авто

Переключатель языков

afisha-tulpan

2023 жылдың 3-5 наурыз күндері «Бахыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығы қоғамдық қоры Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейімен бірлесе көктемгі «Қызғалдақтар гүлдегенде» қолөнершілер жәрмеңкесін өткізеді. Оған Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстанның шеберлері, суретшілері мен дизайнерлері қатысады.

Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мерекелері қарсаңында қолөнершілер барлық қала тұрғындарын түрлі сыйлықтармен және кәдесый өнімдерімен таңғалдырып қана қоймай, Орталық Азия елдерінің дизайнерлері этностильдегі жаңа киім коллекциялары мен зергерлік бұйымдарды, керамика, металл, киіз бен жібектен жасалған заттарды, шығыс миниатюрасын ұсынады. Аталмыш жәрмеңкеде келушілер түрлі бағыттағы шеберлердің авторлық жұмыстарымен таныса алады.

Дәстүрлі өнер түрлерінің ішіндегі ең танымалы киіз басу болып табылады. Киіз бұйымдары өзінің экологиялық таза бұйым болуымен бағаланады. Іс-шарада шебер Әлия Сауғабекова киіз басу шеберлік дәрісін өткізеді.Жәрмеңкеде қала тұрғындары түрлі сыйлықтар сатып алуға мүмкіндік алады.Музейге келіп таңғажайып өнер әлемін тамашалауға шақырамыз!

 Жәрмеңкенің жұмыс уақыты: 2023 жылдың 3-5 наурыз күндері сағат 9:00-18:00-ге дейін.

Өткізетін орны: ҚР Мемлекеттік орталық музейі (Самал-1, 44 үй).

Қосымша ақпараттар жайлы Сіз көрме ұйымдастырушыларымен төмендегі телефондар арқылы байланыса аласыздар: Әбдікәрім Бахыт : +7 702 321 54 66, e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. "> This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

БАҚ-ын аккредиттеу: +7 775 959 2750 Шынар Садықова

ҚР Мемлекеттік Орталық музейінде 2023 жылдың 16 ақпанында Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуына арналған «Ауғанның отты жалыны» көрмесі ашылды.

Он жылға жалғасқан Ауған соғысы – Кеңес Одағы кезіндегі тарихтың ең қайғылы беттерінің бірі. 1979 жылы желтоқсан айының 27-сінде КСРО әскерлері Ауғанстан аймағынан өтіп, 1989 жылдың ақпан айының 15-іне дейін соғыс қимылдарын жүргізген болатын. Оған Кеңес әскерінен 620 мыңға жуық жауынгер қатысты. Олардың арасында 14 мыңға жуық солдат майдан даласында қайтыс болды. Көптеген адамдар із-түссіз жоғалып кетті. Ал 50 мыңнан аса адам түрлі жарақат алса, 1000-ға жуығы түрлі топтағы мүгедек болып оралған еді.

Көрменің ашылу рәсімінде ардагерлерге алғыс білдірген Орталық музейінің директоры Рашида Харипова бүгінде бейбіт күнде өмір сүріп жатқанымыздың қадірін білу үшін соғыстың қаншалықты қасіретті болғанын өскелең ұрпақ ұғыну керек. Қазақ жауынгерлері Ауғанстан аумағында болған соғыста мемлекет үшін кеудесін оққа тосып, ерекше ерлік көрсете білді. Қан майданда жаулармен ұрысқан оларды ұлықтау бүгінгі ұрпақтың парызы деді.

Шараға қатысқан Ауған соғысы ардагерлері үйлестіру кеңесінің төрағасы Мұрат Әбдішүкіров, «Біздің үй Қазақстан» қоғамдық қозғалысының жетекшісі Ақбөпе Әбілқасымова, Ауған соғысының ардагері, «Көк байрақ» қоғамдық ұйымының төрағасы Әуез Бейсенбаев, Ауған соғысының ардагерлері Мұқан Мырзақұлов өз лебіздерін білдірді.

«Арыстан» мамандандырылған мектеп лицейінің оқушылары, шекара қызметінің ардагері Замзагул Кенжебаева ән шырқап, өз өнерлерін көрсетті.

