авто

Переключатель языков

2017 жылдың 7 желтоқсанында ҚР Мемлекеттік орталық музейінде «Нархоз» университетінің "Z Awards" алғашқы рәсімі өтті.
Шараның қонақтары болған университет түлектері, оқытушылары мен қызметкерлері үшін жанды музыка, би, «Art laboratory Tesla» компаниясы ұсынған жарық шоуы ұйымдастырылып, сонымен бірге «Үздік факультеттер» номинациясы бойынша жеңімпаздарды марапаттау өтті. Аты аңызға айналған JCS тобының өнер көрсетуі кештің сәнін кіргізіп, қонақтардың көңілін көтерді. Одан өзге, шара барысында Әлеуметтік шығармашылық хаб «We Art Narxoz» жобасының тұсаукесері өтті. 

"Z Awards"

"Z Awards"

"Z Awards"

2017 жылдың 2 – 3 желтоқсан күндері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық   музейі «Бақыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығымен бірлесіп, «Шығыс базары» атты Орталық-Азиялық дәстүрлі қолөнер көрме-жәрмеңкесін өткізеді. Көрмеге Қазақстан, Қырғыстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Ресей елдерінен келген 150-ден астам қолөнер шеберлері қатысады.

Көрме-жәрмеңкенің басты мақсаты – Орталық-Азия өңірі қолөнершілерінің шеберліктерін көрсету, өзара серіктестікті дамыту, жаңа шығармашылық ізденістер тауып, қолөнер өнімдерін көпшілікке ұсыну. 

Көрмеге алтын түсті жылтыр кесте, түбіттен тоқылған, ағаштан әшекейленген және қыш бұйымдар, тас, былғары және ішікті көркем өңдеу, ұлттық стильде жасалған интерьерлі ойыншықтар, кәріптастан және маржан тастардан жасалған әшекейлер, табиғи материалдардан жасалған кәдесыйлар, киіз, тоқыма бұйымдар, кенепке, тозға салынған картиналар, сәндік бұйымдар, қолдан жасалған сабын және т.б. шеберлердің эксклюзивті авторлық жұмыстары ұсынылады. Әр жыл сайын көрме-жәрмеңкеде ұсынылатын қолөнер өнімдерінің ассортименті де сан алуан.

Өзбекстанның қыш шеберлері авторлық керамика бұйымдарын көрермен назарына ұсынады, ал қазақстандық суретші-қыш шебері Әлиасқар Мұсаев қыш қолөнері бойынша шеберлік-сабақ өткізеді.

Көрме аясында жәрмеңкеге келушілер үшін қазақстандық белгілі суретші Күлән Жанғұттының киізден түрлі бұйым жасаудың әдіс-тәсілінен өткізетін шеберлік-сабағы ұйымдастырылады. Шеберлер келушілерге өз шеберліктерінің ерекшеліктері туралы әңгімелеп, қатысуға ниет білдірушілерді басты негіздерімен таныстырады.

Көрмеге келетін әрбір адам жаңа жыл қарсаңында өз жақындары мен туған туыстарына әдемі әрі ерекше сыйлықтар ала алады.   

Көрме-жәрмеңкенің ресми ашылуы  - 2017 ж. 2 желтоқсан, сағат 10-00

Көрме-жәрмеңкенің жұмыс уақыты: 2-3 желтоқсан, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін

Көрме-жәрмеңкеге кіру ақылы. 

Елбасы Кітапханасы «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасын ұсынады


2017 жылдың 10 қарашасында Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасының «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасы өз жұмысын бастайды. Жоба аясында ғылыми конференциялар, семинарлар, тренингтер, тақырыптық және шолу экскурсиялары, сондай-ақ «Назарбаев моделі» кітабының тұсаукесері тәрізді бірқатар іс-шаралар өткізіледі. Жоба шаралары Тұңғыш Президент күнін, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге орай ұйымдастырылады.

nazarbaev2017-1Елбасы Кітапханасының жобасы оңтүстік астанамыздағы көпшіліктің назарына ұсынылады. Жобаның негізін Елбасы Кітапханасының қор жинақтарынан құралған «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі қор көрмесі құрамақ. Көрме 10 қараша күні, сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейінде салтанатты түрде ашылады.

Көрменің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Тәуелсіз Қазақстанның тарихи өміріндегі рөлін жүйелі түрде кеңінен көрсету.

