авто

Переключатель языков

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі және «Қайым Мұхамедханов атындағы білім және мәдениет орталығы» Қоғамдық Қорының бірлесіп ұйымдастыруымен Абай Құнанбаевтың 170 жылдығы аясында және Қайым Мұхамедхановтың алдағы жылы тойланатын 100 жылдығының қарсаңында 2015 жылғы 3-ші желтоқсанда Музейде өтіп жатқан «Абай әлемі» көрмесі төрінде «Қайым Мұхамедханов: Хаттар сөйлейді. Каюм Мухамедханов: Письма говорят» кітабының тұсаукесері өтті.

Қайым Мұхамедханов

Кітаптың тұсаукесері жиынын ҚР Мемлекеттік орталық музейі директорының ғылым істері жөніндегі орынбасары Бабақұмар Хинаят қысқаша сөз сөйлеп ашты. Бұдан кейін аса сындарлы абатанушы, білікті ғалым, қаламгер Қайым Мұхамедханов туралы белгілі жазушы-сатирик Ғаббас Ғабышұлы, жазушы, аудармашы, дінтанушы Уахап Қыдырханұлы, бірегей ғалымның тұяғы, қызы, «Қайым Мұхамедханов атындағы білім және мәдениет орталығы» қоғамдық ұйымының директоры, профессор Дина Мұхамедхан, белгілі аудармашы, ақын, мәдениеттанушы, философ Әуезхан Қодар, М.Ә. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Абайтану және жаңа дәуір әдебиеті бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Серікқазы Қорабай, филология ғылымдарының докторы, профессор Айгүл Ісмақова, Қайым Мұхамедхановтың шәкірті,

Астана қаласындағы Ә.Марғұлан атындағы №40 орта мектептің директоры Ербол Іргебай, кітаптың демеушісі Мақсұт Өмірханов өз ой-тілектерін ортаға салды.

Қайым Мұхамедханов – танымал ғалым, абайтану ғылыми бағытының негізін салушы, текстолог, КСРО Жазушылар Одағының мүшесі (1940 жылдан бастап), қоғам қайраткері, жазушы, ақын, драматург, аудармашы, педагог, ҚазССР Мемлекеттік әнұранының авторы, Семей қаласындағы Абай музейінің негізін қалаушы (1940 ж.). Ғалым өзінің ғылыми-зерттеушілік қызметінің алғашқы күндерінен бастап Абай және оның ізбасарлары туралы материалдарды тірнектеп жинаған болатын. 1951 жылы қорғаған «Абайдың әдебиет мектебі» кандидаттық диссертациясы, «Абай ортасының ақындары» және «Абай шығармаларының текстологиясы» монографиялары, сонымен бірге көптеген ғылыми мақалалары Абай және оның шәкірттерінің өмірі мен шығармашылығын зерттеуге үлкен үлес қосты. Абайдың 150 жылдығы қарсаңында «Абай» Республикалық қоры «Абайдың ақын шәкірттері» атты Қ.Мұхамедхановтың іргелі зерттеу жұмысын бес томдық етіп жариялады.

Қ.Мұхамедханов Абай атындағы Халықаралық сыйлықтың және Журналисттер Одағының сыйлығының лауреаты, «Алаш» Халықаралық әдеби сыйлығының №1 медалімен марапатталған. 1996 жылы абайтануға қосқан үлесі үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығына ие болды.

muhamedhanov-book1 muhamedhanov-book2
muhamedhanov-book3 muhamedhanov-book4

«Қайым Мұхамедханов: Хаттар сөйлейді. Каюм Мухамедханов: Письма говорят» кітабында ғалыммен бірге жүрген, бірге еңбек еткен ХХ ғасырдың көрнекті тұлғаларымен хат алмасулары берілген, олар: Ж.Сайын,

Қ.Сәтбаев, Ә.Марғұлан, С.Марков, І.Омаров, М.Хәкімжанова, Ә.Тәжібаев, М.Әуезов, Т.Иванова, Дм.Снегин, С.Мұқанов, Т.Жароков, С.Машақов, Ш.Мұртаза, Ә.Нұршайықов, М.Төлеуов, Н.Анов, А.Сейдембеков, В.Коротич, Х.Ерғалиев, Е.Жақыпов, А.Тоқпанов, Ж.Бектұров, В.Карпов, Ү.Сұбханбердина және т.б. Осы кітапта Абай мен Шәкәрім ұрпақтары, алашордалықтардың және басқа да белгілі қайраткерлердің балалары ғалым жайлы естеліктері және шежірелік білімдерімен бөлісіп, әкелерінің аттарын жаңғыртқаны үшін алғыстарын

білдірді.