Шара соңында қонақтар Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуына арналған «Ауғанның отты жалыны» көрмесін тамашалады. Музей қорынан 100-ден аса жәдігер, атап айтқанда, фотосуреттер мен құжаттар, кітаптар мен әскери жәдігерлер қойылды. Олардың қатарында Ауған соғысында құрбан болған және осы отты кешуден аман қалған қазақстандық жауынгерлер мен офицерлердің деректі материалдары (оқиғалардың куәгерлері мен қатысушыларының фотосуреттері, хаттары, куәліктері), наградалары мен жеке заттары. Көрерменнің ерекше қызығушылығын тудырған кеңес жауынгерлері мен офицерлерінің, сондай-ақ, олардың қарсыластарының әскери киім-мүліктері болды.

Көрме Қазақстанның «Жауынгерлік бауырластық» жергілікті соғыстар мен әскери қақтығыстар ардагерлері одағының және Алматы қаласындағы Ауғанстан соғысы ардагерлері одағының атсалысуымен ұйымдастырылды.

Көрме 2023 жылдың 5 наурызына дейін жалғасады.

афганистан афганистан афганистан

2022 жылдың 27 желтоқсанында сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде еліміздегі Балалар жылының аяқталуына арналған «ҰЛЫ ДАЛА ҰРПАҚТАРЫ» атты іс-шара өтеді.

Жыл бойы ҚР орталық музейі балаларды ұлттық құндылықтарға баулуға және тарихи мұраны зерттеуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асырды, көптеген республикалық көрмелер, конкурстар, балалар фестивальдері мен мерекелерін өткізді. Орталық музейдің мәдени-білім беру жұмысында ерекше балаларды қолдауға арналған инклюзивті білім беру бағдарламалары және оқушыларды ғылыми зерттеулерге, жобалық жұмыстарға тарту мақсатында байқаулар ерекше орын алды. Іске асырылған жобалар мен байқаулардың нәтижелері бойынша жыл қорытындысы шығарылды.

Іс-шара бағдарламасында:

  • «Менің қаламдағы музей» I республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздарын келесі номинациялар бойынша марапаттау:
    1. Ұлт ұстазы А. Байтұрсынов атындағы номинациясы;
    2. «Музей қорындағы мемлекет және қоғам қайраткерлерінің және басқа да жекелеген тарихи тұлғалардың мәдени-мұрасының ұрпақ тәрбиесінде алатын орны»;
    3. «Музей жәдігері-рухани құндылық»;
    4. «Музей қызметінің маңызы мен мәні (музейде қызмет атқарған және атқаратын тұлғалар)».
  • Алматы қаласы мен Алматы облысының жалпы білім беретін мектептері мен мектеп-интернаттары арасындағы ұлттық ойындар бойынша «Музей Кубогы» спартакиадасының жеңімпаздарын номинациялар бойынша марапаттау: «Асық ату», «Бес асық», «Тоғыз құмалақ», «Арқан тарту».
  • «Жас экскурсия жүргізушісі» үйірмесінің жеңімпаздары мен мүшелеріне сертификаттар тапсырылады.
  • Музейдің инклюзивті бағдарламаларын іске асыру аясында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың қолдан жасалған бұйымдары (суреттер мен қолдан жасалған заттар) ұсынылатын «Өмір ағашы - шығармашылық ағашы» шығармашылық бұрышының ашылуы.
  • Балалар Коворкинг орталығында ерекше балаларға арналған «Менің Отаным – Қазақстан» музей сабағы.  
  • «Ұлы дала ұрпақтары» республикалық балалар шығармашылық көрмесімен таныстыру.
  • Балалар музыкалық топтарының қатысуымен концерттік бағдарлама.

Мұқағали поэзиясының күні

 Бүгін ҚР Мемлекеттік орталық музейінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні аталып өтті. «Отаным, саған айтамын» поэзия кешіне Бөлтірік Атыханұлы атындағы №36 гимназиясы және Еңбекші ауылындағы орта мектеп оқушылары қатысты.

