авто

Переключатель языков

2022 жылдың 4 мамырында ҚР Мемлекеттік Орталық музейінде "Мәдениеттер сабақтастығы" ашық алаңы жобасын жүзеге асыру мақсатында білім беру және тәжірибе алмасу, сондай-ақ кәсіби музей тәжірибесін өтудің жаңа бағыттары бойынша кадрлар даярлау саласындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында Қазақстанның жетекші жоғары оқу білім орындары: «Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті», «Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы», «Қазақ спорт және туризм академиясымен» ынтымақтастықты орнату туралы меморандумдарға қол қойылды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінің директоры Р. Е. Харипова құттықтау сөз сөйледі.

Шараға жоғары оқу орындарының өкілдері: Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің археология, этнология және музеология кафедрасының меңгерушісі – Жұматаев Ринат Серікұлы, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры – Халықов Қабыл Заманбекұлы, Қазақ спорт және туризм академиясының оқу жөніндегі проректоры – Нұрмуханбетова Динара Кенжеқызы, сонымен қатар студенттер қатысты.

подписание меморандума о сотрудничестве с ведущими ВУЗами Казахстана подписание меморандума о сотрудничестве с ведущими ВУЗами Казахстана
подписание меморандума о сотрудничестве с ведущими ВУЗами Казахстана подписание меморандума о сотрудничестве с ведущими ВУЗами Казахстана
подписание меморандума о сотрудничестве с ведущими ВУЗами Казахстана подписание меморандума о сотрудничестве с ведущими ВУЗами Казахстана

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2022 жылды «Балалалар жылы» деп жариялауына орай «Талантты балалар» республикалық балалар фестивалін өткізеді.

«Талантты балалар» Фестивалдің мақсаты–балаларды музей алаңына тарту арқылы оларға мәдени білім беру, шығармашылық тұрғыдан өркендеуімен қатар дарынды балалардың ғылыми-зерттеу, ізденіс, ақпараттық-техникалық құралдарымен жұмыстарын насихаттай отырып жас ұрпақты ұлттық құндылықтарымызды, дәстүріміз бен мәдениетімізді тануға тарту. Сонымен қатар, республика бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен байқауларда жоғарғы жетістікке жеткен балалардың білім, өнер, музыка, спорт саласында жеткен жетістіктерін насихаттай отырып, олардың арасында достық қарым-қатынастың орнауына жол ашу.

Қатысу шарттары: 2022 жылдың 14 мамырына дейін ұйымдастыру алқасына төмендегідей құжаттар өткізу керек.

  • өтінім;
  • электронды кітап форматында фотоcурет, jpg форматында
  • жеке куәліктің көшірмесі;
  • жетістіктерінің куәлік, сертификат, диплом көшірмелері;
  • қатынасатын сайыс түрін көрсете отырып 3-5 минуттық бейнебаян дайындап жіберу (бейнебаянда өзін таныстыруы, жұмысымен таныстыру және мақсатын айқындау. Бейнебаян еркін форматта түсірілуі керек).
  • байланыс телефон, электронды пошта

Тапсырылатын құжаттар сканерленген нұсқада e-mail арқылы жолданады.

Фестивалге 6-15 жас аралығындағы балалар қатынаса алады. Олардың біліміне, ұлтына шектеу қойылмайды.

Фестивалдің қорытынды шарасына қатынасуға ниет білдірген бүлдіршіндерге қойылатын талаптар:

  • қатысушылардың жол ақысы, жатын орны, тамақтану шығыны жіберуші жақтан;
  • фестивалге қатысушылар санына шектеу қойылмайды;
  • фестивалдің қорытынды шарасында өнер көрсету мүмкіндігіне ие болғысы келетін бүлдіншіндер алдын-ала тапсырыс беруі керек.

Фестиваль қатынасушылары арнайы дипломдармен марапатталады және жетістіктері жыл бойына орталық музей арқылы насихатталатын болады.

Ұйымдастыру алқасы ауызша және бейне жазба жасауға және оны коммерциялық мақсатта қосымша төлемсіз қолдануға құқылы.

