авто

Переключатель языков

Музей түніҚР МОМ 2006 жылы  «Музей түні» акциясын Қазақстанда өткізу ісін алғаш рет қолға алды және бүгінде оның үлгісімен қаламыздың және республикамыздың өзге де музейлері  бұл игі істі  жыл сайын өткізуді қолға алып келеді. «Халықаралық музейлер күні» қарсаңында, 2015 жылы 15 мамырда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі өзінің  «Музей түні» жобасының 10 жылдық мерейтойына арналған өзінің қонақтарына тарих пен мәдениет әлеміне ғажайып саяхаттар  ұсынатын, сағат 19.00-ден түн жарымына дейін өткізілетін «Музей түні» іс-шарасын  ұсынады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінің ізгі дәстүріне айналған бұл іс-шараға жыл сайын  7000-нан астам адам келеді.

Биылғы жылдың «Музей түнінің» девизі – «Музейлер және қоғамның орнықты дамуы» (Museum for a sustainable society). «Музей түні» жобасының негізгі мақсаты –тарихи-мәдени мұраларға арналған бірегей шаралар мен бағдарламаларды ұйымдастыра отырып, еліміздің негізгі мәдени-білімнің ошағы және белсенді әлеуметтік-мәдени мекемесі болып табылатын музей саласына жұртшылықтың  назарын  аударту. Ұйымдастырушылар айрықша мерекелік көңіл-күй тудыратын «әркім Музейге баруы керек» деген қағиданы әрбір адам санасына ұялатуды өздерінің алдына міндет етіп қояды.

15 мамыр күні ҚР Мемлекеттік орталық музей келушілер назарына әр алуан түрлі мәдени-білім бағдарламасын  ұсынады. Жұртшылық бұл бағдарлама аясында өткізілетін негізгі шаралар – музейдің қор коллекцияларынан алынған тарихпен мәдениеттің бірегей және сирек заттары таныстырылатын мынадай 8 көрмені тамашалайды:  

  • «ҚР МОМ қорындағы XIX-XX ғғ. самаурындар коллекциясы» көрмесі. Бұл  көрмеге «сауыт», «кубок», «рюмка», «цилиндр» сияқты түрлеріне дейінгі әр түрлі пішінді самаурындар қойылады. Ең құндысы - 30 литрлік ең үлкені самаурынға ағайынды  Шемариндердің сауда үйінің   маркасы қойылған. Сондай-ақ,  1825 жылы жасап шығарылған самаурын мен 1926 жылы Қарқаралы жәрмеңкесінен сатып алынған самаурын да ерекше назар аудартпақ. Осы көрме аясында музей қызметкерлері қазақ, орыс, және ұйғыр халықтарының шай ішу рәсімін көрсететін болады.
  • Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Ер есімі ел есінде» атты көрме.  Көрмеде Қазақстанда жасақталған дивизия сарбаздарының құжаттары, жазба деректері, соғыс кезінде киген киімдері, Ұлы Отан соғысына қатысушылардың (Кеңес Одағының Батырлары, Даңқ орденінің иегерлерінің) фотосуреттері, Кеңес Одағының жау басып алған аудандарындағы (жау тылындағы) партизан қозғалысына қатысушы қазақстандықтар туралы алуан түрлі қызықты  материалдар орын алады.
  • Қазақстан Ассамблея халқының 20 жылдығына арналған «Ынтымағы жарасқан біртұтас отбасы» атты көрме. Бұл көрмеде келушілерді татар, орыс, армян, корей, грек, неміс, күрд, украин, ұйғыр және тағы басқа жұрттардың  дәстүрлі мәдениетімен және тұрмысымен таныстырады. Экспозициялық кешенге біздің көп ұлтты елімізде тұратын әр түрлі диаспоралардың дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын сипаттайтын фотосуреттер, құжаттар, этнографиялық материалдар қойылған.
  • «ҚР МОМ археологиялық коллекциясынан Қазақстан қола дәуірінде,  (б.з.д. XVIII – IX ғғ.) көрмесі. Көрмеде қола дәуірінің артефактілері – керамика, тау-кен ісі мен мыс қорыту өнімдері - қару-жарақ, жер өңдеу мен үй шаруашылығының құрал-жабдықтары, қару түрлері, ат әбзелдері, әшекейлік бұйымдар мен бойтұмарлар, сонымен қатар монументалды өнер – петроглифтертер қойылады.  Музей қызметкерлері қайта қалпына келтірген керамикалық ыдыстар ерекше қызығушылық тудырады.  Көрме әртүрлі жылдары қазба жұмыстарының нәтижесінде ҚР МОМ қорына алынған Ә.Х. Маргұлан, М.К. Қадырбаев, Ә.М.Оразбаев, Э.Усманова, Ж.Құрманкұлов сынды археологтардың  архелогиялық экспедицияларының материалдары негізінде құрылған.
  • «Ислам мәдениетінің құндылықтары» атты көрме.  Мұнда  араб, парсы, түрік, шағатай, татар, өзбек, қазақ тілдеріндегі жарық көрген бірегей басылымдар сирек кездесетін қолжазбалар мен Құрандар, тәпсірлер, Мұхаммадия және Мұхтасар кітаптары, грамматикалық оқулықтар, сөздіктер, діни мазмұнды әртүрлі литографиялық баспа кітаптары, сондай-ақ, қазақ тілді (төте жазулы) қолжазбалар келушілер назарына ұсынылады.
  • ҚР еңбек сіңірген сәулетшісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты және Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының иегері, дизайнер, суретші, музыкант Арыстан Сайлаубайұлы Қайнарбаевтың көрмесі. Ол - "Медеу" мұз айдыны кешені, Алматы циркі,   М. Әуезов атындағы академиялық драма театры, Қ. Сәтбаев ескерткіші  және де  еліміздің өзге де тамаша құрылыстары мен ескерткіштері авторларының бірі.

