авто

Переключатель языков

2015 жылдың 15 наурызы күні, сағат 13.00-ден 17.00-ге дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Қазақстандағы Жапония Елшілігімен және Қазақстандық-жапондық адам ресурстарын дамыту орталығымен бірлесіп, «Жапон мәдениеті фестивалін» өткізеді.

«Жапон мәдениеті фестивалін»Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі 10 жылдан астам уақыттан бері Қазақстандағы Жапония елшілігімен бірлесіп, белсенді қызмет атқарып келеді. Музейде өткен  «Жапония қуыршақтары», «Әлем кимоно жасау шебері Итику Куботаның көзімен», «Хиросима мен Нагасаки», «Исегатагами» өнері жөніндегі шеберлердің картиналары  көрмелері және тағы басқада мәдени шаралары қалалық жұртшылықтың зор қызығушылығын тудырды және республикалық БАҚ беттерінде кеңінен көрініс тапты.

Жапония – Шығыстың ежелгі ғибадатханалар мен сұлулығымен тамсандырған бақтар, қар басқан тау шыңдары мен зәулім үйлер, болашақтың технологиясы  мен ғасырлық дәстүрлер, қалалық өмірдің қарбалас тіршілігі мен табиғаттың сұлулығы мен үйлесімі жарасқан ғажайып ұлттық мәдениетіне және жұмбаққа толы елдерінің бірі.

Қазіргі уақытта Қазақстан мен Жапония тұрақты серіктестік қарым-қатынас байланысын  дамытуда. Біз жапондықтармен алыс көрші болғанмен, жақын достармыз.

«Жапония мәдениеті күндері» фестивалін Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Камохара Масаёси ашады. Күншығыс елінің табынушылары Жапония елінің өзіндік ерекшеліктерін көрсететін көне салт-дәстүрлермен және қазіргі өнерімен, музыкасымен, билерімен, аспаздық өнерімен және жаңа технологиялармен танысуға мүмкіндік алады. 

Концерттік бағдарлама аясында «Жапон мәдениеті фестиваліне» Қырғыз-жапон адам ресурстарын дамыту орталығынан келген «Оздо-дайко» тобы жапонның тайко дабыл аспабында өнер көрсетеді. Қазақстандық орындаушы Төреғали Айтмұрат көрермендерге дәстүрлі сямисэн музыкалық жапон аспабында ойнап, өз өнерін тарту етеді. Жұртшылық «Ёсакой Соран» стиліндегі қалықтаған биді көріп, Жапония Елшісінің жұбайы  Джюнко Камохара ханымның және Жапон орталығының қатысуымен Кимоно-шоуын тамашалай алады.

Музей қонақтары шеберлік класстарында оригами және исекатагами (матаны бояуға арналған қағаз үлгілерінің дайындауға арналған  жапон қолөнері) өнерімен танысады,  иероглиф жазуды және шай ішу мәзірінде шайды дұрыс құя білуді (Жапониядан келген шебер Утино ханым)  дәстүрлі жапондық тағамды дайындауды, кендама (жапонның дәстүрлі ойыны) үйренеді.

Фестиваль аясында Қазақстанда тұратын жапон суретшісі Томоко Хоукёның көрмесі өтеді. Томоко Хоукё жапон классикалық кескіндемесі – дәстүрлі жапон көркемөнер мектебінің жалғастырушы ізбасары. Жапон кескіндемесіне маусымдық өзгерістер айқын көрініс табатын  жылдың төрт мезгілі сипатты болып келеді. Жапон суретшілерінің көпшілігі жапон мәдениетінің философиясының ерекшеліктерін бейнелейтін табиғат сұлулығын, әртүрлі маусымдардың гүлдерін, сан алуан құстарды суреттейді.  Фестиваль аясында музей қонақтары шынайы жапон дәстүрлі стилінде салынған картиналармен таныса алады.

Бұл фестиваль ежелгі Шығыс елінің байлығы мен әр түрлі дәстүрлерін көрсетіп  қана қоймайды, сонымен қатар  Қазақстан мен Жапония халықтарының өзара түсіністігін  және достық байланыстарын дамытуға өзіндік үлкен үлесін қоспақ.

Музей және Жапон Елшілігі Сіздерді «Жапон мәдениеті  фестивалінде» күтеді! Барлық БАҚ өкілдерін біздің фестивальдің ашылуына шақырамыз! 

Байланыс телефондары: ҚР МОМ: 2644650, 2645566

ҚР Жапония Елшілігі: (8-7172)-97-78-40 (ішкі тел.38)

Музейге кіру ақылы: ересектер үшін 150 теңге,студенттер мен зейнеткерлер үшін  70 теңге,мектеп оқушылары үшін 50 теңге.

