор орынбасары, философия ғылымының докторы PhD - Галия Темиртон

OPEN SPACE – креативті индустрия өкілдерінің, тарихшылардың, мәдениет мамандарының, өнер қайраткерлерінің, өнертанушы ғалымдардың, бизнес-қоғамдастықтардың, БАҚ өкілдерінің қатысуымен заманауи коммуникацияларды дамытудың өзекті мәселелерін талқылайтын диалог алаңы. мәдениет пен өнер, ынтымақтастық және бірлескен бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру аясында.

OPEN SPACE жұмыс бағыттары: 
• Музей кеңістігіндегі жаңа қарым-қатынас тәжірибесі
• Мәдениетті көтерудегі цифрлық технологиялардың рөлі
• Мәдениетаралық коммуникация: әлеуметтік-мәдени аспектілері
• Заманауи PR технологиялар: Интернет-медиа – әлеуметтік аспектілер
• Ғылыми байланыс: ғылыми институттар, оқу орындары, мәдениет 
мекемелері және басқа да ұйымдар
• Мемлекеттік-жекеменшік өзара іс-қимыл серіктестігі
• Ұлттық тарихты, мәдениет пен өнерді ілгерілетуге бағытталған бірлескен 
бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру
ҚАТЫСУШЫЛАР:

-   Абдулхамит Ысқақұлы Райымбергенов – Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясының доценті, өнертану кандидаты

-  Иран Ислам Республикасының Бас консулы – Мохсен Фагани
-  Этнодизайнер, «Зерлеу» техникасында жұмыс істейтін суретші – Айжан Әбдубаит 

- Әсия Хайрулина – суретші, ҚР суретшілер одағы секретариатының мүшесі

- ҚР суретшілер академиясының Вице -президенті - Марлан Нысанбаев;

- суретші , арт-блогер «Яблоневая палитра» суретшілер қауымдастығының жетекшісі – Лидия Дроздова

- Кодеков Қанағат Қалиұлы – «Қазақстандық бабалар аманаты этнографиялық дизайн одағы» президенті                  

- Өнертанушы, журналист – Мария Жұмағұлова
- Әсия Әбітаева – ALMALIFE.kz ақпараттық порталының директоры, «Жетісу Күші» ҚҚ құрылтайшысы

- Алматы қаласының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының жетекші сарапшысы - Ибрагимова Жанар Мырзабаевна, Адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы- Туребекова Жанар Мейрамовна

- ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қоғамдық келісім» этникаралық қарым-қатынастарды дамыту Комитетінің бас сарапшысы - Билялова Гульмира Кайсаровна               

   - «DARU UNIVERSITY  (басшысы, білім беру сарапшысы – Гүлиза Бөлекбаева, AI сарапшысы – Айдын Мұатхан; 
нейродизайнер және нейрондық желілер саласындағы зерттеуші – Риз Есентаев).

Қатысушылар үшін жасанды интеллект саласындаы атақты сарапшылардың қатысуымен ЕКІ ВОРКШОП өтеді:

  • AI сарапшысы Айдын Муатханның «Тұлғаны дамытуда жасанды интеллектті пайдалану» тақырыбындағы семинары. Қатысушылар AI құралдарының өзін-өзі дамыту мен оқуды қалай игергенімен таныса алады.
  • Нейродизайнер және нейрондық желілер саласындағы зерттеуші Риз Есентаев «Дизайн үшін нейрондық желілерді пайдалану» тақырыбында сессия өткізеді. Бұл семинар жасанды интеллекттің заманауи дизайн мен бейнелеу өнеріндегі әлеуетін көрсетпек.

