авто

Переключатель языков

Верный жәрмеңкесі 20162016 жылдың 22-25 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі, «Творческие сезоны» компаниясымен бірлесіп Орта Азиядағы ең ірі Халықаралық «Верный жәрмеңкесі» атты жаңа жылдық көрмесін өткізеді.

Көрмеге әшекей бұйымдар, панно, кескіндеме жұмыстары, аксессуарлар, антиквариат бұйымдары және т.б. қол өнер бұйымдары қойылады. Бұл жолы Ресей атынан көрмеге суретші Игорь Елин, суретші-теддист Елена Кукузей (Омск қ.,), сонымен қатар киім дизайнерлері Ирина Арсеньева (Красноярск қ.,), Ольга Лебедева (Омск қ.,), «Верненская Мануфактура» компаниясы, сондай-ақ Орта Азия, Грузия, Латвия, Украина, Германия, Болгария, Жапония және Қазақстанның жетекші дизайнерлері, суретшілері және шеберлері қатысады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі мен «Творческие сезоны» компаниясы Сіздерді Халықаралық «Верный жәрмеңкесі» атты жаңа жылдық көрмесін тамашалауға шақырады.

Көрме-жәрмеңкенің жұмыс уақыты: 22 - 25 желтоқсан, сағат 9.00-18.00-ге   дейін

Көрме-жәрмеңкеге кіру - ақылы.

2016 жылдың 21 желтоқсан күні сағат 14:30-де Қазақстан Республикасы Мемлекетік орталық музейі, БҰҰ балалар қоры және ЮНЕСКО Қазақ Ұлттық Федерация клубы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен ЮНИСЕФ-тің 70 жылдығына арналған «Әр балаға 70 жыл бойы қызмет» атты республикалық балалар байқауының көрмесін ашады.

UNICEF-70

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейі мәдени - білім жұмысы аясында кәсіби суретшілердің көрмесімен қатар балалар шығармашылығына арналған көрмелерді өткізуді дәстүрге айналдырды.

Байқаудың негізгі мақсаты балалар құқығын қорғау саласындағы ЮНИСЕФ-тің қағидалары мен арман-мұраттарын, сонымен қатар жастардың өз ойларын сан алуан шығармашылық арқылы дамытуды қолдау болып табылады. Дарынды балаларды анықтау және ынталандыруға аса назар аудару арқылы, ұйымдастырушылар еліміздің әр жас азаматына мейірімділік пен түсіністікке негізделген бейбіт қоғамды қалыптастырудың маңыздылығын жеткізуді мақсат етіп қойды.

Көрмеге «Әр балаға 70 жыл бойы қызмет» атты байқауға қатысқан, еліміздің түрлі қалаларынан келген балалардың 70-ке жуық өнер туындырлары қойылады.

Іс-шара барысында «Бала құқықтары», «Балаға мейірімді Қазақстан», «ЮНИСЕФ балалар бейбітшілігі үшін» және «Үздік видео ролик» атты төрт номинация бойынша 500 қатысушының ішінен жеңімпаз деп танылған жастарды марапаттау рәсімі өтеді.

Сонымен қатар, іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және ЮНИСЕФ-тің 70 жылдығына арналған «Қазақстанның балалары - Әлем балалары» атты альбомның тұсаукесері өтеді.

Көрме 2016 жылдың 27 желтоқсанына дейін жалғасады.

Unicef-70 (pictures of children) Unicef-70 (pictures of children)
Unicef-70 (pictures of children) Unicef-70 (pictures of children)
Unicef-70 (pictures of children) pUnicef-70 (pictures of children)

2016 жылдың 13 желтоқсанында сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі Алматы қаласындағы Венгрияның Бас консулдығымен бірлесіп ұйымдастырған Венгрия ғылым академиясының құрылғанына 225 жыл толуына орай «Венгрия ғылымының мерекесі» атты көрме ашылады.

«Венгрия ғылымының мерекесі»Граф Иштван Сечени (1791-1860 жж.) – саясаткер-реформатор, ғалым, жазушы, қазіргі Венгрияның дамуына елеулі үлес қосқан өз елі тарихындағы қайталанбас тұлғалардың бірі. 1827 жылы Сечени Венгрия саяси реформасында маңызды рөл атқарған «Nemzeti Kaszinó» патриоттық венгр ақсүйектік клубын ұйымдастырды. Сечени венгр ақсүйектеріне арналған - Hitel («Кредит»,1830ж.), Világ («Мир»,1831ж.),  Stádium  («Стадия», 1833ж.) атты бірнеше саяси еңбектердің авторы. Оның теориялық жұмыстары Венгрияның экономикалық және қоғамдық жаңғыруында басты рөл атқарды.