Фестиваль японской культуры Фестиваль японской культуры Фестиваль японской культуры

2015 жылдың 28 ақпан, 1 наурыз күндері Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі «Бақыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығымен бірлесіп, Орталық Азия қолөнер шеберлерінің «ҚЫЗҒАЛДАҚТАР ГҮЛДЕГЕНДЕ» атты дәстүрлі көрме-жәрмеңкесін өткізеді.

«ҚЫЗҒАЛДАҚТАР ГҮЛДЕГЕНДЕ»Көктем мезгілі музейде өткізілетін көрмелердің бастамасы, сонымен қатар суретші, мүсінші, сәндік қолданбалы өнер шеберлерінің шығармашылық шабыттарының кезеңі. Орталық Азиядағы ауқымды бұл көрме-жәрмеңкеге Қазақстанның барлық аймағынан, сондай-ақ Қырғызтан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан және Ресейден 150-ден астам халық шеберлерінің бірғана данадан тұратын қайталанбас жұмыстары – сыйлық және сувенирлік өнімдер, киізден және жібектен жасалған бұйымдар, кілемдер, зергерлік әшекейлер, керамика, бейнелеу өнері шығармалары және көптеген таңқаларлық тауарларын көпшілік назарына ұсынады.

Қолөнершілердің бұл көрме-жәрмеңкесі жыл өткен сайын өнерді сүюшілердің Қазақстанның да, сонымен бірге шетелдердің де қолөнері бұйымдарына деген тұрақты сұраныстары артып келеді. Халық шеберлерінің бұйымдары кез келген өнерді сүюшілерді бейтарап қалдырмайды. Бұл көрме-жәрмеңке - Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін әрдайым нағыз мереке, жарқын мәдени оқиға.

         Орта Азия қолөнер көрме-жәрмеңкесі әрқашан қызықты бағдарламаға толы – бұл қолөнершілердің бұйымдарымен танысу, шебер-класстардың өткізілуі, әртүрлі шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концерттік бағдарлама, сәндік қолданбалы өнерінің танымал шеберлерінің ұсынған сыйлықтарымен лотореялық ойындар ойнатылады. Музейде өткізілетін шеберлік-класстар келушілердің ерекше сұранысына ие. Ең бастысы – өз көзіңмен көру, есту, ұстау, киіп көру, өз қолыңмен жасау. Осы жолы көрме-жәрмеңке аясында музейге келушілер белгілі қазақстандық суретшілер Баян Ахмирова мен Гүлнар Өмірбековадан киіз және батик бойынша өткізілетін шеберлік-класс қатыса алады. Онда шеберлер әсем бұйымдардың қалай жасалатындығын және қолөнер әдістерінің құпияларымен бөліседі.

Құрметті музей қонақтары! Мейрам қарсаңында өзіңізді де, достарыңызды да тамаша кәдесыйлармен және әртүрлі базарлықтармен қуанышқа бөлеңіздер! Баршаңызды ертедегідей шығыс базарының ғажайып думанды сезінуге шақырамыз!

Жәрмеңкенің жұмыс уақыты: 2015 жылдың 28 ақпаны, 1 наурыз сағат 9.00-18.00-ге дейін.

"Время тюльпанов" "Время тюльпанов"


24.12.2014.  2014 жылы 24 ақпанда, сағат 15.00-де  ҚР Мемлекеттік Орталық музейінде Кеңес әскерлерінің Ауғанстанға кіргеніне 35 жыл толуына орай 

 «Жанымды жаралаған Ауғанстан» көрмесініңресми ашылуы өтеді.

Осыдан 35 жыл бұрын, 1979 жылдың 25 желтоқсанда кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауғанстан Демократиялық республикасына кірді.

Ауғанстанға кеңес әскерін кіргізу туралы шешім 1979 жылдың 12 желтоқсанында КОКП ОҚ Саяси Бюросының отырысында қабылданып, КОКП ОҚ құпия қаулысымен рәсімденді. Әскер кіргізудің ресми себебі шетелдік әскери қол сұғудың бетін алу болды. КОКП ОҚ Ауғанстан басшылығының әскер кіргізу туралы жасаған өтініштерін ресми негіз ретінде ұстанды.

1979 жылдың 25-желтоқсанында сағ. 15:00-де кеңес әскері АДР-на үш бағыт бойынша кірді: Кушка Шинданд Кандагар, Термез Кундуз, Кабул, Хорог, Файзабад. Десант Кабул, Баграм, Кандагар аэродромдарына қонды.

Кеңес әскерлері Ауғанстан жерінде ауыр да  азапты тоғыз жыл бойы – 1979 жылдың 25 желтоқсанынан 1989 жылдың 15 ақпанына дейін болды. 
Ауғанстанда КСРО-ның 620 мыңға жуық, соның ішінде қазақстандық 22 мың адам әскери қызметтерін өтеді.