 Ең бірінші бақытым – Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Қазақ халқы талай ақындарды дүниеге келтірген ел. Ұлттық болмысымызды өлеңмен өрген біртуар талант иесі Мұқағали Мақатаевтың жырлары әр оқырманның жүрегіне жол таба білді, ұрпағының рухани игілігіне айналды.

Ал екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей – кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!

...Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.

 

Туған халқын, тілін, Отанын үш бақытына теңеген Мұқағали шығармаларын өскелең ұрпаққа дәріптеудің маңызы зор. Шарада оқушы жастар ақын өлеңдерін жатқа оқып, «Аққулар ұйықтағанда» және «Мұқағали Мақатаев» көріністерін көпшілік назарына ұсынды.

Ақынның туған жеріне арнаған әсерлі жырлары адам бойына ұлттық рух, жан тазалығын дарытып, болашаққа деген сенімін арттыра түсетіні сөзсіз. Жасөспірімдердің өлеңге деген ынтасы, мәнерлеп оқу шеберлігі, ізденімпаздығы көрермен қауымның ерекше ықыласына бөленді.

Іс-шараны ашқан Орталық музейі директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары Саров Сержан Бараханұлы «Әдебиетіміз үшін ғана емес, тұтас руханиятымыз үшін Мұқағали қазақ руханиятындағы аса танымал шығармашыл тұлғалардың бірі. Ақын мұрасы тұнып тұрған өнеге, тағылым. Ақын жырларымен ең алдымен жастарды тәрбиелеуіміз қажет», - деді ол кіріспе сөзінде.

Әдеби кештің құрметті қонақтары Алматы қаласының Құрметті азаматы, «Достық», «Парасат» орденінің иегері, тіл жанашыры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асылы Оспан және Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық Мұқағали Мақатаев атындағы, халықаралық Махамбет сыйлығының иегері, Білім беру ісінің үздігі Гүлшара Есетқызы мектеп ұстаздарына үлкен ризашылық, алғыс сөздерін жеткізді.

Шараны Мұқағали жырларына жазылған әдемі әндермен әрлеп, өнерімен көпшілікті тәнті еткен республикалық Мұқағали Мақатаев байқауының жүлдегері Сиязбек Өртқалиев, республикалық «Ақберен» байқауның жүлдегері Фатима Әбетей, қалалық «Бала фест» байқауының бас жүлдегері Кенжебек Абдрахман болды.

Еңбекші ауылы мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ахметова Гүлжан «Мұқағали Мақатаевтың туған күнін атап өту мектебімізде дәстүрге айналған. Жыл сайын әдеби кештер өткізу, өлеңдерін жатқа оқу, әндерін шырқап өнер көрсетуде оқушыларымыз ерекше белсенділік танытады. Орталық музейде көпшілік назарына өнерлерін ұсынуы балалардың шабытын, еліне, жеріне, тіліне деген сүйіспеншіліктерін арттыра түсетіні анық», - деді.

Ақынның қай туындысы болмасын, өз еліне, жеріне деген шексіз махаббаттан туған. Жырларын ұрпағына аманат етеді. Ал, ақын аманатына адал, өнерлі  ұрпағы барда, Мұқағали есімі ұмытылмай, шығармалары халқымен бірге жасай бермек.

 

makataev  makataev  makataev
 makataev  makataev  makataev

 

 

2022-жылдың 22-желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде ««Ұлы дала кеңістігіндегі Шыңғыс хан ұрпақтары мемлекеттілігінің эволюциясы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Пленарлық мәжілісті ҚР Мемлекеттік орталық музейінің директоры Харипова Рашида Ерімқызы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті және Алматы қаласы Білім басқармасы жолдаған құттықтау сөзімен ашты.