Иштван Сечени 1830 жылы Венгрия ғылыми қоғамын құрды, ол кейіннен Венгрия ғылым академиясы қайта аталды. Академия орфографиялық нұсқаулық (1832ж.),  сипаттамалық грамматика (1846ж.), түсіндірме сөздік (1862ж.) және т.б. еңбектерді шығару арқылы венгр тілінің дамуына зор үлес қосты. Академия жұмысының алғашқы сүбелі нәтижесі ортақ жазу үлгісі мен  грамматика ережелерін анықтау болды. Иштван Сечени акционерлік қоғамның негізін қалаушы ретінде өз ғылыми жетістіктерінен бөлек, Дунай кеме қатынасын дамытуға, кеме құрылысының қалыптасуына белсенді үлес қосып,  Будапеште Дунай арқылы өтетін бірінші тұрақты көпір салу бастамасын көтеріп, сондай-ақ құрылыстың заңды, қаржылық және техникалық мәселелерді шешуде маңызды рөл атқарды.
1848 жылғы буржуазиялық көтерілістен кейін Сечени бірінші венгр парламенттік үкіметінде  көлік министрі қызметін атқара жүріп, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан.
1850 жылдары Сечени  публицистикамен айналысып, әрі мынадай әдеби шығармалар жазды: Önismeret (венг. тілінде «Өзін-өзі тану») – балалар және педагогика сұрақтары туралы, Ein Blick (неміс тілінде «Көзқарас») жұмысы – Венгрия саяси мәселелері жөнінде, мұнда ол революция мен ұлт-азаттық қозғалысты басып тастағаны үшін империя үкіметін сынап жазды.
Иштван Сечени Венгрия халқының жадында көрнекті ғалым,  саясаткер ғана емес, әрі саяхатшы ретінде мәңгі сақталады. Оның еңбектерін бүкіл әлемнің ғалымдары мен мамандары жоғары бағалап, ғалым аты біртуар венгр ғалымдарының тізіміне мәңгіге енгізілді. Ол Англияға саяхат жасап, сонымен бірге Оңтүстік және Батыс Еуропаның (Чехия, Германия, Франция, Италия, Голландия және т.б.) біраз бөлігін аралап шыққан. Дәл осы Англия Сечени үшін буржуаздық қоғамның қалыптасуы мен индустрияландыруды қоса алғанда, мемлекет дамуының еліктеуге тұрарлық үлгісі ретінде болды. Англияда жылқы өсіру, газ жарығы қыр-сырларымен танысты. И.Сечени шет елдерінде ғылым, экономика, саясат, құрылыс сияқты түрлі салалар бойынша  игерген тәжірибесін өз елі Венгрияның дамуында тиімді қолданды.   
Бүгінде Венгрияда Иштван Сечени есімі мекемелер, бірқатар көшелер мен алаңдарға берілген. Оның есімі ең жоғарғы ғылыми марапатқа (1990 жылдан бері Мемлекеттік сыйлық Сечени сыйлығы деп аталады) ие, оның бейнесі көптеген мүсіндік туындыларда сомдалып, банкноталардан орын алған. Будапешттегі басты шынжырлы көпір де Сечени атауына ие. Ғалым өмірі жайлы 2002 ж. A Hídember («Көпір адам») атты фильм түсірілді. Қазіргі Венгрияның қалыптасуына зор еңбек сіңірген Иштван Сечени мұрасына венгрлердің өзі әлемнің қай жерінде жүрсе де үлкен құрметпен қарайды.      
Шара бағдарламасында: ресми ашылу, экспозициямен танысу, дастархан мәзірі.

Көрме 2016 жылдың 29 желтоқсанына дейін жалғасады.

hungary-science-225 hungary-science-225
hungary-science-225 hungary-science-225

2016 жылдың 15-18 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінде Алматы қаласындағы «Творческие сезоны» компаниясының ұйымдастыруымен Орталық және Орта Азиядағы ең ірі Халықаралық «Christmas Art Fair-2016» атты бейнелеу өнері көрме-жәрмеңкесі өтеді.

christmas-art-fair-2016Жарқын Жаңа жыл мерекесі барша жұртшылыққа ғажайып ертегі әлемінің сиқырлы ләззатын сыйлайды. Мол шаттық шуағын төгіп, сән-салтанат, ойын-сауық думанына бөлейді. Музей және «Творческие сезоны» компаниясы бірігіп бейнелеу өнері көрме-жәрмеңкесін өткізіп келеді. Бейнелеу өнері көрме-жәрмеңкесін өткізу Қазақстан мен басқа шет мемлекеттің суретшілері, шеберлері мен өнерді бағалаушылар үшін игі дәстүрге айналды. Көрме-жәрмеңкеде жұртшылық Қазақстан, Ресей, Украина, Грузия, Латвия, Германия, Болгария және Жапониядан келген 300-ден аса дизайнер, суретші, шығармашылыққа құштар өзге де өкілдердің тартымды бұйымдарымен таныса алады. Көрмеде Ресей суретшілері: Петр Фролов және Наталья Тур, киім дизайнері Ольга Лебедева, суретші-қуыршақшы Анастасия Елисеева, Ресей Суретшілер Одағының мүшесі Татьяна Задорина шығармаларын, «Территория дизайна» компаниясы өзінің сәндік зергерлік бұйымдарын ұсынады. Сонымен қатар, көрме-жәрмеңкеге Мария Айтқалиева ұсынған әшекей бұйымдар, киім-кешек пен керек-жарақтар, интерьерлік заттар, авторлық карамельдер, тоқаштар, шоколад пен пісірілген түрлі тәттілер, шырша ойыншықтары, қуыршақтар, нәзік жібектер, жылы авторлық киізден жасалған заттар, фарфор, әйел сөмкелері, «Саквояж» командасының авторлық керамикалық заттары, Кочетковтар отбасының сәндік танамоншақтары, эко-косметика және т.б. қойылады.