15 526 адам, соның ішінде қазақстандық 924 қаза тапты, алған жарақаттарынан және аурулардан қайтыс болды.  
333 адам (КСРО Қорғаныс министрлігі Бас Штабының деректері бойынша), соның ішінде қазақстандық 21 адам хабар-ошарсыз жоғалды және тұтқынға түсті.

86 жауынгер-қазақстандықтар батырлығы мен ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Ауғанстан соғысы Кеңестер Одағына ешбір ар-абырой,  данқ әкелген жоқ.

Құрбан болғандардың туыстары мен жақындары үшін бұл қасіретті соғыс 1989 жылы 15 ақпандағы әскерлердің шығарылуымен де аяқталған жоқ. Ол тіпті уақыттың өзі де емдеуге дәрменсіз қансыраған жара болып қалып отыр. Осы қантөгісті оқиғаның тәжірибесі әр мемлекет пен халық өздерінің ішкі істерін өз халықтарының пайдасы мен игіліктері үшін дербес түрде шешуге үндеген қайталанбас сабақ болды. Шайқас шебінде соғысты тұтандырушылар емес, майдандағы жауынгерлер қаза болды. Біздің көрмеміз нақ осылар хақында.

Көрменің мақсаты – Ауғанстан соғысы туралы шындықты жеткізу, жауынгерлер мен жастардың жаңа лек ұрпағын Ауғанстанда шайқасқан солдаттар мен офицерлердің патриоттық үлгісінде тәрбиелеу, сондай-ақ, соғыс саяси проблемаларды шешудің тәсілі емес екендігі туралы ұғымды қалыптастыру.
Экспозицияға Ауғанстанда шайқасқан, құрбан болған және осы отты кешуден аман қалған қазақстандық жауынгерлер мен офицерлердің деректі материалдары (оқиғалардың куәгерлері мен қатысушыларының фотосуреттері, хаттары, куәліктері), наградалары мен жеке заттары қойылды. Көрмеге келушілерді, әсіресе, кеңес жауынгерлері мен офицерлерінің, сондай-ақ олардың қарсыластарының әскери киім-мүліктері айрықша қызықтырары сөзсіз.

 

2015 жылдың 20-22 ақпан күндеріҚазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінде «Аехро» көрме компаниясының ұйымдастыруымен «Сүйіктілерімізге сыйлықтар» атты көрме-жәрмеңке өтеді.

present-for-lovers-2015«Сүйіктілерімізге сыйлық» - бұл көктемгі мерекелерге жол ашатын, көптеген адамдарға дәстүрге айналған жыл сайынғы іс-шара. Көктемгі мерекелер қарсаңында, музейде алғаш «Сүйіктілерімізге сыйлықтар» атты көрме-жәрмеңкесі өтеді. Бұл күндері барлық келушілер өздерінің сүйіктілерін ерекше кәдесыйлармен қуанта алады. Ақпан айында бізбен бірге көктемнің жылулығын сезінуге шақырамыз.

Көктемгі мерекелерге дайыдық кезінде біз жылы сезімнің оянуына ерекше көңіл бөлеміз! Көктемді қарсы алу – үлкен жауапкершілік, сол үшін әрбір зат біз үшін маңызды! Көрме-жәрмеңкенің барлық қатысушылары әлдебір жаңа затты көрсетуге тырысады, сол себепті жәрмеңкенің тұрақты қонақтарында көптеген тосын сыйлар күтуде.

Жәрмеңгеде әшекей бұйымдар, ашық хаттар, қобдишалар, эксклюзивті аксессуарлар, керамика, кесте бұйымдары, шамдар, ойыншықтар, табиғи косметика, қол дорбалар және көптеген басқа да қолдан жасалған заттар болады. Барлығы мерекелік бағамен!

Біздің көрмеге келгендердің ешқайсысы сыйлықсыз және жақсы көңіл-күйсіз кетпейтініне сенімдіміз, себебі көрме-жәрмеңке өздерінің жақындарына сыйлық сыйлаудың маңыздылығын білетіндер үшін ұйымдастырылған.

Алматылықтар мен қала қонақтарын мерекелік іс-шарада, Жәрмеңкеге қатысушылар мен келушілер арасынан көреміз деген үміттеміз!

Өздеріңізге және жақындарыңызға ұмытылмас мереке сыйлаңыз!

Көрме-жәрмеңкенің жұмыс уақыты: 20-22 ақпан, сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін

 

Подарки для Любимых Подарки для Любимых

2014 жылдың 27 қарашасы күні сағат 16. 00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінде «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» күніне арналған «Халық таңдаған Елбасы» атты көрме ашылады.