Аталған шараға ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Рухани жаңғыру» гуманитарлық зерттеулер орталығының басшысы Әбжанов Хангелді  Махмұтұлы «Ұлы даланың мемлекеті», Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры (Қазақстан, Алматы), т.ғ.д. Қожа Мұхтар Бахадырұлы «XVI –XX ғасырдың бірінші жартысындағы Жошы хан мавзолейі туралы мәліметтер», Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің профессоры, т.ғ.к. Исин Амантай Исаұлы «Шыңғыс хан әулеті мемлекеттерінің аталуы мәселесі» және «Қырым әйелдерінің Қырым хандығы сыртқы саясатын жүргізуге қатысуы», Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.к. Атығаев Нұрлан Әділбекұлы «Жошы ұлысы және Шағатай ұлысы тарихына қатысты Иран мен Түркияның кітапхана қорларында сақталған кейбір дереккөздер жайында», Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Қазақстан тарихы кафедрасының қауымдастырылған профессоры, т.ғ.к. Шамшиденова Факия Мешведенқызы «Жошы ұлысының тарихындағы Тайбұға әулеті», Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті,  «Margulan centre», «Ұмай» Халықаралық ғылыми-зерттеу лабораториясынан Крупа Татьяна Николаевна «Р.Г. Де Клавихо «Күнделіктерін» аударудың кейбір аспектілері және алтынорда киімін сипаттаудағы кейбір ерекшіліктер», АБДИ гуманитарлық зерттеу институты директоры, т.ғ.к. Өскенбай Қанат Зұлқарышұлы «Ақ Орда Қазақстан тарихында» тақырыптарында баяндама оқыды.

Аталған шараға қашықтықтан қатысқан ғалымдар, атап айтқанда, Ұлттық технология институты, Ояма колледжі (Жапония, Ояма) әдебиет магистрі Хироюки Нагаминэ «Мунтахаб ат-Таварих-и Муʻини» париж қолжазбасындағы джадвал және Натанзидің «Синоптикалық тарихы», Термез мемлекеттік университеті, имам Термизи Халықаралық ғылыми-зерттеу орталығынан (Өзбекстан, Термез) т.ғ.к., доцент  Мирзаев Джалалитдин Зайниевич «Термез Алтын Орда анклавы ретінде», В.Н. Татищев атындағы Астрахань мемлекеттік университетінің «Археология Нижнего Поволжья»  мектебінің басшысы (Россия, Астрахань), т.ғ.к., доцент Васильев Дмитрий Викторович «Тағы да Алтын Ордадағы буддизм жайында», М.П. Драгоманов атындағы Ұлттық педагогикалық университетінің тарих-философия факультеті жалпы тарих және археология кафедрасының аға оқытушысы (Украина, Киев), т.ғ.к. Пилипчук Ярослав Валентинович «Дешті Қыпшақтағы күнделікті ахуал құрылымы», Алтай Республикасының «А.В. Анохин атындағы Ұлттық музейінің» музейлік заттар сақтаушысы (Россия, Горно-Алтайск) Чичинов Владислав Алексеевич «О датировании битвы на Калке», Татарстан Республикасы Ғылым академиясының А.Х. Халиков атындағы археология институтының лаборант-зерттеушісі Бугарчев Алексей Игоревич (Россия, Казань) «Орда – Бұлғар монета сарайы», Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.к. Петров Павел Николаевич «Қаялық монеталары» тақырыптарында онлайн форматта баяндама оқыды.

 

«Ұлы дала кеңістігіндегі Шыңғыс хан ұрпақтары мемлекеттілігінің эволюциясы» «Ұлы дала кеңістігіндегі Шыңғыс хан ұрпақтары мемлекеттілігінің эволюциясы»
«Ұлы дала кеңістігіндегі Шыңғыс хан ұрпақтары мемлекеттілігінің эволюциясы» «Ұлы дала кеңістігіндегі Шыңғыс хан ұрпақтары мемлекеттілігінің эволюциясы»
«Ұлы дала кеңістігіндегі Шыңғыс хан ұрпақтары мемлекеттілігінің эволюциясы» «Ұлы дала кеңістігіндегі Шыңғыс хан ұрпақтары мемлекеттілігінің эволюциясы»
 «Ұлы дала кеңістігіндегі Шыңғыс хан ұрпақтары мемлекеттілігінің эволюциясы»  «Ұлы дала кеңістігіндегі Шыңғыс хан ұрпақтары мемлекеттілігінің эволюциясы»
 «Ұлы дала кеңістігіндегі Шыңғыс хан ұрпақтары мемлекеттілігінің эволюциясы»  «Ұлы дала кеңістігіндегі Шыңғыс хан ұрпақтары мемлекеттілігінің эволюциясы»

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source