авто

Переключатель языков

christmas-art-fair2014 жылдың 18-21 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінде Алматы қаласындағы «Творческие сезоны» компаниясының ұйымдастыруымен Орталық және Орта Азиядағы ең ірі Халықаралық «Christmas Art Fair-2014» атты Жаңа жылдық бейнелеу өнері көрме-жәрмеңкесі өтеді.

Жарқын Жаңа жыл мерекесі барша жұртшылыққа ғажайып ертегі әлемінің  сиқырлы ләззатын сыйлайды. Мол шаттық шуағын төгіп, сән-салтанат, ойын-сауық думанына бөлейді. Бейнелеу өнері көрме-жәрмеңкесінде жұртшылық Қазақстан, Ресей,  Украина және Орталық Азиядан келген 300-ден астам дизайнер, суретші, шығармашылыққа құштар өзге де өкілдердің  тартымды бұйымдарымен таныса алады. Аталған көрме мемлекеттер арасындағы экономикалық және мәдени байланыстарды дамытуда үлкен маңызы бар.

Халықаралық «Christmas Art Fair-2014» бейнелеу өнері көрмесіне келушілер көптеген қызықты іс-шараларға куә болады. Олар авторлық көркемдік және шығармашылық жобаларды, бейнелеу өнері бейнетаспасын, «боди» сурет жанрын, авторлық көркемдік, коллекциялық, интерьерлік қуыршақтарды, суретшілердің, шығармашылық пен қолөнері аспаптары мен материалдарын, дизайнерлік жұмыстарды (керек-жарақтар, киім, әшекейлеу, флористика), сурет салынған табақтарды, атақты суретшілер туындыларын, ашық түсті жібек бөкебайлар, сөмкелер, әсем білезіктер, авторлық қолтума шырша әшекейлерін тамашалайды. Дәмі тіл үйіретін алуан түрлі тәттілерден дәм татады.

Бейнелеу өнері бағдарламасында: көрмеге қатысушылардың жабағылау, тоқу бойынша, «Лавка Чудес» шеберханасының  ұсақ маржан моншақтардан әшекейлер мен қар қылауларын жасау бойынша, Дарья Буденныйдың тоқыма қуыршақтар дайындау бойынша шеберлік кластары өткізіледі. 21 желтоқсанда сағат 15.00-де Виктория Цейтельманның (Днепропетровск) «Қуыршақ басы, рамадағы көлемді картина» атты шеберлік класы өтеді. «Папа Карло» атты авторлық қуыршақтардың Халықаралық конкурсы ұйымдастырылады. Сондай-ақ «Жер жүзі қуыршақтары Орталығы" шеберханасы (Алматы) қуыршақтарды дайындау негіздеріне оқытатын кіріспе шеберлік кластар сериясын ұсынады.  20 желтоқсанда – конкурс жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі мен концерт өткізіледі.

Музейге келушілер 4 күнге созылатын көрме-жәрмеңкеден өздеріне және жақындарына шаттыққа бөлейтін сәнді, қайталанбас Жаңа жылдық  әсем сыйлықтар мен кәдесыйлар сатып ала алады.

Музейде мұндай көрме-жәрмеңкелер өткізу ізгі дәстүрге айналды. Ол жылдан жылға Қазақстанда да, сондай-ақ шет елдерде де өнерді бағалаушылар тарапынан тұрақты сұранысқа ие болып келеді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі мен «Творческие сезоны» компаниясы Сіздерді Халықаралық «Christmas Art Fair-2014» Жаңа жылдық  көрме-жәрмеңкесін тамашалауға шақырады.

Көрме-жәрмеңкенің ресми ашылуы: 2014 ж. 18 желтоқсан, сағат 13-00-де

Көрме-жәрмеңкенің жұмыс уақыты: 18 - 21 желтоқсан, сағат 9.00-18.00-ге дейін

Көрме-жәрмеңкеге кіру – 100 теңге.

 

2014 жылдың 12-ші желтоқсанында сағат 15:00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Желтоқсан – Тәуелсіздік жаңғырығы» атты көрмесінің ресми ашылуы өтеді.

1986 жылғы Алматыда болған Желтоқсан оқиғасы халықтың коммунистік партия басшылық еткен биліктің ресми саясатына қарсы наразылығын, бас көтерулерін, өз келіспеушіліктерін білдірді. Бұл Сумгаиттегі, Ригадағы, Вильнюстегі және КСР Одағының басқа елдеріндегі толқулы оқиғалардың бастаушысы болған еді.  17-18 желтоқсонда дүниені дүр сілкіндірген бұл көтеріліс бұрынғы тәртіпке қарсылық білдіруімен айғақталады. Көтерілісті әскерлер басып, жанышты.

Желтоқсан демонстрациясына қатысқан 30 мыңнан аса адамнан құқық қорғау органдары 8515 адамды ұстады, оның ішінен бес мың адам қала сыртына шығарылып қарға тасталды, 2400 адам қамауға алынып 1722-і түрлі дене жарақаттарын алды. 

Желтоқсан оқиғасы қазақ халқын аяғынан тік тұрғызды, сана-сезімінің ұлттық бағытта дамуына зор әсер етті. Барлық жерде қазақ халқының тілін, дәстүрін және рухани құндылықтарын қайта өркендету үшін қозғалыстар күшейді. Желтоқсан оқиғасы қазақтардың ұлт ретінде этносаяси бірігуін айтарлықтай күшейтті. Бір айта кететіні сол уақытта қазақ қоғамындағы полиэтникалық және поликонфессиялық дәстүрлі достық бұзылған жоқ. Қазақстанда тұрып жатқан орыстар, немістер, украиндар, өзбектер және басқа да ұлттың өкілдері қазақ халқының ұлттық арманына түсіністікпен қарады. Қазақстанда өзін-өзі билеу және тәуелсіздік идеясын жүзеге асыруға бағытталған процесс басталды.

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы тәуелсіз мемлекет құруға зор ықпал етіп, халық тағдырына түрлі өзгерістер әкелді. Күн өткен сайын бұл оқиғаның маңызы арта түспесе, кеміген жоқ.

Көрменің мақсаты: Желтоқсан оқиғасын объективті баяндау, өсіп келе жатқан жастарда ұлтжандылық сезімін тәрибиелеу. 
Көрме екі бөлімнен тұрады: бірінші – «Желтоқстан оқиғасына қатысқандардың жеке кешендері», екінші – «Бүгінгі күнгі Тәуелсіз Қазақстан».

Көрмеге келушілер назарына фотоқұжаттық, заттық экспонаттар, желтоқсан оқиғасына қатысқан адамдардың құжаттары және де кітаптар қойылады.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source