«Халық таңдаған Елбасы»Әр елдің терең тарихы бар. Әлемде белгілі бір мемлекеттің дамуы мен гүлденуін жеке бір  адамның атымен тығыз байланыстыру сирек те болса кездесетін шынайы шындық. Әдетте, мұндай ерен туған тұлғалар өздерінің бойына біткен ерекшеліктері мен қабілеттерін дұрыс пайдалана отырып, қоғамдық күштерді өз елінің іргетасын қалауға, әлемдік қауымдастықта оның лайықты орнын анықтап беруге жұмсай біледі. Кеңес Одағы құлағаннан кейін, тәуелсіздікке қол жеткізген Қазақстан басқа елдер сияқты өз мемлекеттілігінің тұғырын мықтап, нарықтық экономикаға көшіп, демократиялық қоғам құрып, ұлттық сана-сезім мен ұлтаралық және дінарлық келісімдерді нығайтты. Мемлекетті басқарып отырған басшылық алдында еліміздің дамуы үшін әртүрлі реформалар жүргізу мәселелері тұрды. Өзіміз білетіндей, осындай қысылтаяң шақтарда президентіміз Н.Ә.Назарбаев оң бетбұрыс жасап, экономикалық даму жолын саясаттан бұрын қойды. Өмірдің өзі көрсеткендей Елбасының таңдауы дұрыс болып шықты. Н.Ә. Назарбаевтың «алдымен-экономика, сонан кейін - саясат» атты қағидасы посткеңестік кеңістікте сәтті реформалар жүргізудің классикалық үлгісі бола білді. Біздің еліміздің терең ойластырылған экономикалық даму стратегиясының жеткен жетістіктері негізінде  «дамудың қазақстандық жолы» атты түсінік қалыптасты. Осы тарихи қысқа мерзім ішінде Қазақстан саяси және экономикалық тұрғыдан дербес мемлекетке айналды.

Көрменің мақсаты - Тәуелсіз Қазақстанның дамуы мен қалыптасу кезеңіндегі Тұңғыш Президенттің рөлін ашып көрсету. Көрмеге ҚР МОМ қорынан Ұлт Көшбасшысының тарихымен тығыз байланысты материалдар қойылып отыр. Көрме үш бөлімнен тұрады.

Көрменің бірінші бөлімі «Н.Ә. Назарбаевтың жастық шағы» деп аталады. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылдың 6 шілдесінде Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында, шаруа отбасында дүниеге келді. Еңбек жолын мектеп бітірісімен Теміртау қаласындағы ҚМК-да қара жұмысшы болып  бастады. Бір жарым жылдай Украина Республикасындағы кәсіптік-техникалық училищеде оқыды. 1960 жылдардан бастап металлургиялық комбинатта газ қондырғыларын реттейтін жұмысшы, тау-кен қазушы, диспетчер болып жұмыс істейді. Бұл бөлімге музей қорынан алынған Президент туралы мынадай фотосуреттер қойылған: «Жанұя», «Н.Ә. Назарбаев анасымен», «Н.Ә. Назарбаев әкесімен», «Сыныптастар», «Студенттік өмір», «Курстастарымен бірге», «Днепродзержинскідегі (1958) жұмыс кезі» және т.б.

Көрменің екінші бөлімі «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саяси қызметі» деп аталады. Президенттің саяси өмірбаяны  60-жылдардың соңынан басталды. Ол сол жылдары қалалық комитеттің өнеркәсіп бөлімінің бастығы, одан кейін компартияның қалалық комитетінің екінші хатшысы болып қызмет атқарды. Болашақ Президент 1976 жылы Жоғарғы Партия мектебін бітіргеннен кейін, Қазақстан Республикасы Компартиясының Орталық комитетінің хатшысы болып тағайындалды. Ал, 1984 жылы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасы Министрлер Кеңесінің басшылығына келді. Қызметтік сатымен көтеріле отырып, ол 1991 жылдың 1 желтоқсанында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесі бойынша 98,7 пайыз дауыс  жинап, Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті болып сайланды. Экспозицияда Президенттің басқа мемлекеттермен байланыс орнатудағы қызметін бейнелейтін суреттер айтарлықтай орынға ие. Н. Назарбаевқа 1991 жылы Миннисота штатына ресми сапармен барғанда берген Дулуза қаласының Құрметті азаматы куәлігі келушілердің аса қызығушылығын тудырады. Экспозицияға Н. Назарбаевқа арналған фотосуреттер, альбомдар, кітаптар қойылған.

«Президент сыйлықтары» деп аталатын үшінші бөлім шетелдік сапарлар мен форумдар барысында Президентке сыйға тартылған әртүрлі кәдесыйлар мен заттардан тұрады.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мерекесі қарсаңында «Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті» атты бұл көрменің ашылуы Алматы қаласының мәдени өміріндегі елеулі оқиғалардың бірі болып қалмақ. Көрменің салтанатты ашылуында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі академиясы мен Корей мәдени орталығының қатысуымен концерт өтеді.

Көрме 2015 жылдың 1 ақпанына дейін жалғасады.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source