авто

Переключатель языков

«МУЗЕЙ КУБОГЫ» ұлттық ойындары бойынша қалалық спорттық турнир

22 жылдың 10 қарашасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде «Балалар жылына» орай мектеп-интернаттары арасында «МУЗЕЙ КУБОГЫ» ұлттық ойындардан қалалық спартакиада өтті.

Іс-шараның салтанатты ашылуынан кейін мектеп бағдарламасына енген ұлттық ойындардан «тоғызқұмалақ», «асық ату», «арқан тарту», «бес асық» ойындарынан жарыстар өткізілді.

Іс-шараға И.Нүсіпбаев атындағы Алматы облыстық мектеп-интернаты, №17 мектеп-интернаты, «Қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығы» КММ, Күляш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернатының оқушылары қатысты.

Жарыста спорттық рух, ынта және құмар ойын атмосферасы орнады! Балалар көп тырысты, өз өнерлерін көрсетті, өйткені барлығы жеңіске жетуді қалады! Ең бастысы командалық рух, бірлік сезінді!

Турнирдің сәтті өтуімен барлық қатысушыларды, мектеп оқушыларын, мұғалімдерді, жаттықтырушыларды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі директоры Рашида Ерімқызы Харипова құттықтап, жеңімпаздарды марапаттады.

Шара соңында қонақтарымызға музейдің кинотеатрында «Қыз Жібек» фильмінің көрсетілімі ұйымдастырылды.

 

 

«МУЗЕЙ КУБОГЫ» ұлттық ойындары бойынша қалалық спорттық турнир «МУЗЕЙ КУБОГЫ» ұлттық ойындары бойынша қалалық спорттық турнир
«МУЗЕЙ КУБОГЫ» ұлттық ойындары бойынша қалалық спорттық турнир «МУЗЕЙ КУБОГЫ» ұлттық ойындары бойынша қалалық спорттық турнир
«МУЗЕЙ КУБОГЫ» ұлттық ойындары бойынша қалалық спорттық турнир «МУЗЕЙ КУБОГЫ» ұлттық ойындары бойынша қалалық спорттық турнир
«МУЗЕЙ КУБОГЫ» ұлттық ойындары бойынша қалалық спорттық турнир «МУЗЕЙ КУБОГЫ» ұлттық ойындары бойынша қалалық спорттық турнир

Құрметті оқушылар, ата-аналар мен ұстаздар!

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен музей қорларындағы тарихи мұралар мен музейдің жетекші мамандарының еңбектерін ғылыми-зерттеуге баулу мақсатында ұйымдастырылатын ғылыми жоба байқауына қатысуға шақырады.

Байқаудың талапатарымен төмендегі сілтеме арқылы таныса аласыздар

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде 2022 жылғы 24 қазан сағат 15:00-де Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің ұйымдастыруымен ЖАПОНДЫҚ «SAI» ДАБЫЛШЫЛАР ТОБЫНЫҢ  КОНЦЕРТІ өтеді. Іс-шара Жапония мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым қатынастың 30 жылдығына орай ұйымдастырып отыр.

ЖАПОНДЫҚ «SAI» ДАБЫЛШЫЛАР ТОБЫНЫҢ  КОНЦЕРТІ «Sai» тобы 2005 жылы Токио университетінің жанындағы Клуб ретінде құрылды. 2013 жылы топ кәсіби түрде өнер көрсете бастады. Топ  әртүрлі жанр бойынша өнер көрсететін әртістермен мәдени байланыс орнатып, әлемнің 25 елдерінде 2000-нан астам концерт өткізді. Дабылшылар тобы 10-нан астам компанияның жарнамалық роликтерін түсіруге қатысты. Қазіргі уақытта аталған топ жапония сыртқы істер министірлігінің  ұйымдастыруымен шет мемлекетермен мәдени қарым-қатынас орнату үшін қолға алынған ресми бағдарлама аясында топ «Sai World» әлемдік турын өткізуде.

Концертті Жапонияның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Джун Ямада мырза ашып, «Sai» тобының өкілі құттықтау сөз сөйлейді.

Көрермендер жапондық тайко барабандарының ерекшелігімен танысып, рух көтеретін аспаптың ойнау мәнерін тыңдай алады.

Концерт өтетін орын:

Алматы қ., ҚР Мемлекеттік орталық музейі, Самал-1/44.

Кіру ақылы (билеттер музей кассаларында).

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің фойесі мен галереясына ғылыми негіздемесі бар жоба мен эскизін дайындауға арналған сәулетшілер мен дизайнерлердің Республикалық байқауын өткізу туралы хабарлайды

konkurs-dizain

Байқау ережесімен толық танысу үшін төмендегі сілтемеге өтіңіз

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі 2022 жылдың 21 қазанында Республика күніне арналған «Гүлдене бер, менің Қазақстаным» патриоттық іс-шарасын өткізді.

Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақты Қазақстан Республикасының даму және қалыптасу жолы туралы білімдерін байыту, еліміздің тарихына деген қызығушылық пен құрметті қалыптастыру, патриоттық сезім мен туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Мерекелік шараны Қазақстан Республикасы Ішкі әскерлері 804-ші полкінің бірінші командирі, полковник Жұманов Союзжол Сұлтанұлы және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің директоры Рашида Ерімқызы ашты. Сондай-ақ әскери тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстар бөлімшесінің аға көмекшісі, капитан Отарбаев Ербол Есілбайұлы сөз сөйледі.

Іс-шара аясында келушілер назарына Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланның «ЖАУЫНГЕРЛІК ЖАНҰЯДАЙ ҰЙЫСҚАН, ҰЛТТЫҚ ҰЛАН – ЕЛІ МЕН ХАЛҚЫНА ҚОРҒАН» көрмесі ұсынылды (фотосуреттер, кітаптар, марапаттар және т.б.).

Шара барысында Қ.Сәтбаев атындағы №56 атындағы гимназия, Махатма Ганди No92 мамандандырылған лицейі оқушылары «Қазақстан мақтанышым» әнімен, «Біздің Отанымыз – Қазақстан» мәнерлеп өлең оқудан өнер көрсетті. Орал Таңсықбаев атындағы Республикалық сәндік-қолданбалы өнер колледжінен дәстүрлі қолөнер түрлері, «Творим вместе» кескіндеме мектебі мен «Giraffe ar tschool» қосымша білім беру орталығынан сәндік-қолданбалы өнер бойынша шеберлік-сабақтар өткізілді. Мерекелік күні музей кинотеатрында «Көшпенді», «Біз осында тұрамыз» фильмдерінің көрсетілімі өтті.

 

мероприятие «Процветай, мой Казахстан» мероприятие «Процветай, мой Казахстан»
мероприятие «Процветай, мой Казахстан» мероприятие «Процветай, мой Казахстан»
pic-den-respubliki-2 мероприятие «Процветай, мой Казахстан»
мероприятие «Процветай, мой Казахстан» мероприятие «Процветай, мой Казахстан»

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source