2016 жылдың 3-6 маусым күндері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі «Fair Expo» көрме компаниясымен бірге Алматы қаласының 1000 жылдық мерейтойына орай «Almaty FEST 2016» атты фестиваль өткізеді.Аталмыш фестиваль кәсіпкерлер мен тауар өндірушілерді, сауықтыру қызметтері мен дәстүрлі медицинаны, дамыту орталықтары мен өнеркәсіпті, өнер және би мектептерін, дизайнер-зергерлерді, сәндік-қолданбалы өнер туындыларының авторларын және т.б. түрлі сала өкілдерін біріктіреді. Фестивальдың мақсаты – Қазақстандағы қолөнер мен шығармашылық индустрияны дамыту, хоббидің түрлі бағыттары мен түрлерін дәріптеу. «Almaty FEST» - халықаралық зергерлік көрме; сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының жәрмеңкесі; интерактивті, шығармашылық алаңдар.
Шығармашылық алаңдар халықтық өнеркәсіппен, отадық және шетелдік шеберлер мен дизайнерлердің көркемөнер туындыларымен, балаларды дамытатын бағдарламалармен таныстырады, жаңа дарындарды ашуға мүмкіндік береді.
Ал Халықаралық зергерлік көрмеде зергерлік компаниялар мен Ресей (Якутия, Москва, Махачкала, Кострома қалалары), Жапония, Қазақстан, Турция, Өзбекстан, Қырғызстанның өндірушілері көптеген тауарлар мен бұйымдар ұсынады, олар: жапон маржаны, күмістен жасалған якут бұйымдары, бельгия гауһар тастары, алтын әшекейлер және т.б.
Фестиваль аясында «Менің сүйікті қалам» атты балалар шығармашылық байқауының салтанатты марапаттау рәсімі өтеді. Байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 2016 жылдың 5 маусымы күні сағат 15.00-де, ал зергерлік компаниялар ұсынған ұтыс ойындары 6 маусым күні сағат 15.00-де өтеді.
Балалар мен үлкендер үшін «Воздушные замки», «Ты - художник», «Top-laif.kz», «Леденцовый рай», «Сладко_кз», «ArtBota», «Искусство ремесла», Art studio «TESORO», «Super Men», «Kidfox.kz», «Profiland» сияқты компаниялар мен орталықтар, мектептер мен студиялар кескіндеме, сәндік-қолданбалы өнер, би және сиқыр бойынша шоу-бағдарламалар мен шеберлік-сабақтар ұйымдастырады.
Фестиваль қатысушылар үшін өз саласындағы жеткен жетістіктерін көрсетуге, сонымен қатар басқада шығармашылық адамдармен танысуға, сондай-ақ сарапшылардың кәсіби бағасын аласыз.
Келушілер үшін – мерекелік көңіл-күй, шаттық, сонымен бірге заманауи қаламыздың тұрмысымен, шығармашылық өмірімен таныстырады. Шет елдерден алып келінген заттардың жәрмеңкесін көріп, шеберлік-сабақтар мен байқауларға қатыса алады.
«Almaty FEST 2016» бағыттары: зергерлік бұйымдар, бижутерия, тастар мен минералдар; дизайнерлік киімдер, ойыншықтар, қуыршақтар, керек-жарақтар, кәдесыйлар; тоқыма, ыдыс-аяқ, керамика, кілемдер; өнер мен шығармашылық (сурешілер мен дизайнерлердің авторлық жұмыстары және т.б.); біліми интерактивті бағдарламалар, рухани дамыту орталықтар (кеңестер, диагностика, шеберлік-сабақтар); сауықтыру орталықтары, далаптар мен парфюмерия; ұлттық тағамдар.
Келушілер үшін 2016 жылдың 3-5 маусым күндері сағат 12.00-де «Golden Gate” академиясы, ал 4 маусым күні «MONEYКЕН» музыкалық тобы музыкалық бағдарлама ұсынады.
«Almaty FEST 2016» фестивальінің өтетін орны: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі, «Самал-1» ықш. ауд., 44-үй.
Фестивальдың жұмыс уақыты: 09.30-дан 19.00-ге дейін.
Жәрмеңкеге кіру ақылы: үлкендер үшін – 300 теңге, балаларға – 100 теңге.
Билеттер музейдің кассасында сатылады.