Көрермендер назарына Елбасы Кітапханасының архив, кітапхана, музей қорларының материалдары ұсынылатын болады: Н. Ә. Назарбаевтың жоғары мемлекеттік наградаларының бірегей жинағы, Құрандар кітабының жинағы, мемлекет басшылары және қазақстандық авторлар тарту еткен қолтаңбасы бар кітаптар, Н. Ә. Назарбаевтың шет тілдеріне аударылған еңбектері.

Көрме сараптамалық қауымдастықтың, ғалымдардың білім және мәдениет салалары мамандарының кездесулері өтетін орынға айналмақ. ҚР ОММ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ғылыми конференциялар жоспарланған. Ғылыми-тәжірибелік, әдіснамалық семинарлар ҚР Орталық мемлекеттік музейінде және аталмыш жоғарғы оқу орындарында жүргізіледі.

Көрменің жұмысы барысында оңтүстік астанамыздың тұрғындары мен қала қонақтары тақырыптық және шолу экскурсияларын тыңдауға, қор көрмесімен, сондай-ақ, Елбасы Кітапханасының жұмыс бағыттарымен танысуға мүмкіндік алады.

Н. Назарбаев: эпоха, личность, общество  Н. Назарбаев: эпоха, личность, общество 
 Н. Назарбаев: эпоха, личность, общество  Н. Назарбаев: эпоха, личность, общество
 Н. Назарбаев: эпоха, личность, общество  Н. Назарбаев: эпоха, личность, общество
 Н. Назарбаев: эпоха, личность, общество  Н. Назарбаев: эпоха, личность, общество
 Н. Назарбаев: эпоха, личность, общество  Н. Назарбаев: эпоха, личность, общество
 Н. Назарбаев: эпоха, личность, общество  Н. Назарбаев: эпоха, личность, общество

«Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көрмесі 2018 жылдың 14 қаңтарына дейін жалғасады.

china-farfor-afisha

2017 жылдың 11-14 қарашасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі мен Art Market галереясы «Фарфор өнеріндегі Жібек жолы жайлы Бейжің аңызы» атты Қытай заманауи бейнелеу өнерінің көрмесін өткізді.

Көрменің ашылу салтанатында ҚР МОМ директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ғалия Теміртон, өнертанушы Мария Жұмағұлова, Бауыржан Байділда, «Art Market» галереясының (Бейжің қ.) директоры Ли Сювей, қытай суретшісі Ли Ченсю сөз алып, көрменің ашылуымен құттықтады.

Көрмеде Қытай суретшілер қауымдастығының мүшесі, Art Market кескіндеме институтының вице-президенті Ма Хайфан; Қытай суретшілер ассоциациясы кеңесінің басқарма төрағасы Ли Чынсю; Бейжің мәдениет және тарих институты, Қытай суретшілер ассоциациясы, Бейжің суретшілер ассоциация кеңесінің мүшесі Чжэн Шанлу; Бейжің кескіндеме академиясы суретшілер комитетінің орынбасары Чжуан Сяолей; Цзинань университеті өнер академиясының президенті Чжан Тэлин; танымал суретші Чэн Маочан; Қытай суретшілер ассоциациясы, Ляонинск институты көркем жазу және кескіндеме кеңесінің мүшесі Ли Сювэй сынды кәсіби суретшілердің жұмыстары қойылды.

Көрме жұртшылықтың үлкен қызығушылығын оятып, мамандардың оң пікірін қалыптастырды, оның ішінде жоғарғы оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, өнертанушылар, археологтар, шығыстанушылар, фотосуретшілер, суретшілер мен басқа да ғылым, мәдениет және өнер қайраткерлері болды.

Көрме аясындағы ҚХР суретшілерімен ұйымдастырылған шығармашылық кездесуде кескіндеме жұмыстарын жасау бойынша шеберлік сабағы өткізілді. Іс-шараға Абай ат. ҚазҰПУ, Қазақ Қыздар педагогикалық университеті, Т.Жүргенов ат. ҚазҰӨА оқытушылары мен студенттері, сонымен бірге Марат Тұрғымбай, Бердалы Оспан, Ақашев Құрманғазы белсенді түрде қатысты.

Көрмені 1500 астам адам тамашалады.

Көрме қараша айының 14-іне дейін жалғасады.

