авто

Переключатель языков

Жаңа жыл!

Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қала қонақтары! Сіздерді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі келе жатқан Жаңа жылдарыңызбен құттықтайды. Жаңа жылдың жаңалығы мол болсын!

Баршаңызды Жаңа 2022 жылы музей төрінде күтеміз!

ҚР Мемлекеттік орталық музейі 20 жыл бойы жыл сайын түрлі дамуында ақауы бар және мүмкіндігі шектеулі тұрақты медициналық емделуде, түрлі аурулары және мүгедектігі бар балаларға, сондай-ақ жетім балалар мен аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған қайырымдылық акцияларын жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіп келеді.

«Жаңа жылдық ғажайыптар»2021 жылдың 24 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Жаңа жылдық ғажайыптар» қайырымдылық акциясын ұйымдастырып өткізеді.

Бұл акция музей үшін балаларға қуаныш сыйлайтын жақсы дәстүрге айналды.

Акция аясында музей қызметкерлері балаларға арналған сыйлықтарын отбасына барып табыс етеді.

Бұл акция бақыт пен қуаныш әкеледі деп үміттенеміз, өйткені Жаңа жыл - бұл нағыз ертегі, жақын достарымен және туыстарымен кездесу уақыты.

Акцияны қолдағандар: «Аламәт» продюсерлік орталығы, «Мирас» аналар қоғамы, «Скиф Трейд» ЖШС, «Ақсай-нан» ЖШС, «Бисквит» ЖШС, «Magnum Cash&Carry» ЖШС, CEZARO ЖК, «Алатау - құс» ЖШС, «МЕТРО Кэш энд Керри», «Мейірім» ҚҚҚ, ҚР Қызыл Жарты Ай қоғамы.

2021 жылдың 9 желтоқсан күні сағат 11:00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «ТӘУЕЛСІЗДІК ШЕРУІ» мерекелік іс-шарасы өтеді.

«ТӘУЕЛСІЗДІК ШЕРУІ» мерекелік іс-шарасы«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейіндегі Тәуелсіздік шеруі» мерекелік іс-шарасы аясында:

- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің қорынан «Тәуелсіздік жетістіктері» көрмесі, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің жетістіктері» фильмінің көрсетілімі;

- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясының, Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы республикалық «Жасұлан» мектебінің,  Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының музыкалық тобының қатысуымен әскери шеру;

-ақын-жазушылар, ғалымдар, тарихшылар, этнографтар, мәдениет және білім беру саласының мамандарымен шығармашылық кездесулер;

- Мұқтар Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театры әртістерінің орындауындағы «Қобланды» спектаклінен үзінді;

- Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясынан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің қалыптасуы мен даму тарихына арналған деректі және көркем фильмдердің көрсетілімі».

Іс-шара 2021 жылдың 9 желтоқсан күні сағат 11.00.-14.00 өтеді

2021 жылдың 24-26 желтоқсан күндері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейі «Бақыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығымен бірлесіп, жаңа жылдық жәрмеңкесін өткізеді. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан және Грузия елдерінен келген қолөнер шеберлері қатысады.

Жаңа жылдық жәрмеңкесіЖаңа жыл - қуанышқа толы ғажайып мерекелердің бірі. Бұл нағыз ғажайып пен армандар орындалатын, әр отбасы асыға күтетін ерекше мереке. Музей жыл сайын арт-көрмелерді өткізуді дәстүрге айналдырған. Жәрмеңке келушілерді авторлық жұмыстарымен, сонымен қатар шеберлердің қолдан жасалған бұйымдарымен таныстырады. Он саусағынан өнер тамған шеберлердің жасаған зергерлік бұйымдары күні бүгінгі дейін өз құнын жоғалтқан емес, керісінше күннен-күнге ұлттық зергерлік бұйымдарға деген қызығушылық артуда. Қазіргі таңда қолмен жасалған эксклюзивті бұйымдар ерекше сұранысқа ие.