Музей қонақтары сонымен қатар Қазақстанның  ХХ ғасырдың екінші жартысындағы ірі суретшілерінің бірі,  кескіндемеші Иван Стадничуктың (1913-2000 жж.) көрмесімен таныса алады. Суретші Қазақстанның бейнелеу өнерінің дамуына үлкен үлес қосқан өрмеге автордың 35-тен астам шығармасы (кескіндеме, акварель) ұсынылады.

ҚР МОМ-інің «Музей түнінде» алғаш рет жаратылыстану тарихы қорынан 3 зат – ХХ ғ. ортасында жоғалып кеткен Тұран жолбарысының терісі мен музейге 1929-30 жж. Алматы қаласының «Казкрайсоюзохота» музейі тапсырған Тянь-Шянь қара аюының терісі келушілер назарына ұсынылады.  Бүгінде Тұран жолбарыстары мен Тянь-Шяньның қоңыр аюы  Халықаралық Қызыл Кітапқа енгізілген.

Мерекеге келуші барша жұртшылыққа Қазақстанның ертедегі, ортағасырлық және қазіргі тарихымен таныстыратын музей залдары бойынша тегін шолу экскурсиялар ұйымдастырылады. Сондай-ақ мынадай қызықты интерактивті білім бағдарламалары күтіп тұр: «Қазақ этнографиясы» залында «Атауы мен қолданысы белгісіз заттар қандай мүліктер?» бағдарламасы өткізіледі, мұнда музей қонақтары этнографиялық заттың қолданыстық қызметін анықтауы тиіс. Ал музей археологтары «Қола дәуірінің мәдениеті мен тұрмысы» квест-бағдарламасын жалғастырады.  Музейдің деректану және қолжазбалар орталығы Иран мәдени орталығымен  (хас шеберлер Махмуд Хеммати және Анисе Бархокпен) және көркем жазу шебері Асылбек Орынбасаровпен бірлесіп өткізілетін араб құснихаты (каллиграфиясы) сабағына шақырады.

ҚР Қызыл Жарты ай қоғамы қонақтарға  «Туыс-бауырларды іздестіру  және отбасыоарын табыстыру», «Жол қозғалысы ережелері», «Жер сілкінісі кезінде өзіңді қалай ұстау керек?» атты арнайы акцияларды ұсынады және шай ішу рәсімін ұйымдастырады.

«Музей түні» шарасы аясында халық қолөнері бойынша мынадай шеберлік кластары ұйымдастырылатын болады. О. Таңсықбаев атындағы сәндік-қолданбалы өнер колледжі мен «Бахыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығынан қыш, металл, ағаш, кесте, тоқыма, киіз басу, батик дайындау, зергерлік өнер бойынша, дәстүрлі қазақ музыкалық аспабы (домбыра) (шебер Мұса Әділ), «Ичикава» Жапон үйі мен Қазақ-Жапон адамды дамыту орталығынан  ұсынылатын  жапон каллиграфиясы, оригами, катагами, кендама бойынша, кескіндеме; 3-D мүсіншелері (жетекшісі Юлия Пицык), «Сенд-ПРО» студиясынан құммен сурет  салу, «Алматы барабандар жобасынан» барабандарда ойнауды үйрету шеберлік кластары өткізіліп, «Бірге туындылар жасаймыз» кескіндеме және сурет мектебі  қалаушыларды бір кеште картина салуға үйретеді.

«Сұлулық пен денсаулық әлемі» бағдарламасы: «Oriflame», «Mary Kay», «Faberlic», «Missha», «ALOE VERA», «Сибирское здоровье», «Асыл Арман», «Звенящие кедры», компанияларының косметикалық және сауықтыру өнімдерін таныстырады. Көрмеде «Sultano Studio», «Li –SadecoStudio», мыло «Вика» компанияларының  және басқалардың зергерлік өнерлі қолдан жасалған  әшекейлері, бижутерия мен керек-жарақтары көрсетіледі.