ҚР Мемлекеттік Орталық музейі 2024 жылдың 17 мамыры күні сағат 18.00 - 23.00 аралығында Халықаралық музейлер күніне арнап «МУЗЕЙ ТҮНІ-2024» акциясын өткізеді. Бұл жылғы шара музейдің білім саласында алар орнын, өскелең ұрпақты тарих пен дәстүрді дәріптеу арқылы тәрбиелеу және ұлттық мәдениетті насихаттаудағы музейдің өлшеусіз үлесін айқындау үшін «БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУДЕГІ МУЗЕЙЛЕР» тақырыбында өтпек. Таңдалып алынған тақырып музейдің негізгі қызметінен бөлек тәрбие және білім беру саласын да қамтитын серпінді ғылым-білім орталығы екенін көрсетеді.

«МУЗЕЙ ТҮНІ-2024» акциясының демеушілері мен серіктестері: LUXE TABLEWARE   - Truffle Bee эксклюзивті дистрибьюторы, компании «CITIX» и «Барни», AlmaLife.kz, «DARU UNIVERSITY», Қазақстан Жазушылар одағы, ҚР Ұлттық кітапханасы, «Мектеп», «Arman-PV», «Көкжиек-Горизонт» баспалары.

17 мамыр күні ҚР Мемлекеттік орталық музейі тарихты, дәстүрлі мәдениет пен өнерді зерттеуге арналған білім беру және ғылыми зерттеу бағдарламаларын таныстырады. Білім беру, шығармашылық, зияткерлік стартаптар мен музейлік кластерлер және түрлі workshop үлгілері оқу-ағарту платформасы есебінде қолданылмақ. Сондай-ақ, мереке қонақтары Орталық музей қорындағы бағалы коллекциялардан тұратын жаңа көрмелермен таныса алады (ашылуы 19.00).

«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ЕСІМДЕРІ» - қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнері, білім беру саласы мен ғылымына өлшеусіз үлес қосқан ұлы тұлғаларға арналған көрме. Мұнда А. Құнанбайұлы, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынұлы, М.Тынышбаев, Қ.Сәтбаев, Ә.Марғұлан, Х.Арғынбаев, К.Әкішев, Ө.Жәнібеков, Б.Қожамқұлованың мұраларымен танысуға болады.

Дәл осы күні қазақ бейнелеу өнерінің бастауында тұрған ұлы суретшілер Ә.Қастеевтің 120 жылдық, Ү.Әжиевтің 100 жылдық, Н.Нұрмұхамедовтың 100 жылдық, С.Қожықовтың 100 жылдық, Г.Исмаилованың 95 жылдық мерейтойларына арналған «ҚЫЛҚАЛАМ ШЕБЕРЛЕРІ» көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

Мереке қонақтары «Дәстүрдің бет-бейнесі: Қазақстанның этникалық симфониясы» көрмесі арқылы Нағима Ибрашева, Ләйла Жарқын, Әсем Сүлейменова, Алтынай Байжанова, Динара Закарадзе сынды жаңа заман суретшілерінің шығармашылығымен таныса алады.

ҚР Орталық музейі «Музей түні» мерекесінің шеңберінде «МУЗЕЙГЕ СЫЙЛЫҚ -ҰРПАҚҚА МҰРА» акциясын жариялап, азаматтардан музейлік құны бар заттар мен отбасылық жәдігерлерді музей қорына тапсыруды сұрайды. Осы күні әнші А.Нұрмағанбетованың, күйші Қ.Жантілеуовтің, жазушы А.Мекебаевтың және т.б тұлғалардың жеке қорындағы құндылықтар Орталық музей қорына қабылданады.

«БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУДЕГІ МУЗЕЙЛЕР» тақырыбында өтетін жарқын, әрі әралуан бағдарлама музейдегі бұл түннің ерекшелігін айқындайды. Музей қонақтарына ұсынылатын жобалар мен бағдарламалар реті төмендегідей:

Сағат 16.00. Қазақстандық суретшілер мен Ә.Қастеев атындағы Өнер және дизайн мектебінің және «Ұмай» көркемсурет студиясы шәкірттерінің қатысуымен өтетін «Музей – тарих пен материалдық мәдениеттің сақтаушысы» музейлік пленері. (М.Нысанбаев, Л.Дроздова, М.Қаңтарбаев, Д.Гаитова, А.Бейшекеев, М. Ықыласова, М.Құлдыбаев, Р.Искаков, М.Гречкина, И.Гущин).