Тел.: 2644650; +7(727) 292 35 14, 250 36 44, +7 7773830454; сайт: www.almatyfest.kz
Ұлы Жібек жолы – Шығыс пен Батыс халықтарының тарихи қалыптасқан сауда жолы. Бәрімізге әйгілі Ұлы Жібек жолыхалықтардың экономикалық және мәдени қарым-қатынастарды дамыту жолында үлкен рөл атқарады.
Көңілді, түрлі-түсті шығыс базарына әр түрлі елдерден саудагерлер мен алушылар асыға келіп, Қытайдың жібегі мен фарфорын, Үндістанның тәтті дәмдерін, Хорезмнің қышын, түрлі бейнелеу туындыларын тиімді бағада сату және сатып алу саудасын жүргізіп отырған.
Шығыс базарының ертегідей әлемін Алматының 1000 жылдығына арналған «Жібек жолы» атты Үлкен Орта-Азиялық қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі мүмкіндік береді. Көп жылғы дәстүр бойынша аталмыш көрме-жәрмеңке 2016 жылдың 21-22 мамыр күндері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінде өтеді. Осы жолы көрме-жәрмеңкемен қатар Алматының 1000 жылдығына орай Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Қазақстан Ұлттық Клубтар Федерациясының қолдауымен «Оңтүстік Астана жас суретшілердің көзімен» атты байқау: көрме, сәндік-қолданбалы өнер саласынан шебер-сыныптар, дефиле (сән үлгісі) номинациялары бойынша өткізіледі. Бұл байқауда О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық академиясының колледжі, Мысыр елінің мәдениет орталығы және Қазақстан-Жапон адам қорының даму орталығы, сонымен қатар Ресей, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің көркем сурет мектептері мен колледждерінің қатысуымен жас суретшілер көрермендердің назарына Алматы (Алматының көркем жерлері, мәдени және тарихи ескерткіштері, қаланың символдары және де тарихи сюжеттері) тақырыбында көрме өткізеді.
Ұйымдастырушылардың алға қойған ең басты мақсаты қазіргі кездегі Алматы қаласы мәдениетінің дамуын жас суретшілердің заманауи бейнелеу өнеріндегі шығармашылық ізденістері арқылы көрсету. Кескіндеме, графика, мүсін, гобелен, зергерлік әшекейлер, ағашты нақыштап ою, қыш, көркем әшекей, киіз басу, дефиле (сән үлгісі) және шебер сыныптар сияқты әр түрлі жанрда көрсеткен жас суретшілердің жұмыстарын қолдау көрсетіп, ынталандыру.
Сонымен қатар Қазақстанның әр аймағынан келген халық шеберлері мен Тәжікстан, Қырғызстан, Түркменстан, Өзбекстан, Ресей, Грузия елдерінің 80-нен астам шеберлері қатысады. Көрмеге сыйлыққа арналған заттар, зергерлік бұйымдар, киім-кешек, сазды аспаптар, Шығыс миниатюрасы мен кілемдері, киізден және жібек маталардан жасалған бұйымдар, тоқыма және шамшырақтар, бойтұмарлар мен былғары бұйымдар қойылады.
Ұйымдастырушылар байқаудың қорытындысы бойынша байқау жеңімпаздарын сертификаттармен, дипломдармен, естелік сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапаттайды.
Көрме-жәрмеңкенің жұмыс уақыты: 2016 жыл 21-22 мамыр, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
Көрменің ұйымдастырушылары: «Бахыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығының қоғамдық қоры, ҚР Мемлекеттік орталық музейі (Самал-1 ықш., ауд, 44-үй).
Бахыт Әбдікәрім - +7 701 3908125, e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Күнсұлу - 8(727) 375-56-55, +7 7783164165, e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде 2016 жылы 27 сәуірде сағат 15.00-де қазақ кәсіби музыка мәдениетінің негізін қалаушы Ахмет Қуанұлы Жұбановтың 110 жылдығына арналған«Жүрек пернесі» атты жаңартылған көрмесі ашылады. Көрме Ахмет және Ғазиза Жұбановтар мұрасын зерттеу бөлімінде (мемориалды музей) өтеді.
