авто

Переключатель языков

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі 2016 жылдың 22 қаңтарында сағат 15.00-де ҚР Еңбегі сіңген өнер қайраткері, суретші Лидия Коваленконың 70-жылдық мерейтойына арналған «Ертегінің жаңғыруы» атты  шығармашылық көрмесінің ашылу рәсімін өткізеді.

Лидия Васильевна Коваленко – сәулетші, суретші әрі ақын. Ол – Қазақ  политехникалық институтының сәулет факультетінің түлегі. Он жылдан бері әр түрлі кіші  сәулеттік формаларды жобалаумен, монументтік кескіндемелер, көрмелер, декоративтік панно жасаумен айналысып келеді. Акварельдік кескіндемеге деген ықыласы оның шығармашылығында айрықша орын алады. Лидия – акварель техникасындағы “жылы қырау” атты жаңа бағыттың авторы.

Өнер сүйгіш қауымның назарына ұсынылып отырған көрме ретроспективті сипатта ұйымдастырылып отыр. Автор жеке өзіне тән техникада орындалған кескіндемелерінің жинағын мерейтойлық шығармашылық есеп ретінде өткізбекші, яғни көрмеде акварель, кескіндеме және графика арқылы түрлі тақырыптарды қамтитын (жануарлар, кептерлер, гүлдер, ағаштар, адамдар, түрлі заттар және оюлар т.б.) туындылар көрсетіледі. Оның жұмыстарының көбінде “жылы қырау” авторлық техникасы мен ертегілік бейнелері орын алған.

Лидия Васильевна – қоғам қайраткері, өзінің жүрекке жақын суреттерімен қазақстандықтар үшін танымал суретші.  Ол  “Я в мирах” (1995 ж.), “Леди Осень” (2003 ж.) атты екі өлең жинағын шығарған. Отанға арналған «Леди Осень» атты өлең жинағынан алынған өлеңдер «Самопознание» бағдарламасының 8 сынып хрестоматиясына енгізілген.

Л.Коваленконың өлеңдері қазақ, украин және ағылшын тілдеріне аударылып, акварельдері 7 альбом–күнтізбе болып жарық көрді. Автордың жоспарында «Маленькие кавказские приключения» кітапшасы (Аджариядағы демалыс пен жұмыс туралы әзілдік жазбалар), «Мой китайский альбом», «Степь поет», «Қойлығым – құтты мекенім!», «Есть мужчины!», «Азбука архитектора» сынды карикатуралар, пародиялар, эпиграммалар жинағын жариялау және акварельдік суреттерін байыпты альбомға біріктіріп, басып шығару бар.

Лидия Коваленко өнер мен әдебиеттің дамуына  қосқан үлесі үшін  Мәскеулік Мемлекеттік шығармашылықтану академиясының Құрметті докторы (2004 ж.) және  “Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері” (2006ж.) атақтарының иегері болды. Ол “Бөбек”  қорының, “SOS Киндердорф” және Қазақстан Республикасының  Халықтар Ассамблеясының  “Қазақстан  елдерінің мәдени және рухани жаңаруына қосқан үлесі үшін” деген құрмет  грамоталарымен марапатталған. Оның өлеңдері романстар мен әндердің топтамасына негіз болды, ал суреттері әлемдегі көптеген елдердің мемлекеттік және жеке коллекцияларын орын алған. Көрменің салтанатты ашылуына Қазақстанның танымал мәдениет және өнер қайраткерлері қатысады. Келушілер Лидия Коваленконың 100-ге жуық жұмыстарын тамашалай алады.

ҚР Мемлекеттік орталық музейі танымал шебердің акварель, кескіндеме және графика жұмыстарымен танысуға шақырады.   

Лидия Коваленко Лидия Коваленко Лидия Коваленко Лидия Коваленко

Көрме 2016 жылдың 4 ақпанына дейін жалғасады.