Қонақтарға «БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУДЕГІ МУЗЕЙЛЕР»» тарихи-танымдық маршрут ұсынылады. Шара барысында «Музейдің таңғажайып әлемі» саяхаты (балалар жүргізетін экскурсия), Қазақстан тарихы бойынша квесттер, «Мен қазақтың тарихын білемін» және «Ұлы Жібек жолының тарихы» викториналары ұйымдастырылады. 

Осы түні «Барни» компаниясы сағат 18.00-ден 22.00-ге дейін балаларды аю Барнимен бірге тарих әлеміне қызықты онлайн саяхат жасауға шақырады.

  • Қазақстан тарихы жайлы музейдің ғылыми қызметкерлері өткізетін ИНТЕРАКТИВТІ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЭКСПОЗИЦИЯЛАР мен ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ (18.00-23.00): «Көне заман көлеңкелерінің құпиялары», «Археологтың дала қосыны – археологтың пазлын құрастыр»; «Әлем халықтарының музыкалық аспаптары» (Қазақстан, Қытай, Моңғолия); «Каллиграфия – ғылым мен өнер түрінде»; «Алыс-жақын шетелдің ақша түрлері». Музейдің реставрация орталығының қызметкерлері қонақтарға музей заттарын, кескіндемелерді, керамика мен металлды, ағаш пен матаны, киізден жасалған бұйымдардың қалпына келтіруден ашық шеберлік дәрістерін өткізеді.
    • «МУЗЕЙЛІК ҒЫЛЫМИ ТӘЖІРИБЕЛЕР» КЛАСТЕРІ. Аталған шара аясында мектеп оқушылары, ЖОО және колледж студенттері «Инновациялық музей – болашақтың музейі» ғылыми-шығармашылық еңбектері мен бейнероликтерін таныстырады.
    • Ерекше жандарға арналған «Тактильдік жәдігерлер: қазақ халқының мәдениетімен танысу» жаңа инклюзивтік жобасының таныстырылу рәсімі. Жоба Qazaq-Оner Ұлттық қауымдастығының, Aigul Line брендінің негізін қалаушы әрі президенті А.Жансерікованың, О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік және қолданбалы өнер колледжі мен «Бақыт» сәндік және қолданбалы өнер орталығының қолдауымен жүзеге асырылады.
    • Көрермен назарына ұсынылатын «ОН САУСАҒЫНАН ӨНЕР ТАМҒАН» танымдық кластерінің аясында сәндік-қолданбалы өнер шеберлері, суретшілер мен изостудиялар, мектептер кескіндеме, қолөнер, шығармашылық пен каллиграфия бойынша шеберлік сабақтарын өткізеді. (қатысушылар: О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік және қолданбалы өнер колледжі, Т.Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясының колледжі, Абай атындағы ҚҰПУ, тігін машиналарының үйі, ҚХР Бас консулдығы мен Иран Ислам Республикасының Бас консулдығы, SANAT изостудиясы, Ажар Төлебаеваның ByART, «Творческое яблоко», Ә.Қастеев атындағы Өнер және дизайн мектебі, «Ұмай» көркемсурет студиясы, Толғынай өткізетін құрақ көрпе дәрісі, Оқушылар сарайы т.б).
    • Шара аясында «Әлеуметтік мәдениеттік коммуникация жүйесіндегі музейдің орны. Ұлттық мәдениетті насихаттау» OPEN SPACE форматындағы пікір алмасу алаңы жұмыс істейді (сағат 19.30 , 4 зал). Бұл ортада креативті индустрия өкілдері, тарихшылар, суретшілер, мәдениеттанушылар, дипломаттар, бизнесмендер, журналистер өзара әріптестік және мәдениет пен өнерді насихаттаудағы маңызды мәселелерді талқылайды. DARU университеті «Музейдегі AI: технология мен өнердегі революция» шарасының аясында музей экспонаттарына жан бітіру үшін жасанды интеллектті пайдалана отырып алдыңғы қатарлы озық технологиялардың әлеуетін көрсетпек.