Ахмет Қуанұлы Жұбанов (29.04.1906 - 30.05.1968) – композитор, дирижер, музыка зерттеуші этнограф, ұстаз, публицист, музыкант-қоғам қайраткері, Қазақ КСР халық әртісі, профессор, өнертану ғылымының докторы, Қазақстан Ғылым Академиясының академиғі.
Ахмет Қуанұлы Жұбанов – тұңғыш жоғары музыка білімін алған қазақ. А. Жұбанов 1906 жылы 29 сәуірде Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы, Қосуақтам қыстағында дүниеге келді. 1929 жылы Ленинград қаласындағы М. И. Глинка атындағы музыка техникумының А. А. Этигонның скрипка класына оқуға түсті, кейіннен Н. А. Римский-Корсаков атындағы Ленинград мемлекеттік консерваториясына оқуға түсіп, профессор Ф. А. Ниманның гобой класында және тарихи-теориялық факультетінде білім алды. 1932 жылы Өнер-зерттеу академиясының (кейін Театр, музыка және кино институты) музыка бөлімінің аспирантурасына түсті.
Ахмет Қуанұлы Жұбанов – қазақ музыка мәдениетінің көп қырлы және көрнекті қайраткері, Қазақстандағы көптеген музыкалық өнер ордаларының, сондай-ақ тұңғыш қазақ мемлекеттік ұлт аспаптар орекестрінің белсенді ұйымдастырушысы болды.
2006 жыл Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) ұсынысымен Ахмет Жұбанов жылы деп жарияланды. Осыған байланысты 2006 жылы қазанның 17-сі күні ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб - пәтерінде Ахмет Жұбановтың 100 жылдық мерейтойы рәсімі өтті. 2006 жылы 29 сәуір күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық Музейі жанынан «Ахмет және Ғазиза Жұбановтар мұрасын зерттеу орталығы» (мемориалды музей) салтанатты түрде ашылды.. Қазақ өнеріне үлкен музыкалық және әдеби-ғылыми мұралар қалдырған, әлемге әйгілі XX ғасырдың ұлы қайраткерлері Ахмет және Ғазиза Жұбановтарға арналған Мемлекеттік орталық музейі жанынан мемориалды музейдің ашылуы – Қазақстанның мәдени өміріндегі маңызды оқиға.
Ахмет Қуанұлы Жұбановтың 110 жылдығына арналған «Жүрек пернесі» көрмесінде оның өмірлік, шығармашылық, ғылыми және педпгогикалық жолын ашып көрсететін экспозициялар, сондай-ақ жаңадан басылып шыққан музыкалық шығармалары, партитуралары, кітаптары (концерт бағдарламалары, хаттар мен қолжазбалар) ұсынылады. Көрменің ашылуы Ахмет және Ғазиза Жұбановтардың шығармаларын орындайтын Ахмет Жұбанов атындағы Республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты оқушыларының қатысуымен өтеді.
Көрменің ашылуына белгілі музыка мамандары, мәдениет және білім қайраткерлері, А. Жұбановтың шәкірттері қатысады.
Өткізу орыны:
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің Ахмет және Ғазиза Жұбановтар мұрасын зерттеу бөлімі - мемориалды музей – пәтер.
Мекен жайы: Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі, 61/67 үй, 78 пәтер
(Абылайхан даңғылының қиылысы).
Телефоны: +7 (727) 272 63 69. (Анықтама телефоны: 264 46 50)
2016 жылдың 18 мамырында сағат 10.00 -ден түнгі 22.00 -ге дейін 11-ші мәрте «Музей түні» іс-шарасын өткізеді. Бұл шара Халықаралық Музейлер күні мен «Алматының 1000 жылдығына» арналған. Осы күні Музей өзінің келушілеріне тарихи-мәдени құндылықтар әлеміне ғажайып саяхаттар ұсынады.
«Музей түні» жобасының негізгі мақсаты - жұртшылықтың назарын еліміздің басты мәдени-білім беру нысанының бірі әрі бірегейі болып табылатын музейлерге аударту. Ұйымдастырушылар ерекше шаттықты көңіл-күй мерекесін ұйымдастыра отырып, «Әркім музейден тағылым алуы тиіс» деген ұлағатты ұстанымды көпшіліктің бойларына сіңіруді көздейді.