Выставка "Пекинский сказ о шелковом пути на фарфоре" Выставка "Пекинский сказ о шелковом пути на фарфоре" Выставка "Пекинский сказ о шелковом пути на фарфоре"

2017 жылдың 7 қазанында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі ағымдағы жылы Қазақстан мен Жапония арасында жасалған дипломатиялық қарым-қатынастың орнатылғанына 25-жыл толуына орай, Қазақстандағы Жапония Елшілігі, Қазақстан - жапон адам ресурстарын дамыту орталығы, Қазақстандағы жапон іскерлерінің ассоциациясы мен Қазақстандағы жапон ассоциациясы бірлесіп, Қазақстан мен Жапония арасындағы мәдени ынтымақтастық байланыстарды дамыту мақсатында дәстүрлі «Жапон мәдениеті күнін» өткізді. Бұл күні Алматы қаласының тұрғындары және қала қонақтары Күншығыс елінің салт-дәстүрімен де таныса алды.

Үлкейту үшін басыңызҚазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі 10 жылдан астам уақыттан бері Қазақстандағы Жапония елшілігімен бірлесіп, белсенді қызмет атқарып келеді. Музейде өткен «Жапония қуыршақтары», «Әлем кимоно жасау шебері Итику Куботаның көзімен», «Хиросима мен Нагасаки», «Исекатагами» өнері жөніндегі шеберлердің картиналар көрмесі және тағы басқада мәдени шаралары қалалық жұртшылықтың зор қызығушылығын тудырды және республикалық БАҚ беттерінде кеңінен көрініс тапты.

Жапония – ғибадатханалар мен сұлулығымен тамсандырған бақтар, қар басқан тау шыңдары мен зәулім үйлер, болашақтың технологиясы мен ғасырлық дәстүрлер, қалалық өмірдің қарбалас тіршілігі мен табиғаттың сұлулығы үйлесе жарасқан ғажайып жұмбаққа толы елдердің бірі.

«Жапон мәдениеті күні» фестивалін салтанатты түрде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музей директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, философия ғылымдарының кандидаты Ғалия Теміртон, Жапонияның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Итиро Кавабата мырза және Нархоз университетінің академиялық қызметі жөніндегі проректоры Эльмира Ыдрысова ашты. Сөз алушылар аталмыш шараның маңыздылығын, жыл сайын өткізілетін шараға қала халқы мен қонақтарының қызығушылығын баса айтып өтті. Итиро Кавабата «Бұл фестиваль Қазақстанда 12-ші мәрте өзкізіліп отыр, іс-шара екі елдің мәдени ынтымақтастығын нығайтып қана қоймай, көрермендерді Күншығыс елінің бай салт-дәстүрімен таныстырады» деп атап өтті.

Шара барысында алматылықтар мен қала қонақтары Жапония өнері, мәдени дәстүрі, спорты, биі, асханасымен және жапон технологиялармен таныса алды. Көрермендер Жапон, Қырғыз және Қазақстандық шығармашылық ұжымдардың көнцерттік бағдарлама сын, тайко жапондық дабылдарында ойнайтын «Ооэдодайко» дабылшылар тобы мен «Ёсакой Соран» би тобы «Балықшылар» биін тамашалады. Мәскеу консерваториясының түлегі Марина Пак – КОТО (қазақтың жетігені) дәстүрлі музыкалық аспабында және Айтмұрат Төреғали СЫГАРУ ЩАМИСЕН дәстүрлі жапон музыка аспабында өнер көрсетті. Іс-шарада балалар үшін қағаздан жасайтын түрлі шеберлік-сабақтар мен ойындар ұйымдастырылды. Сондай-ақ Sony, Panasonic атты жапондық компаниялары қатысып, Toyota tsusho Kazakhstan Auto (Toyota Center Zhetisu, Lexus Center Almaty) 2 жапондық автокөлік маркасының тұсау кесері және «Sony», «Panasonic» секілді компаниялардың (жаңа үлгідегі телевизорлар, ұлғайтқыш колонкалар, гаджеттер, телефондар және т.б.) үлгілері қойылды.    

Мерекелік фестивальге 7000-нан астам адам келді, 14 БАҚ, кейбір телеарналар іс-шараны тікелей эфирде көрсетті.  

Culture of Japan in Almaty Culture of Japan in Almaty
Culture of Japan in Almaty Culture of Japan in Almaty
Culture of Japan in Almaty Culture of Japan in Almaty

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source