Сонымен қатар, аталмыш кітаптағы қазақ және орыс тілдерінде жазылған хаттарда отандық тарих пен ғылым, өлкетану мен мәдениет туралы, Карлагта өткізген ауыр репрессия жылдары жайлы аса танымдық мазмұнды фактілер келтірілген.

Кітап тұсаукесері кешінде ұлы Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», «Сегіз аяқ», «Көзімнің қарасы» әндері шырқалды. Келушілерге жаңа кітапты таныстыратын фотосуреттер, Қайым Мұхамедханов туралы деректі

фильм көрсетілді.


Тұсаукесер өтетін уақыт: 11.00-ден 13.00-ге дейін

Бағдарламада: ғалымдардың сөз сөйлеуі, фильм көрсетілімі

Өтетін жері: музейдің 4 экспозициялық залы

2015 жылдың 5-6 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі және «Бақыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығы мен бірге дәстүрлі «Шығыс базары» атты Орталық-Азиялық қолөнер көрме-жәрмеңкесін өткізеді.

«ШЫҒЫС БАЗАРЫ»

«Бахыт» сәндік қолданбалы өнер орталығы 17 жыл бойы «Шығыс базары» атты дәстүрлі көрме-жәрмеңкені өткізуде. Жыл сайын Орталық Азия елдері қолөнершілерінің көрме-жәрмеңкесі музейде «Тәуелсіздік күні» мемлекеттік мерекесі мен Жаңа жыл қарсаңында өткізіліп отыр. Халық өнерін жоғары бағалаушылар арасында үлкен сұранысқа ие сәндік-қолданбалы қолөнер көрме-жәрмеңкесін музейде өткізу игі дәстүрге айналған.

Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан және Ресей елдерінен келген майталман қолөнер шеберлері алматылықтар мен қонақтарға өздерінің өз қолдарынан жасаған туындыларды ұсынады. Олар жібек матадан тігілген киімдер, қолдан тоқылған бөкебайлар, ағаштан, металдан ойып жасалған кәдесыйлар мен тұрмыстық заттар, жібек жіптермен тоқылған кестелер, Риштан қыштары, зергерлік әшекей бұйымдар, кілемдер, ұлттық киімдер және тағы да басқа көптеген қолөнер бұйымдары.

Бұл күндері жәрмеңкеге келушілер көңілдеріне ұнаған заттарын сатып алып қана қоймай, сонымен қатар қазақстандық белгілі суретші Гүлнәр Өмірбекованың жібекке өрнек салу әдіс-тәсілінен өткізетін шеберлік-класына қатысып, сәндік-қолданбалы өнердің аталған түрін меңгере алады.

Қолөнершілердің Орталық-Азиялық көрме-жәрмеңкесі қызықты бағдарламаларға толы, әртүрлі шығармашылық ұжымдар қатысқан концерттік бағдарламасы ұсынылып, осы күндері әйгілі шеберлердің сатылымдық тауарларының ұтыс лотореясы ойнатылады, сондай-ақ музей көрмелерімен және экспозицияларымен таныса алады.

Жәрмеңке баршаға сәндік-қолданбалы өнер әлемінің құпия сырларын ашады.

Баршаңызды ертедегідей шығыс базарының ғажайып думанын сезінуге шақырамыз!

Көрме-жәрмеңкенің салтанатты ашылуы 2015 жылдың 5 желтоқсан күні, сағат 10-00

Көрме-жәрмеңкенің жұмыс уақыты: 5-6 желтоқсан күндері, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін  

Жәрмеңке-көрмеге кіру – 150 теңге

 

2015 жылы 14-15 қараша күндері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі «FourЭ» ұйымымен бірлесіп, дүниежүзілік ЖҚТБ (СПИД) күресу күніне орайластырылған «FOURЭVER LIFE» салауатты өмір салты және өзін-өзі дамыту индустриясы көрмесін өткізді. Көркем безендірілген көрме ән, жыр, қызу пікірталастармен, тестілеу сынақтарымен ұласып, жаны жаралы жандарға сарқылмас сенім шуағын дарытқандай әсерге бөледі.