DARU сағат 20.00 – 21.00 аралығында (музейдің 4-ші залы) жасанды интеллект саласындағы танымал сарапшылардың қатысуымен екі бірдей семинар ұйымдастырады. Бағдарламада:

1. AI сарапшысы Айдын Муатханның «Тұлғаны дамытуда жасанды интеллектті пайдалану» тақырыбындағы семинары. Қатысушылар AI құралдарының өзін-өзі дамыту мен оқуды қалай игергенімен таныса алады.

2. Нейродизайнер және нейрондық желілер саласындағы зерттеуші Риз Есентаев «Дизайн үшін нейрондық желілерді пайдалану» тақырыбында сессия өткізеді. Бұл семинар жасанды интеллекттің заманауи дизайн мен бейнелеу өнеріндегі әлеуетін көрсетпек.

  • Түнгі уақытта қонақтар назарына «Кездесу орны - музей» қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі және үздік дизайнерлер мен колледж студенттері ұсынған дефиле-таныстырылымы ұсынылады (қатысушылар: дизайнер, суретші Айжан Абдубаит, О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік және қолданбалы өнер колледжі, Алматы сән және қызмет көрсету саласы колледжі, «Сымбат» сән және дизайн академиясы, Т.Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясының колледжі).
  • Кеш барысында өтетін концерттік бағдарлама қонақтар алдында ҚР Халық артистері, мемлекеттік оркестрлер, музыкалық және шығармашылық ұжымдар мен ансамбльдер (Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы, «Қазақстан камератасы», Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық халық аспаптары оркестрі, Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрадалық-цирк колледжі, П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы, К.Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық мектеп, Алматы қалалық белсенді ұзақ өмір орталығы) мен қазақ, күрд, ұйғыр, кәріс ұлттық-мәдени – этноорталықтары мен «Родина» хоры т.б өнер көрсетеді.

Кештің жүргізушілері: CHRIS BLACK, DJ KAMAL

Өтетін күні мен уақыты: 17 мамыр, сағат 18.00 - 23.00 аралығы. Ресми ашылу салтанаты: 18.00. Кіру– тегін.

 17 мамырда сағат 18.00-ден 23.00-ге дейін музейге кіру тегін, «Антропология» және «Ашық қор. Қазақстанның археологиялық алтыны» залдары - ақылы.

 18 мамыр – Ашық есік күні, сағат 18.00-ден 21.00-ге дейін кіру – тегін; «Антропология» және «Ашық қор. Қазақстанның археологиялық алтыны» залдары - ақылы.

 19 мамыр – Ашық есік күні, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін барлық залдарға кіру - тегін.

afisha-orazbaev2024 жылдың 26-27 сәуірінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі, Әл-Фараби атыңдағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Археология, этнология және музеология» кафедрасы және «Таңбалы» тарихи-мәдени және табиғи мемлекеттік қорық-музейі бірлесіп дәстүрлі «XVI Оразбаев оқулары» халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясын өткізеді.