- Бұл күні ҚР Мемлекеттік Орталық музейі келушілерге музей қорларынанан алынған бірегей және сирек заттармен етене жақын танысуға мүмкіндік беретін түрлі сипаттағы шаралар мен көрмелерді ұсынады:
- «Алаумен өрілген өнер» атты көрмеде ХІХ ғ. екінші жартысынан бастау алған көркем керамика мен фарфорлар коллекцялары орын алады. Олардың ішінде ортағасырлардағы Талхир қалашығында (Талғар қ.) жүргізілген қазба жұмыстары барысында табылған, Чжао династиясының билігі кезіндегі Сун империясының тұсында (960-1279 жасалған қытай тостағаны мен Мейджи немесе Хочузан кезеңінің (1868-1912 жж.) Шимазу таңбалы Сацума князьдігіне тиесілі жапон тостағаны, сонымен қатар Қазақстан, Германия, Англия, Франция елдерінің зауыттары мен фабрикалары, Императорлық фарфор зауыты, М. Кузнецов, Ф. Гарднердің және т.б. зауыттардың жалғыз данада сақталған асханалық ыдыстар бар;
- «Бағзының жаңғырған куәлері» атты көрмеде музей қорындағы археологиялық коллекциялардың қайта қалпына келтірілген артефактілері ұсынылады;
- ҚР Орталық музейі қорындағы Қазақстанның әйгілі суретшілері – Ф.И. Болкоев, М.Т. Ержанов, Н.В. Соловьев, Ж. Шарденов, Т.Абуова, Е.Оралов, С.Я. Сухов, М.Сариев сынды өнер майталмандарының туындыларының көрмесі;
- ҚазКСР-нің халық әртісі, әнші, актер, режиссер, драматург, Халықаралық Ш. Айтматов атындағы сыйлықтың лауреаты, тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының иегері Кәукен Кенжетаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Қазақтың Кәукені» атты мемориалдық көрме;
- Музейге келушілер бұл күні Қазақстанның заманауи суретшілері мен мүсіншілері – Ж.Күшікбаев, П.Шорохов, М. Әмірханов, Фатима Тарази, Ж. Алтынбаева, И. Бадамбаева, А. Абдалиева, А. Молдабаев, С. Бектуғановтың қазақ халқының тарихы, дәстүрі мен мәдениеті, сонымен қатар Қазақстанның көрікті жерлері мен ескерткіштерін бейнелейтін өнер туындыларымен танысады.
- атты қазақтың дәстүрлі ыдыс-аяқ көрмесінде Орталық музей қорынан алынған 100-ге жуық экспонат қойылған;
- «Менің жадымдағы Алматы» атты экспозицияда келушілер қаламыздың 70-80 жж. тарихымен танысып, «70 жылдардың Фотосалонынан» фототүсірілім ала алады.
Мерекені тамашалауға келген қонақтар үшін:
- Музейдің 4 залына тегін шолу экскурсиялары жүргізіледі;
- мынадай интерактивтік білім беру бағдарламалары: «Монеталар сыңғыры», «Қызыл кітап беттерінен», «Өз қаламыздың тарихын білеміз», «Археология әлеміне» викториналары, «СендПро» студиясы құм мен су бетіндегі суреттер, Халықаралық «UCOMAS KAZAKHSTAN» ментальды арифметикалық балалар орталығы «Жылдам санап үйренейік», «Bolashak Engineering» инженерлік шеберлік мектебі эксперимент және сынақ жұмыстар көрсетеді, «Profiland» балалар кәсіптік интерактивті қалашығы түрлі мамандықтардың өз артықшылықтары жайлы әңгімелесе, International Art School бейнелеу өнері мен хореографиядан шеберлік-сабақтар, ал «Evrikum» компаниясы балалардың ой-қабілетін дамытуға арналған интерактивті ойындармен таныстырады;
- «Ичикава» жапон үйі оригами, каллиграфия және т.б. шеберлік-сабақтар өткізеді;
- О.Таңсықбаев атындағы декоративті-қолданбалы өнер колледжі мен «Бақыт» декоративті-қолданбалы өнер орталығынан халықтың қолөнері бойынша шеберлік-сабақтар ұйымдастырылады;
- Суретшілер Т.Волкова мен О.Есенбаева және «Сен суретшісің» («Бірге жасайық» жобасы) шеберханасы сурет салуға қызығушылық танытушыларға кескіндеме өнері бойынша шеберлік-сабақтар жүргізеді;
Шараның ресми ашылу салтанатында Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерватория студенттері, скрипкашылар ансамблі, «ВОЙС» музыка тобы, «Классика» квартеті (жет. Д.Қаражанова), Қорғаныс министрлігі ансамблінің солисті А. Бекболатова, А. Төреғали, А. Рысбек, Т. Омаров, Лара, «Саламат» тобы, «Родина» хоры, «ДНК нашего Мира» (В.Шунько) өнер көрсетеді.
