авто

Переключатель языков

2022 жылдың 26 мамырында ҚР Орталық музейінің мәдени-білім беру жұмысы бөлімінің қызметкерлері (жетекшісі А. Кущенко және Б.Бектұрсын.) балалар Коворкинг орталығының және өлкетану үйірмесінің жұмысы аясында «Қазақстанның жануарлар әлемі» Қызыл кітап беттерінен Ұлттық парктер мен қорықтар»  тақырыбы бойынша  № 25 гимназияның 3 сынып оқушыларына сабақ өткізді. Өскелең ұрпақты табиғатқа, Қазақстанның ұлттық байлықтарына – саябақтарға, қорықтарға, фауна мен флора өкілдеріне ұқыпты қарауға тәрбиелеудің маңызы зор.

Музей сабағы балаларды Қазақстан фаунасының алуантүрлілігімен, табиғат ескерткіштері - Алтын Емел, Ақсу – Жабағылы табиғи ұлттық саябақтары және көне қорықтары, сондай-ақ Қазақстанның Қызыл кітабы, жойылып бара жатқан және сирек кездесетін жануарлар түрлерімен – арқар, тауешкі, елік, марал, аю, қар барысы, құстармен, оның ішінде бүркіттермен, құстармен таныстырды. Аталмыш сабақ аясында балалар синквейнге қатысып, «Жер адамдарына үндеу» туралы  өз тілектерін жазып, қоршаған ортаны  сақтауға шақырды. Сабақ соңында балалар «Қазақстанның Қызыл кітабынан сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар» тақырыбы бойынша суреттер салды.

 

«Қазақстанның жануарлар әлемі» Қызыл кітап беттерінен " «Қазақстанның жануарлар әлемі» Қызыл кітап беттерінен "
«Қазақстанның жануарлар әлемі» Қызыл кітап беттерінен " «Қазақстанның жануарлар әлемі» Қызыл кітап беттерінен "

ҚР Мемлекеттік орталық музейі «Өлкетану» үйірмесіне  шақырады

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі 2022 жылдың 18 мамыры күні «Халықаралық музейлер күні» кәсіби мерекесіне орай «Музей түні» мерекелік іс шарасын өткізеді. Жыл сайын өтетін аталмыш жоба қазақстандық музейлер мен әлемнің белгілі музейлері арасында үлкен танымалдылыққа ие. Бұл қаламыздың тұрғындары мен қонақтарына музей артефактілерімен, мәдени-білім беру бағдарламаларымен танысуға және еліміздің тарихы мен мәдениетінің жаңа беттерін ашуға мүмкіндік беретін ірі халықаралық әлеуметтік мәдени-білім беру жобасы.

«Музей түні-2022» дәстүрлі акциясыҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялауына орай, ҚР Мемлекеттік Орталық музейінің биылғы жылғы «Музей түні-2022» дәстүрлі акциясы талантты балалардың бастамалары мен жаңашыл идеяларын қолдауға бағытталған. Аталмыш акцияның негізгі бөлігі «Талантты балалар шеруі» республикалық балалар фестиваліне арналады. Фестивалға республикамыздың әр өңірінен өнер, спорт, музыка, шығармашылық жағынан халықаралық, республикалық конкурстар лауреаттары мен талантты жасөспірімдер қатысып отыр. Аталмыш республикалық фестиваль қорытындысы нәтижесінде 13 номинация бойынша жас талантарға марапатты елімізіге белгілі ғылым, мәдениет және өнер саласындағы қайраткерлер табыстайды.

Музей түнінің басты   оқиғасы «Коворкинг балалар орталығының» ашылуы. Орталықтың жұмысы балаларды музей әлемімен, ондағы тарихи құндылықтармен таныстыруға, сондай - ақ, шығарамашылық бастамалар мен балалардың мүмкіндіктерін ұштауды ұйымдастыруға бағытталған. Яғни, балалардың бос уақыттарын (демалыс) тиімді ұйымдастыру, мультипликациялық фильмдер көру, кітап оқу, қазақ ұлттық ойындары және дәстүрлі музыкалық аспаптарда ойнауды үйрету бағыттарында жұмыс істеу. Коворкинг балалар орталығының басты демеушілері, яғни осы бастамаға қолдау көрсеткен КМF Микроқаржы ұйымы және «Демеу - КМF» корпоративтік қоры. Сонымен бірге, балалар орталығы аясында «Жас экскурсовод», «Өлкетану» және «Бірге сурет салайық» бейнелеу өнері үйірмелері ашылады.