Абдулманап Медеуұлы Оразбаев – белгілі ғалым, археолог, педагог, отандық далалық археология зерттеулер әдістемесі мектебінің, сондай-ақ Қазақ Ұлттық Университетінің, «Археология, этнология және музеология» кафедрасының негізін қалаушы ұстаз А.М. Оразбаевтың ғылыми өмір жолы қола дәуіріндегі тайпалардың материалдық мәдениетінің тарихын және ерте көшпелілердің көне өркениетін ғылыми зерттеу жұмыстарына арналды. Солтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясына (1954, 1960, 1961, 1964, 1965, 1967 жж.), Батыс Қазақстанда (1968 ж.) далалық зерттеулер жұмыстарына, академик Ә.Х. Марғұлан жетекшілік еткен Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының құрамында болып, (1957, 1961, 1962, 1963, 1972, 1974 жж.), археологиялық зерттеулерге атсалысты. Сондай-ақ, А.М. Оразбаев 1958, 1985–1988 жылдары Шығыс Қазақстан археологиялық экспедициясына, ал 1989-1990 жылдары Семей археологиялық экспедициясына жетекшілік еткен. А.М. Оразбаев Солтүстік Қазақстан аумағындағы қола дәуірінің ескерткіштерінің өзіндік мәдени тұстарын анықтап, кезеңделу шеңберін белгілеп берді және андрон мәдениетінің қалыптасуын үш кезеңге жіктеді: федоров, алакөл және замараев.

Конференцияда келесі бағыттар бойынша мәселелерді талқылау жоспарлануда:

  • Еуразияның ежелгі және ортағасырлық археологиясы;
  • Этникалық тарих пен этномәдени процесстердің жалпы және өзекті мәселелері;
  • Көрнекті археологтар туралы естеліктер мен ойлар;
  • Археологиялық және этнографиялық экспедициялардың далалық материалдары;
  • Тарихи-мәдени мұраны зерттеу, сақтау және мұражайландыру әдістері;
  • Тарихи пәндердегі пәнаралық әдістер

Конференцияның жұмысы 3 тілде – қазақ, орыс және ағылшын.

Конференция жұмысына Қазақстан, Ресей және Өзбекстан елдерінен археолог, этнограф, тарихшы ғалымдары, мәдениеттанушы, музей ісінің мамандары мен жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысады

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық музейі 6 мамырда сағат 14.00 Алматы қаласы Медеу ауданының еңбек және Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагерлеріне арналған «Жеңіс салтанатты» көшпелі әлеуметтік қайырымдылық акциясын өткізеді. Бұл күні Орталық мұражай қызметкерлері ардагерлерді «Жеңіс күнімен» құттықтап, оларға сыйлықтар жиынтығын табыстайды.

afisa-den pobedyЖыл сайын ҚР Орталық музейі өскелең ұрпақты отансүйгіштік және еліміздің тарихын құрметтеу рухында тәрбиелеуге бағытталған патриоттық іс-шаралар өткізеді. Біз Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батырларымызға құрмет көрсетіп, жыл сайын Жеңіс мерекесін атап өтеміз!

Майдангерлердің ерлік ісін әрдайым есте сақтау және Қазақстанның бейбіт өмірін, тыныштығы мен еркіндігін сақтаған жандардың барлығына алғыс айту – біз үшін парыз! Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі. Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы Күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.

afisha 25.04.2024

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде 2024 жылдың 25 сәуірі күні сағат 15:00 де Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай  «Ынтымақ -достық кепілі» мәдени іс-шарасы өтеді.

1 - мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурыз айында дүние жүзіне үлгі болып отырған ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномены - Қазақстан халықтары ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған саяси маңызды құрылым. Ассамблея 365 мүшесі,  471- ден астам республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық-мәдени бірлестіктері 500- ге жуық кіші ассамблея мүшелерінің бастарын біріктіріп келеді.

Шараның мақсаты - түрлі ұлт өкілдерінің дәстүрімен, тұрмыс салтымен тереңірек таныстыру және Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдері арқылы қазақтың тіліне, мәдениеті мен өнеріне деген құрметті арттыру. Сондай-ақ, халықтар достығын, ел бірлігін, отаншылдықты дәріптеп, өлкеміздегі түрлі этнос өкілдерінің шығармашылығын халыққа кеңінен насихаттау.

Іс-шараға корей, неміс, татар, ұйғыр этно-мәдени орталықтары қатысады.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source