2015 жылдың 17-20 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінде Алматы қаласындағы «Творческие сезоны» компаниясының ұйымдастыруымен Орталық және Орта Азиядағы ең ірі Халықаралық «Christmas Art Fair-2015» атты бейнелеу өнері көрме-жәрмеңкесі өтеді.

christmas-art-fair2015Жарқын Жаңа жыл мерекесі барша жұртшылыққа ғажайып ертегі әлемінің сиқырлы ләззатын сыйлайды. Мол шаттық шуағын төгіп, сән-салтанат, ойын-сауық думанына бөлейді. Жеті жыл қатарынан музей және «Творческие сезоны» компаниясы бірігіп бейнелеу өнері көрме-жәрмеңкесін өткізіп келеді. Бейнелеу өнері көрме-жәрмеңкесін өткізу Қазақстан мен басқа шет мемлекеттің суретшілері, шеберлері мен өнерді бағалаушылар үшін игі дәстүрге айналды. Көрме-жәрмеңкеде жұртшылық Қазақстан, Ресей, Украина және Орталық Азиядан келген дизайнер, суретші, шығармашылыққа құштар өзге де өкілдердің тартымды бұйымдарымен таныса алады. Көрме-жәрмеңкеге қатысушылар өздері жасаған дизайнерлік бұйымдарымен келушілерді таңқалдыру үшін бірнеше ай бұрын дайындық жасайды. Сонымен көрме-жәрмеңкеге әшекей бұйымдар, киім-кешек пен керек-жарақтар, интерьерлік заттар, авторлық карамельдер, тоқаштар, шоколад пен пісірілген түрлі тәттілер, шырша ойыншықтары, қуыршақтар, нәзік жібектер, жылы авторлық киізден жасалған заттар, фарфор, әйел сөмкелері, түрлі керамикалық заттар, эко-косметика және т.б. қойылады. Шеберлер – Ирина Харатишвили мен Нино Ателидзе ұсынған Тбилисилік авторлық грузиндік эмаль ерекше. Бұл жолы Ресей атынан көрме-жәрмеңкеге суретшілер Петр Фролов пен Наталья Тур, сонымен қатар киім дизайнері Ольга Лебедева қатысады.

Бейнелеу өнері көрме-жәрмеңкесінің шеңберінде – «Папа Карло» авторлық қуыршақтарының халықаралық байқауы мен ақылы шеберлік-сабақтары өтеді:

17-20 желтоқсан – Елисеева Анастасия ұсынған «Авторлық статуарлық қуыршақ» атты 4 күндік курс;

19 мен 20 желтоқса – шырша ойыншықтарын мақтадан жасау бойынша үлкендер мен балаларға арналған курстар.

Музейге келушілер көрме-жәрмеңкеден өздеріне және жақындарына шаттыққа бөлейтін сәнді, қайталанбас Жаңа жылдық әсем сыйлықтар мен кәдесыйлар сатып ала алады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі мен «Творческие сезоны» компаниясы Сіздерді Халықаралық «Christmas Art Fair-2015» көрме-жәрмеңкесін тамашалауға шақырады.

Көрме-жәрмеңкенің ресми ашылуы: 2015 ж. 17 желтоқсан, сағат 13-00-де

Көрме-жәрмеңкенің жұмыс уақыты: 17 - 20 желтоқсан, сағат 9.00-18.00-ге дейін

Көрме-жәрмеңкеге кіру – 150 теңге.

2015 жылдың 24-27 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі Алматы қаласындағы «Творческие сезоны» компаниясымен бірлесіп ұйымдастыруымен Орталық Азиядағы ең ірі Халықаралық «Верный жәрмеңкесі» атты жаңа жылдық көрме-жәрмеңкесі өткізіледі.

«Верный жәрмеңкесі»Жаңа жыл қарсаңында музей және «Творческие сезоны» компаниясы музейге келушілердің назарына мерекелік шаттықты көңіл-күй сыйлап, әдемі әсерге бөлейтін кезекті көрме-жәрмеңкесін өткізеді.