МУЗЕЙ ТҮНІ БАҒДАРЛАМАСЫНДА: жанданған экспозициялар, музей қорындағы сирек кездесетін қару - жарақтар коллекциясы негізін «Ер қару бес қару» көрмесі ( XVIII-XIX ғғ.), «Біздің таланттыларымыз», «Менің бақытты балалық шағым» атты қалалық бейнелеу өнер студияларының балалар шығармашылығы көрмесі, белгілі фотограф М. Золотухиннің фотокөрмесі және белгілі қазақстандық суретші-қалпына келтіруші, «Қырым аралы» ғылыми-қалпына келтіру зертханасының негізін қалаушы және жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері - Қырым Алтынбековтің «Қайта жарқыраған жауһарлар – Аралы» көрмесі.

Концерттік бағдарлама-қойылымдар: Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжі, «Камерата Казахстан» ансамблі және Валентина Боровикованың жетекшілігімен скрипкашылар ансамблі; О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі мен Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы студенттерінің сәндік коллекциясының көрсетілімі және Қазақстан-Жапон орталығынан оригами, каллиграфия, «фурошики» өнері бойынша шеберлік-сабақтар. Сондай - ақ, мерекелік іс шара қонақтары мемлекеттік оркестрлер мен балалар ұжымдарының музыкалық шығармашылық концертерін тамашалай алады.

Музей қонақтары Қазақ мемлекеттік циркінің қойылымы, балалар дефилесі, М.Грибованың жетекшілігімен «HighTech Academy» шляпалық дефилесі, Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінің стилисттік шаш үлгілері көрсетілімін тамашалайды.

Қазақстан суретшілері, сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің қатысуымен шеберлік сабақтар өтеді.

Музей алматылықтар мен қала қонақтарын «Музей түні-2022» акциясының қызықты және тартымды бағдарламаларымен танысуға шақырады.

Байланыс телефоны: 264-46-50.

Музейге кіру тегін.

 «Ерлерге құрмет – ұрпаққа міндет», қайырымдылық акциясыҚазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі «KS – production» продюсерлік орталығымен бірлесіп, 2022 жылдың 5 мамыр күні сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін қолдау мақсатында «Ерлерге құрмет – ұрпаққа міндет», қайырымдылық акциясын өткізеді.

Ардагерлермен жүздесу өскелең ұрпаққа еліміздің тарихи мұраларымен танысуға, олардың бойына азаматтық сана-сезімдерді оятуға және патриоттық рухқа баулуға, отансүйгіштікке тәрбиелеуге, ҚР мүдделеріне қызмет етуге лайық деп білеміз.

Ұлы Жеңіс күні – жан аямай елін қорғаған ержүрек батырларымызды еске алу күні. Асау уақыт тізгінін ауыздықтай алмайсың – жылдан-жылға адамзаттың басына алапат қасірет түсірген зұлмат соғыс туралы баяндайтын Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қатары арамызда азайып бара жатыр. Бұл күн ардагерлерге құрмет пен алғыс сезімдерін білдіруге мүмкіндік береді.

Осы атаулы күні ҚР Орталық музейі ардагерлеріміз үшін ҚР халық әртістері Айжан Нұрмағамбетова, Евгений Шагаров, Тимур Иманжанов, «Тенгри» этногруппасының және т.б. қатысуымен өтетін мерекелік концерттік бағдарламасын дайындады.

Аталмыш іс-шара демеушілер мен тұрақты серіктестердің қолдауымен өткізіледі, сондай-ақ, ҚР орталық музейі акцияға қолдау танытқан демеушілерге Бостан» ЖШС, «Magnum Cash&Carry» ЖШС, CEZARO ЖК, ZUGO HOME TEXTILE компаниясы, «Алатау – құс» ЖШС, «Ақсай-нан»ЖШС, «МЕТРО Кэш энд Керри» ЖШС, «Lemonadoff Food» ЖШС алғыс білдіреді.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source