Бүгінде Алматы - Шығыс Еуропа және Орта Азия аймақтарында АИВ(ВИЧ) инфекциясына тестілеу және АИВ/ЖҚТБ (ВИЧ/СПИД) бойынша БҰҰ-ның көлемді ақпараттық іс-шаралары бағдарламасын тұңғыш рет жүзеге асыратын қалаға айналды. Іс-шараны ұйымдастырушылар АҚТҚ-ның қаупі жоқ деп есептейтіндерді АҚТҚ-ға тест тапсырып көруге шақырды. Егерде тест нәтижесі қауіп тудырса, өзінің АИВ(ВИЧ) деңгейін анықтап, емдеу шараларын бастап кету көзделді. Науқанды іс-шараның мақсаты – халықтың АИВ(ВИЧ) инфекциясына арналған тестілеуге байланысты қате түсінігін тоқтату.

forever-life-1 forever-life-2015-2

Салауатты өмір салты және өзін-өзі дамыту индустриясы көрмесінің аясында Алматы қаласындағы ВИЧ/СПИД орталығының қызметкерлері тегін, құпия және жасырын түрде АҚТҚ-ға жылдам тестілеу жүргізіп, дәрігерлік кеңес берді. Алғашқылардың бірі болып, жастардың арасында танымал артистер, суретшілер және музыканттар АИВ (ВИЧ) тест тапсыруға ықылас білдірді.

Вероника Насальская, Әнуар Нұрпейісов, Разия Хасанова сияқты өнер адамдарының қатысуымен АИВ(ВИЧ) ауруына шалдыққан отбасылардың бір-бірімен қарым-қатынасы және олардың әлеуметтік бейімделу жағдайы туралы ашық пікірталас өрбіді. Пікірталасқа Орталық Азиялық АИВ (ВИЧ) індетіне шалдыққандар қауымдастығының президенті Нұрәлі Аманжолов қатысты.

forever-life-2015-3 forever-life-2015-4

Іс-шараның бағдарламасында салауатты өмір салты жайлы тренингтер, семинарлар, дәрістер, ересектер мен балаларға арналған рухани және тән саулығы жайлы кеңес беретін психология саласындағы жетекші мамандармен танысу, сәндік-қолданбалы өнер бойынша өткізілетін шеберлік-кластар және қолөнершілердің жәрмеңкесі, «Кино и немцы», «Тұмар», «Роксанаки», «Бугарабу», «Хедн Ти» және т.б. топтардың, отандық музыканттардың қатысуымен жан тебірентерлік концерттер, еліміздің кәсіпкерлерінің қатысуымен және әлеуметтік жобалар жайлы өтетін   дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Қайрымдылық шараларына «Милосердие» қорының директоры Аружан Саин, «Sport Concept» қоғамдық қорының негізін қалаушы және жетекшісі Анна Шелепова, «Эльдани» қорының директоры Гүлзира Амантурлина, «Selfmade» жобасының авторы Айнұр Еспенова, «Тегін түскі ас» жобасының ұйымдастырушысы Сергей Сек өздерінің үлкен үлестерін қосты.

Сондай-ақ, жоба аясында Алматы қаласының бір топ жас суретшілері өз еңбектерін «FOURЭVER LIFE» тақырыбында арнаса, ал «Білім-Орталық Азия» білім беру орталығының «Болашақ – менің таңдауым!» жобасына өз ен қатысушылар АИВ(ВИЧ) алдын алуға бағытталған «Таза жол таңда» виртуалды ойынын көрсетті. Ал «Арт және Шок» театрының артистері «Тағдыр» атты АИВ(ВИЧ) ауруымен өмір сүретін адамдарға өмірге деген сенім, үміт ұшқыны, төзімділік қарым-қатынастары туралы арнайы қойылым ұсынды.