АТМОСФЕРА – бұл қолөнер бұйымдары, винтаждық және сәнді киімдер, аяқ-киімдер мен аксессуарлар, қымбат емес және сүйкімді брендтер, тұрмыстық және интерьер заттары, антикварлық және қолдан жасалған жиһаздар, кішігірім отбасылық бизнес, достар мен пікірлестер құрған дүкендер, талантты дизайнерлер мен мануфактурашылардың қолынан туған аз тиражды заттарға деген қызығушылықтары бір адамдар жиналатын қаланың басты жәрмеңкесі, ірі дизайн-маркеті. АТМОСФЕРАДА «Звук детства» компаниясының винилді таспалары мен дабылдағы жазбалардың үлкен топтамасы ұсынылады.

Ең ірі жаңа жылдық жәрмеңкеде түрлі сыйлықтар, тедди-аюлары, шырша мен шырша ойыншықтары, әшекей бұйымдары, жұмсақ жібек, жылы киізден жасалған авторлық заттар, киім-кешек пен аксессуарлар, интерьер заттары, тіл үйірер тәттілер, сәнді фарфор мен қыш, эко-косметика және басқа да қызықты нәрселерді алуға болады.

       Бағдарламада – жас әрі болашағынан үлкен үміт күттіретін сәнгерлер, иллюстраторлар, "гараж" брендтері, өнкәсіптік дизайн мен декор жобалары, сонымен бірге азпаздық жобалар, шығармашылық шеберлік-класстары, музыкалық бағдарлама, көңілді уақыт өткізу. Көрме-жәрмеңкеде дизайнер Айнұр Моштаеваның дәстүрлі жаулықтар көрсетілімі болады, сонымен бірге дизайнерлік киім мен аксессуарлар, үйге арналған әшекей бұйымдар мен тауарлар, винтаждық интерьер бұйымдар, сирек кәдесыйлар мен тағамдар ұсынылады. Шара кезінде жеңсіз көйлектерге түрлі бейнелер басылады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі мен «Творческие сезоны» компаниясы Сіздерді Халықаралық «Верный жәрмеңкесі» көрме-жәрмеңкесін тамашалауға шақырады.

Көрме-жәрмеңкенің ресми ашылуы: 2015 ж. 17 желтоқсан, сағат 13.00-де

Көрме-жәрмеңкенің жұмыс уақыты: 17 - 20 желтоқсан, сағат 9.00-18.00-ге дейін

Көрме-жәрмеңкеге кіру – 150 теңге.

Ш.Уәлиханов

2015 жылы желтоқсанның 9-ы күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі мен Ш.Уәлихановтың «Алтынемел» мемориалдық музейінің ұйымдастыруымен қазақтың біртуар ғалымы, энциклопедист, кәсіпқой суретші, Шоқан (Мұхаммед Қанафия) Шыңғысұлы Уәлихановтың туғанына 180 жыл толуы құрметіне арналған «Шоқан асулары» атты көрме ашылды.

Көрменің салтанатты ашылуындағы алғашқы сөз кезегі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінің директоры, профессор Нұрсан Әлімбай мырзаға берілді. Кештің ашылу рәсімін директордың ғылым істері жөніндегі орынбасары Бабақұмар Хинаят жүргізді. Мұнан кейін тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ұлы Отан соғысының ардагері Уахит Хамзаұлы Шалекенов,   жазушы-сатирик Ғаббас Қабышұлы, Қазақ-Америка университетінің профессоры, шоқантану саласының көрнекті маманы Самат Өтениязов, Қазақстаның еңбек сіңірген қызметкері, ақын,

жазушы, сценарист, режиссер, аудармашы, Қазақстан жазушылар одағы басқармасының мүшесі Бақытжан Мұсаханұлы Қанапиянов. тарих ғылымдарының кандидаты, Монғолия қазақ жазушылары қоғамының төрағасы, «Шұғыла» журналының бас редакторы, Моңғолияның мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткері Сұраған Рахметұлы, «Алтынемел» мемориалдық музейінің меңгерушісі Сәуле Нұрқасымқызы Әбішева сынды шоқантанушы ғалымдар атап айтқанда, тарихшы, географ, философ, филолог, өнертанушы және тағы басқалар сөз сөйлеп, көрменің маңызына айрықша тоқталды.

