авто

Переключатель языков

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Қазақстан Республикасының мүгедектер күніне орай 2021 жылдың 19 қарашасы күні сағат 11.00-де мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық акциясын өткізеді.

«Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық акциясыОрталық музей жыл сайын аталмыш күні мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдау мақсатында түрлі іс-шаралар өткізеді. Ағымдағы жылы музей 3-ші қайырымдылық акциясын өткізелі отыр, басты мақсат мұқтаж жандардың мәселелеріне халық назарын аударту, олардың құқықтары мен  бостандықтарын қорғау, қоғамдық өмірге араласуына ықпал ету. 

«Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы аясында, әрбір баланың шығармашылығын көрсетіп, өзіндік ерекшеліктері мен өмірге деген көзқарастарын көрсететін балалар шығармашылығына арналған көрме өтеді.  Акцияға Алматы қаласында есепке алынған мүмкіндігі шектеулі балалар қатысады.

Музей үшін қайырымдылық ациялар өткізу игі дәстүрге айналды. Бұл ең алдымен қазіргі қиын уақытта балаларды шабыттандырып, «жаңа шындарды бағындыруға» деген ынталарын  оятауға ықпал етеді.  

Іс-шара аясында «Аламят» продюсерлік орталығының атынан музыкалық сәлемдемелер, музей залдары бойынша экскурсиялар, сондай-ақ акцияға қатысушы балалардың жұмыстары қойылған балалар шығармашылығының көрмесі өтеді.

Акцияның бас демеушісі  10 жыл бойы ҚР Мемлекеттік орталық музейінің тұрақты серіктесі болып табылатын  «Бостан» жеке шаруашылық серіктестігі.   Акцияны қолдағандар: «ОРИМИ СА» - «Шах» шәй сауда маркасы, DODO PIZZA, «ZUGO HOME TEXTILE»,  «Ақсай нан» ЖШС, «Назик» ЖШС.  

2021 жылдың 1 маусымында Халықаралық балаларды қорғау күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейі ашық есік күні режимінде жұмыс істеді.

Алматы қаласының Медеу және Наурызбай аудандарынан 200-ден астам балалары Орталық музейге келді. Олар үшін музейдің экспозициялық залдары бойынша тегін экскурсиялар ұйымдастырылды, оның барысында оқушылар Тәуелсіз Қазақстанның тарихымен және мәдениетімен танысты.

Бұл күні Алматы қаласы Медеу ауданының әлеуметтік қорғау Департаментінің жетім және мүмкіндігі шектеулі балалары үшін музей қызметкерлері «Бақытты балалық шақ» атты қайырымдылық акциясын өткізді. Шара аясында тақырыптық экскурсиялар, интерактивті тапсырмалар мен «Қазақстанның жануарлар әлемі» танымдық квест-ойындары өткізіліп, сонымен қатар балалар экспозицияда жасырынған аңдардың фотосуреттерін тауып қана қоймай, өлеңдер оқып, би биледі. Музейдің серіктестері мен демеушілері балаларды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап, сыйлықтар табыс етті.

«Бақытты балалық шақ» акциясына «Скиф Трейд» ЖШС, «АМИРАН» ЖШС, «Sabiland», «Ақсай-Нан», «ОРИМИ СА» - ТМ Jardin; «Петропавловский Хлебобулочный комбинат» Алматы қаласындағы филиалы, «Бостан», «Lemonadoff Food», «Край добрых дел» қайырымдылық қоры қолдау көрсетті.

2021 жылдың 1 маусым 2021 жылдың 1 маусым

 

Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің «РУХАНИ ҚАЗЫНА - 2021» онлайн-фестивалі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі 2021 жылдың 18 мамырында «Халықарарлық музейлер күні» кәсіби мерекесіне орай «Музейлердің болашағы: қалпына келтіру және жаңғырту» ұранымен өтетін «Музей түні» онлайн-акциясын ұйымдастырады. 

«Музей түні - 2021»

Бағдарлама

 

 

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің  8 қызметкерінің COVID 19 коронавирус инфекциясын жұқтыруына байланысты, музей қызметкерлерінің қауіпсіздігін сақтау және инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында музей 2021 жылдың 12 сәуіріне дейін жұмыс істемейді. Уақытша келтірілген ынғайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз. Өзгерістер болған жағдайда қосымша хабарлайтын боламыз.

 

Музей әкімшілігі

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source