Іс-шараға келушілер сондай-ақ «Алтын-Алма» мейрамханасының тағамдарынан дәм татады.
2016 жылдың 25 сәуірінде сағат 15.00 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде Чернобыль атом электростанциясындағы ядролық апатқа 30 жыл толуына арналған «Чернобыль - ХХ ғасырдың алапат қасіреті» атты көрменің ашылу рәсімі өтеді.
Осыдан дәл 30 жыл бұрын тарихта аты қалған жаһандық ауқымдағы трагедия түріндегі алапат жарылыс болды. Чернобыль АЭС-ғы апат – адамзат тарихындағы ең ірі техногендік апаттардың бірі. Оның күші 1945 жылы Жапонияның Хиросима мен Нагасаки қалаларына тасталған атом бомбасынан ондаған есе күшті болған.
Радиациялық қауіп тек КСРО территориясына ғана емес басқа мемлекеттерге төнді. Чернобыль атом электрстанциясының зардабын залалсыздандыруға бүкіл Кеңес Одағынан 321 әскери бөлім қатысты, олардың қатарында қазақстандықтар да болды. Чернобыль апаты кезінде қазақстандықтардың көбі Акмола облысы Вячеславка елді мекенінде құрылған 27-ші полкте болды. 1986-1989 жж. аралығында аталмыш полкте 31730 қазақстандық жауынгер-залалсыздандырушылар өздеріне жүктелген әскери міндеттерді ерлікпен атқарды. Қазақстандық жауынгер-залалсыздандырушылар адам өмірін сақтап қалу үшін жан аямай еңбек етті.
Әр күн сайын қазақстандық жауынгер-залалсыздандырушылар өмірі мен денсаулықтарын қатерге тігіп, халықты радиациялық өлімнен құтқарып отырды. Радиоактивті ластану қаупi бүкіл Еуропаға төнді. Қазақстандық жауынгер-залалсыздандырушылар өздерінің әскери міндеттерін батылдықпен орындап шықты.
Көрменің мақсаты – адамзат алдында әскери және отаншылдық борышын ар-намыспен атқарған қазақстандық жауынгер-залалсыздандырушылардың жанкешті ерлік еңбегін көрсетeу.
Чернобыльдегі ядролық апат барлық мемлекеттерге ащы да қайғылы сабақ болды және ортақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен жершарын ядролық қарудың барлық түрінен азат ету – дүниежүзілік қауымдастықтың басты мақсаты болып табылатынын тағы бір дәлелдеді.
Экспозицияға жауынгер-залалсыздандырушылар киген эксперименттік әскери киім (1983 жылы тігілген), дозиметр – алған радиацияның мөлшерін анықтайтын аспап, радиациядан қорғайтын міндетті жеке қорғаныс құралдары – газтұтқыш және респиратор, оған қоса қатысушылардың марапаттары қойылады.
Көрменің ашылуына Қазақстандағы Украинаның Төтенше және Өкілетті Елшісі, Ресей Федерациясының Бас консулы, Жапонияның Бас консулы, Алматы қаласының әкімі, ҰОС қалалық ардагерлер кеңесі, «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы, Орталық генералдар Кеңесі, Алматы қаласының ардагерлер ұйымдары, сондай-ақ әскери институттың курсанттары шақырылды.
Тағы мақалалар...
- 22.04.2016 ж. «Айшықты түстер әлемі" көркемөнер жұмыстары көрмесі
- 20.04.2016 ж. Кәукен Кенжетаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Қазақтың Кәукені» атты мемориалдық көрмеcі
- 01.04.2016 ж. «Қазіргі жоғарғы білім жүйесіндегі археология, этнология және музейтану» атты «VІІІ Оразбаев оқулары» халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы
- 27.03.2016 ж. «Жапон мәдениеті фестивалі»