Жаңа жылдық мереке қарсаңында келушілердің назарына сыйлық және кәдесый өнімдерінің эксклюзивті авторлық жұмыстарының кең спектрі ұсынылады: ұлттық және бренді киім, күмістен жасалған зергерлік бұйымдар, мельхиор, алтын жалатылған және эмаль, музыкалық аспаптар, шығыс миниатюрасы, табиғи материалдардан жасалған кәдесыйлар, Янтарь, бисерден жасалған әшекейлер, керамикалық, киіз және жібек бұйымдары, кенепте, берестегі суреттер, қақталған сәндік бұйымдар, қолмен жасалған сабын, жаңа жылдық ойыншықтар және көптеген жұмыстар.

Іс-шараның мақсаты- әр халықтың өзіндік ерекшелігін, халықтардың материалдық және материалдық емес мәдени мұрасының маңызды бөлігін айқындайтын құндылық ретінде халықтық көркем қолөнерді сақтау және дамыту, сондай-ақ елдер арасындағы достық қатынастарды нығайту.

Дәстүр бойынша жәрмеңке күндері қонақтар үшін музейдің барлық экспозициялық залдары, сондай-ақ музей қорынан уақытша көрмелер ашық болады:

  • «ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылындағы ҚР Орталық мемлекеттік музейінің жетістіктері» (ҚР Мемлекеттік орталық музей қорынан);
  • ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай этнограф-ғалым Тәттігүл Қартайдың «ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯ КҮНДЕЛІГІНЕН» атты фотокөрмесі;
  • «КИІМНІҢ КИЕЛІСІ-КИМЕШЕК» атты көрмесінде ХІХ – ХХ ғғ. екінші жартысындағы Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан келген қазақ әйелдерінің бас киімдері мен оларға зергерлік әшекейлер ҚР орталық мемлекеттік музейінің қорынан алынды.

Жәрмеңке-көрменің жұмыс уақыты: 24 – 26 желтоқсан, сағат 9.00-ден 18-ге дейін.

2021 жылдың 25 желтоқсаны сағ.12.00-де жаңа-жылдық жәрмеңкенің ашылуы.

2021 жылдың 3 – 5 желтоқсан күндері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық   музейі «Бақыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығымен бірлесіп, «Арт-Шығыс базары» атты Орталық-Азиялық дәстүрлі қолөнер көрме-жәрмеңкесін өткізеді. Көрмеге Қазақстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Грузия елдерінен келген қолөнер шеберлері қатысады.

«Арт-Шығыс базары» атты Орталық-Азиялық дәстүрлі қолөнер көрме-жәрмеңкесіЖаңа жылдық мереке қарсаңында келушілердің назарына сыйлық және кәдесый өнімдерінің эксклюзивті авторлық жұмыстарының кең спектрі ұсынылады: ұлттық және бренді киім, күмістен жасалған зергерлік бұйымдар, мельхиор, алтын жалатылған және эмаль, музыкалық аспаптар, шығыс миниатюрасы, табиғи материалдардан жасалған кәдесыйлар, Янтарь, бисерден жасалған әшекейлер, керамикалық, киіз және жібек бұйымдары, кенепте, берестегі суреттер, қақталған сәндік бұйымдар, қолмен жасалған сабын, жаңа жылдық ойыншықтар және көптеген жұмыстар.

Көрмеде материалдың, түстің, ою-өрнектің, бұйымдарды жасау техникасының әртүрлілігімен таң қалдыратын Қазақстан мен Орталық Азия қолөнер шеберлерінің авторлық эксклюзивті туындыларын көруге болады.

Көрме-жәрмеңке аясында музейге келушілер үшін танымал қазақстандық суретші-қыш шебері Әлиасқар Мұсаев қыш қолөнері бойынша шеберлік сабағын көрсетеді.

Көрме қолөнер және сәндік-қолданбалы өнер дәстүрлерін сақтауға ықпал етумен қатар барлық қалаушылар үшін халық шығармашылығының ғажайып әлеміне қол жеткізуге, сонымен қатар көрме қатысушыларынан түрлі үлгілер мен жанрлық бағыттар бойынша шеберлікті үйренуге мүмкіндік береді.

Көрме-жәрмеңкенің ресми ашылуы-2021 жылдың 4 желтоқсан күні сағат 12.00-де

Көрме-жәрмеңкенің жұмыс уақыты: 3-5 желтоқсан, 9.00-ден 18.00-ге дейін

Көрме-жәрмеңкеге кіру - ақылы.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source