Бейнелеу өнері көрме-жәрмеңкесі аясында жиһаздардың дизайнын қайта жасау бойынша Декоратор-қалпына келтірушілер мектебі мен Тігін машиналарының үйі жаңа жылдық шеберлік-сабақтарын өткізеді.

Музейге келушілер көрме-жәрмеңкеден өздеріне және жақындарына шаттыққа бөлейтін сәнді, қайталанбас Жаңа жылдық әсем сыйлықтар мен кәдесыйлар сатып алумен қатар мерекелік көңіл-күйге бөленеді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі мен «Творческие сезоны» компаниясы Сіздерді Халықаралық «Christmas Art Fair-2016» көрме-жәрмеңкесін тамашалауға шақырады.

Көрме-жәрмеңкенің ресми ашылуы: 2016 ж. 15 желтоқсан, сағат 13-00-де

Көрме-жәрмеңкенің жұмыс уақыты: 15 - 18 желтоқсан, сағат 9.00-18.00-ге дейін

Көрме-жәрмеңкеге кіру ақылы

Christmas Art Fair 2016 Christmas Art Fair 2016
Christmas Art Fair 2016 Christmas Art Fair 2016
Christmas Art Fair 2016 Christmas Art Fair 2016

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі және «Қайым Мұхамедханов атындағы білім және мәдениет орталығы» Қоғамдық Қоры бірлесе отырып 2016 жылдың 9 желтоқсанында, сағ. 11.00 Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы аясында Қайым Мұхамедхановтың 100-жылдығына арналған шараны өткізеді. Бұл шара Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының «Әке мен бала – Отан патриоттары» жобасының аясында ұйымдастырылады.

 Қайым Мұхамедханов – танымал ғалым, текстолог, абайтану ғылыми бағытының негізін салушы, ҚазССР Мемлекеттік әнұранының авторы, Семей қаласындағы Абай музейінің негізін қалаушы (1940 ж.), КСРО Жазушылар Одағының мүшесі (1940 жылдан бастап), жазушы, ақын, драматург, аудармашы, педагог, қоғам қайраткері, М.Әуезовтың шәкірті әрі үзеңгілесі. «Абайдың ақын шәкірттері» мен «Абай мұрагерлері» атты фундаменталды зерттеу жұмыстарында ғалым Абай ізбасарлары мен шәкірттерінің шығармаларын ғылыми текстологиялық әдіспен қалпына келтіріп, ғылыми өмірбаяндарын жазып, 30 астам есімдерді нақтылады. Осы еңбектері үшін ол 1951 жылы қуғын-сүргінге ұшырап, 25 жылға Карлагқа тоғытылды, ал 1996 жылы аталған еңбегі үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығымен марапатталуы тарих парадоксына айналды.

Қайым Мұхамедханов жүздеген есімдер мен мыңдаған туындыларды жандандырып, өз шығармаларында түрлі мәдениеттерді тоғыстырды. Оның хаттарынан Абай бейнесін мүсін және кескіндеме өнері туындыларында сомдау арқылы мәңгі есте қалдырумен, ал Карлагтан босап шыққаннан соң Шәкәрім, алаштықтар, қоғам қайраткерлерінің есімдері мен еңбектерін жаңғыртумен айналысқанын көреміз.

Ғалымның 100 жылдық мерейтойын тойлау 2015 жылдың желтоқсан айында Орталық музейде өткен «Қайым Мұхамедханов: Хаттар сөйлейді. Каюм Мухамедханов: Письма говорят» кітабының тұсаукесерінен бастау алды. Бұл мерейтойлық 2016 жылы Қазақстанның барлық өңірлерінде Қ.Мұхамедхановтың шығармашылығына арналған конференциялар, семинарлар, концерттер, флэш-мобтар, байқаулар мен экскурсиялар сияқты бірқатар шаралар өткізілді. Өткізілмекші болып отырған шара бұл еске алу жылын аяқтамақшы. Шара барысында еліміздің тәуелсіздігі үшін күрескен алаштықтардың екі ұрпақ буынының елі үшін еткен еңбектерінен сыр шертетін тарихи фотосуреттер, мұрағат материалдары көрсетілетін болады.

Kayum Muhamedhan-100 Kayum Muhamedhan-100 Kayum Muhamedhan-100

Шараға кіру тегін.

Шара өтетін уақыт: 11.00-ден 13.00-ге дейін

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source