2015 жылдың 30 қарашасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» күніне арналған «Елбасы жолы» атты көрме ашылды.

Елбасы жолыАлғашқы құттықтау сөз кезегі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі директорының бірінші орынбасары Бейбітқали Смағұлұлы Қақабаевқа берілді.     Мұнан кейінгі сөз кезегін Елбасының сара жолы туралы байыпты ой-тілектерімен бөліскен «Алматы қаласы ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Айдар Рахымжанұлы Есенбеков, Қазақстан Республикасы Президент Мұрағаты директорының орынбасары Қайрат Шәкәрімұлы Әлімғазинов, «Нұр Отан» ХДП Медеу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғани Айдарұлы Майлыбаев алды.

Әр елдің терең тарихы бар. Әлемде белгілі бір мемлекеттің дамуы мен гүлденуін жеке бір адамның атымен тығыз байланыстыру сирек те болса кездесетін шынайы шындық. Әдетте, мұндай ерен туған тұлғалар өздерінің бойына біткен ерекшеліктері мен қабілеттерін дұрыс пайдалана отырып, қоғамдық күштерді өз елінің іргетасын қалауға, әлемдік қауымдастықта оның лайықты орнын анықтап беруге жұмсай біледі. Кеңес Одағы құлағаннан кейін, Тәуелсіздікке қол жеткізген Қазақстан басқа елдер сияқты өз мемлекеттілігінің тұғырын мықтап, нарықтық экономикаға көшіп, демократиялық қоғам құрып, ұлттық сана‑сезім мен ұлтаралық және дінарлық келісімдерді нығайтты. Мемлекетті басқарып отырған басшылық алдында еліміздің дамуы үшін әр түрлі реформалар жүргізу мәселелері тұрды. Өзіміз білетіндей, осындай қысылтаяң шақтарда Президентіміз Н.Ә.Назарбаев оң бетбұрыс жасап, экономикалық даму жолына ерекше мән беріп, саяси проблемаларды шешуді алға қойды. Өмірдің өзі көрсеткендей Елбасының таңдауы дұрыс болып шықты. Н.Ә. Назарбаевтың «алдымен‑экономика, сонан кейін ‑ саясат» атты қағидасы посткеңестік кеңістікте сәтті реформалардың бірден-бір ұтымды үлгісі болды. Біздің еліміздің терең ойластырылған экономикалық даму стратегиясының жеткен жетістіктері негізінде «дамудың қазақстандық жолы» атты түсінік қалыптасты.

Қазақстанды әлемдік қауымдастықта мойындаудың алғашқы қадамы мемлекеттің 1991 жылы ядролық қарудан бас тартуы болды. Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде алғаш рет Түркия мемлекеті мойындады. Дүние жүзінің 40-тан астам мемлекеттеріне Қазақстан өзінің дипломатиялық өкілдігін орнатты. Сондай-ақ Қазақстан БҰҰ, ЕҚЫҰ және өзге де көптеген халықаралық ұйымдардың білікті, толыққанды мүшесі болды, Халықаралық маңызды конвенциялар мен келісімдердің қатысушысы атанды.

ҚР МОМ-де өткен аталмыш көрменің мақсаты Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық рөлінің дамуында тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың ерекше миссиясын жан-жақты ашып көрсету болып табылды.

Көрмеге ҚР МОМ қорынан Ұлт Көшбасшысының тарихымен тығыз байланысты материалдар қойылды. Экспозицияда Президенттің басқа мемлекеттермен байланыс орнатудағы қызметін бейнелейтін суреттер айтарлықтай орынға ие. Сондай-ақ, көрме ҚР Мемлекеттік орталық музейіне ҚР Президентінің Резиденциясы өткізген Елбасына шет мемлекет басшыларынан сыйға тартылған әртүрлі кәдесыйлар мен заттардан тұрды.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» қарсаңында «Елбасы жолы» атты бұл көрменің ашылуы Алматы қаласының мәдени өміріндегі елеулі оқиғалардың бірі болып қалмақ.

 

1president-2015-1 1president-2015-2

 

Көрме 2015 жылдың 24 желтоқсанына дейін жалғасады.