Фестивал аясында төмендегідей номинация бойынша үздік жобалар марапатталатын болады: актёр, би, археолог, домбырашы, палуан, ақын, суретші, әнші, географ, этнограф, өлкетанушы, тоғыз кұмалақ, гимнастика, шахмат.

Фестиваль аясында:

  • балалар шығармашылығының көрмесі;
  • шеберлік сабақтары;                      
  • блиц-турнирлер өткізіледі.

Фестиваль бойынша сұрақтар мен қатысу үшін барлық құжаттар 2022 жылдың 14 мамырына дейін мына электрондық пошта с This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  арқылы қабылданады: 

Координаторлар: Зухра Баянова 8 702 221 42 68, Билибаева Асель 8 701 757 10 70      

Өтетін уақыты: 18 мамыр 2022 жыл.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «2022 жыл – Балалар жылы» деп жариялады. ҚР Президенті белгілеген өзекті міндеттердің бірі-балалар мен жастар үшін сапалы білім беруді жақсарту саласындағы нақты бағыттарды әзірлеу.

«Баршаға арналған білім» атты екі күндік білім беру көрмесі

2022 жылдың 29 сәуірінде сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде «Баршаға арналған білім» атты екі күндік білім беру көрмесі ашылды. Оған шетелде білім алу жөніндегі кеңес орталықтары, тіл мектептері және Алматы қаласының білім беру курстары қатысты. Бұл жоғары және орта білім берудің үздік, тілдік, мәдени бағдарламалары және шетелде демалысты ұсынатын қаламыздың жетекші ұйымдары: «Education First», «Globus Education», «Edu Stream», «Study Room», «Get Education», «Чешский Образовательный Центр», «Global Student Center», «USL Kazakhstan», «Cambridge Academy» білім беру орталықтары ұсынады.

Көрменің ашылу салтанатында ҚР Мемлекеттік орталық музейі директорының қаржы және коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары Анара Саметова, «Education First» білім беру орталығының білім беру бағдарламаларының директоры Елана Тұрмағамбетова, «Edu Stream» білім беру орталығының баспасөз хатшысы Полина Шиманская, Чехия жоғары оқу орындарына түсу үшін шетелдік студенттерді даярлау жөніндегі «ASSOCIATION» білім беру орталығының директоры Радим Кноблох, «Global Student Center» білім беру орталығының директоры Зульфия Жулумова, «Cambridge Academy» бас менеджері Осьмина Вилора сөз сөйледі. Анар Саметова көрмеге қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, «Балалар жылы» аясында аталған іс-шараны өткізудің маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті. Білім беру орталықтарының басшылары өз компаниялары туралы қысқаша мәлімет беріп, көрмеге келушілерді орталықтардың жұмысымен танысуға шақырды.

Көрменің ашылуына Қаскелең қаласының «Немере» мектебінің жоғарғы сынып оқушылары, Алматы қ. № 176 мектеп-гимназиясы, халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, ALT Академиясының студенттері қатысты.

Выставка-ярмарка "Образование для всех" Выставка-ярмарка "Образование для всех"
Выставка-ярмарка "Образование для всех" Выставка-ярмарка "Образование для всех"
Выставка-ярмарка "Образование для всех" Выставка-ярмарка "Образование для всех"
Выставка-ярмарка "Образование для всех" Выставка-ярмарка "Образование для всех"
Выставка-ярмарка "Образование для всех" Выставка-ярмарка "Образование для всех"
Выставка-ярмарка "Образование для всех" Выставка-ярмарка "Образование для всех"
Выставка-ярмарка "Образование для всех" Выставка-ярмарка "Образование для всех"

Сіздерді 30 сәуір күні сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін көрмеде күтеміз.

Көрмеге кіру тегін.

ҚР орталық мемлекеттік музейі оқушылар мен студенттерді "Жас экскурсия жүргізушісі" танымдық үйірмесіне шақырады.

"Жас экскурсия жүргізушісі"

ҚР Мемлекеттік орталық музеінің жұмыс кестесі

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source