Көрмеде ҚР Мемлекеттік Орталық музейі қорында сақтаулы Шоқанның жеке бұйымдары, қолжазбалары және шығармалары, сондай-ақ, ол туралы жарық көрген кітаптар мен басылымдар насихатталады. Көрмеге алғаш рет Шоқанның бөрігі мен мылтығының дүмі, Қашқар сапарынан әкелген қытай құмырасы, сапарда алып жүрген жолторсығы және «Алтынемел» мемориалдық музейінен әкелінген ұлы тұлғаның тұтынған мыс тостағаны, күміс қасығы, парша белбеуі сияқты т.б. заттарымен бірге Шоқан Уәлихановты IV дәрежелі әулие Владимир ордені, Орыс географиялық қоғамының толық мүшесіне сайланғандығы туралы дипломы (көшірмесі) қойылған. Сондай-ақ Шоқанның экспедиция барысында әкелінген бағалы тастары да қойылды.

Выставка "Чокан и его время" Выставка "Чокан и его время"
valikhanov-180-3 valikhanov-180-4
valikhanov-180-5 valikhanov-180-6

Көрменің елеулі бөлігінде Шоқанның туысқандарына қатысты экспонаттар да орын алған: қарындасы Тәжібайдың аққу терісінен тігілген бірегей ішігі, әпкесі Әпиянің көйлегі, қарындастары Бәдіғұлдың бешпенті, Нұриланың орамалы, нағашысы Иса Шормановтың шекпені сияқты жәдігерлер ерекше ден қойдырады.

Көрменің мазмұнын аша түсуге ҚР МОМ қорындағы Н.Я. Третьяков, Н.Г. Хлудов, П.И. Дьяков, А.М.Мартова сынды суретшілер салған Шоқанның портреттері мен сол заманның көрінісін бейнелейтін суреттер де қойылды. Сонымен бірге көрмеде ҚР Орталық Мемлекеттік мұрағаты мен ҚР Кинофотоқұжаттар және дыбысжазбаларының мұрағатында сақталған Шоқанның қолжазбалары, құжаттарының көшірмелерімен бірге деректі фильмдер көрсетілді. Сондай-ақ, Орталық Ғылыми кітапхананың қорынан алынған ғалымның өмір жолы мен шығармашылығына арналған еңбектер

көрмесі де ұсынылды. Сонымен қатар Ғылым ордасының РМК Ғылыми кітапханасы қорынан алынған ғалымның өмір жолы мен шығармашылығына арналған «Шоқан мұрасы» атты зерттеушілердің көрме сөресіне қойылған еңбектері ұсынылды.

Аталмыш көрменің салтанатты ашылу рәсіміне мектеп оқушылары, студенттер қатысып, әскер сарбаздары мен Бауыржан Момышұлы атындағы әскери лицейдің жас сарбаз шәкірттері сап түзеді.

Көрме аясында өткізілген «Шоқанның ғылыми өнегесі» атты дөңгелек үстелде ұлы ғалым мұрасының мәні мен маңызы, оның игерілуі туралы тарихшы, этнограф, өнертанушы, философ, географ, филолог, музейтанушы, және т.б. мамандар Шоқан Уәлиханов қалдырған ғасырлар бойы маңызын жоймайтын тағылымы мол сарқылмас бай қазынасын насихаттап, Шоқан заманындағы саяси-әлеуметтік, тарихи, мәдени мәселелер бойынша баяндама жасап, ойларымен бөлісті.

valikhanov-180-7 valikhanov-180-8

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source