 

 

Халық өнері інжу-маржандарын жиған төкпе ақын

2015 жылдың 2 қараша күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі және «Халық ақыны Н.Байғанин атындағы мәдени қоры» бірлесіп, ХХ ғасырдағы қазақ халық поэзиясының аса көрнекті өкілі, жыр алыбы Нұрпейіс Байғанинның 155 жылдығына арналған «Ұмытпас мені ғасырлар» атты мемориалды көрмесі ашылды.

Көрмені Музей директорының бірінші орынбасары Бейбітқали Смағұлұлы Қақабаев қысқаша сөз сөйлеп ашты. Бұдан кейін сөз алған Ақтөбеден арнайы келген Н.Байғанин атындағы облыстық кітапхананың директоры Гүлжайнар Наренқызы Қалдинаға шежірелі, абыз ақын Нұрпейіс Байғаниннің шығармашылығы жайлы жан-жақты сөз өрбітті. Мұнан соң ақын шығармашылығының ғибрат-тағлымдары, мұралары туралы Халықаралық Қазақ тілі қоғамының Вице-президенті, филолог. ғ.д., Ерден Қажыбек Зада ұлы, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Абайтану және жаңа дәуір әдебиеті бөлімінің меңгерушісі, профессор Серікқазы Сыбанбайұлы Қорабай, Нұрпейіс Байғаниннің немересі, Н.Байғанин атындағы мәдениет қорының құрылтайшысы Ерболат Момынұлы Байғанин өз ойларын ортаға салды.

Выставка "Нурпеис Байганин" Выставка "Нурпеис Байганин"
Выставка "Нурпеис Байганин" Выставка "Нурпеис Байганин"

Нұрпейіс Байғанин - 1860 жылы қазіргі Ақтөбе облысы Темір ауданында туған. Әкесі Байғана қарапайым шаруа, анасы Үміт әнші, домбырашы, әрі ақын болыпты. Ол ақындық өнерді ең алғаш анасынан үйренген. 15-16 жасында «бала жыршы» атанып, айтысқа түседі, батырлар жырларын үйренеді.Белгілі ғалым Есмағанбет Ысмайыловтың жазуынша, «Нұрпейіс 17 жасынан бастап белгілі ақын-жыраулардың қасына еріп жүріп, өлең, жыр айтады, оның сөзін, жырын тыңдап, үлгі алған ақындары Абыл, Шернияз, Махамбет, Нұрым, Қашаған, Ығылман, Ақтан, Қазақбай, Сабыр жырау болды». Нұрпейіс 1846 жылы қаза тапқан Махамбеттің, 1867 жылы дүниеден озған Шернияздың тікелей шәкірті болмағаныменен де, олардың жалынды жырларын көзін ашқаннан жаттап, санаға сіңіріп өскені түсінікті. Замандастарының айтуынша, Нұрпейіс Махамбет ақынның жыр-толғауларын өте көп білген, сол жыр-толғауларды таратып-насихаттаушылардың бірі болған.

Ақынның белгілі туындылары «Қарасай – Қази», «Нарқыз», «Ақкенже» дастандары.Ұлы Отан соғысы кезінде жазған «Жиырма бес», «Ер туралы жыр» секілді отты поэмалары жауынгерлерге айрықша күш-қайрат беріп, осылайша Жеңіс күнін жақындатқанын аңғаруға болады. Теңіздей толқып тасыған інжу-маржан жырларын көкірегіне тоқып, сақтаған әрі өзі де өмір сүрген заман келбетін жарасым-сұлулығымен, көркемдік сәулетімен, бояу-нақыштарымен байыта, түрлендіре, кеңейте жырлаған көрнекті жыраудың бірі – Нұрпейіс Байғанинге 115 жыл.

«Ұмытпас мені ғасырлар» атты көрмеге Байғаниндер әулетінің жеке мұрағатындағы және музей қорында сақталған ақынның фотосуреттері мен құжаттары, жеке заттары қойылды. Қазақстанның танымал әртістерінің орындауында Н.Байғаниннің шығармалары орындалды. «Нұрпейіс Байғанин» атты деректі фильм көрсетілді.

Көрменің жұмыс уақыты: 2015 жылдың 2-12 қараша аралығы, сағат 9. 30-дан 18. 00-ге дейін

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source