Мереке аясында О. Таңсықбаев атындағы сәндік-қолданбалы өнер колледжі мен Алматы  мемлекеттік сервис және технологиялар колледжі Этникалық коллекциялар («Көшпелілер кезеңі», «Ғасырлар қойнауынан сыр», жетекшілері З.Штифман, О. Сексенбаева)  және әсем шаш күтімдері сән дефилесін ұсынады.

 Музей мерекесінде келушілер назарына үлкен концерттік бағдарлама ұсынылады. Онда өнер көрсететіндер: ҚР халық және еңбек сіңірген артистері – Бибігүл Төлегенова, Лаки Кесоглу, Нұрғали Нүсіпжанов, Алтынбек Қоразбаев, Нұрлан Абдуллин, Тамара Асар, Мадина Садуақасова, әншілер Бахтияр Матназаров пен Мақсат Базарбаев, сондай-ақ, Қазақстан халықтары Ассамблеясының ютникалық-мәдени бірлестіктері өнерпаздары. Құрметті қонақтар арасында Музейді мерекесімен кинорежиссер, КСРО  және Қазақстанның  Халық артисі  Асанәлі Әшімов пен актер Фархад Абдраимов құттықтайды.

Думанды шараға қатысушыларды мынадай ғажайып шоу-бағдарламалар кұтіп тұр: диджей Умбертоның өнер көрсетілімі, «Алматы барабандар шоуы»,   «Danc Triada Tridal» би шоуы,  «Fire Sunset» отшашу шоу-жобасы;  «Диаманте» мерекелер агенттігі ұсынатын ағаш аяқпен жүрушілер шоуы мен  «Импульс» студиясының би сабақтарын тамашалауға асығыңыздар!

Бұдан өзге музей қонақтары «Алтын-Алма» мейрамханасының, сондай-ақ, «Мери Чай» және «Lemonadoff» компанияларының өнімдерімен таныса алады. Музей бұл күні «Шар-Дизайн» және «Тинки-Винки» компанияларының әсем шарларымен безендіріледі. 

«Музей түні» жобасына ақпараттық қолдау көрсеткендер: «КазИнформ», «Қазақ радиосы»,  «ТРК Казахстан», «ТРК Алматы», «ТРК Астана», «ТРК Хабар», «ТРК Білім және Мәдениет»,  «ТРК НТК», «СТВ»,  «7 канал» телеарналары, «Теленеделя», «Fashion Collection» журналдары,   «Я покупатель и собственник», «Алматы ақшамы», «Вечерний Алматы», «Алаш айнасы», «Түркістан», «Казахстанская Правда», «Время», «Аргументы и факты», «Караван», «Үш қоңыр» газеттері, Artparovoz, Карапуз.kz, Афиша.kz, Almatycityguide.kz  ақпараттық порталдары, сондай-ақ музейдің серіктестері – «Liberty» қоғамдық қоры, namba.kz,  «Творческие сезоны» компаниясы, «Бахыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығы,   ЮНЕСКО-ның Алматы қаласындағы Кластерлік Бюросы.

Іс-шараның жүргізушілері –ҚР өнеріне еңбек сіңірген қайраткер, шоу-мен, Мұрат  Мұтұрғанов пен Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрадалық-цирк колледжінің студенттері.

Мерейтойлық мерекелік ғажайып «Музей түнін»  көрген де арманда, көрмеген де арманда! Бұл түні қонақтарды көптеген тосын сыйлар мен әр түрлі қызықты шаралар күтіп тұр! Музейге дәл түн жарымында келген қонаққа ҚР Мемлекеттік орталық музейінен арнайы сыйлық тапсырылады!

15 мамыр - кіру тегін. Мекен-жайымыз: «Самал-1» ықшам ауд.-ы, 44 -үй. Байланыс телефондары: 2644650, 2645577

Мемлекеттік орталық музей Сіздерді күтеді!

Click to download in FLV format (4.88MB)

 

"Ночь в музее"-2015 "Ночь в музее"-2015
"Ночь в музее"-2015 "Ночь в музее"-2015

 

9may-baitasovҚазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Қазақстан Республикасының  Қызыл Жарты Ай қоғамымен бірлесіп, 2015 жылдың 9 мамыр күні сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін  Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына және Қазақстан Республикасының Қызыл Крест пен Қызыл Жарты Ай қоғамының Дүниежүзілік күніне арналған «Ер есімі ел есінде» атты іс-шарасын өткізеді.

Бағдарламада:

 10.00-ден 14.00-ге дейін

  • музейдің экспозициялық залдары бойынша шолу және тақырыптық экскурсиялар;
  • Б.Момышұлына арналған «Отан үшін отқа түс» атты музейлік сабақ;
  • «Іздестіру қызметі және жанұялардың бірігуі», «Алғашқы жедел жәрдем» акциялары;
  • соғыс жылдарында танымал болған әндердің концерттік бағдарламасы

 15.00-ден 18.00-ге дейін

  • Ұлы Отан соғысының ардагерлері және еңбек майданына қатысушылары  туралы музей қорынан алынған «Ер есімі ел есінде» атты және Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты Ай қоғамы ұсынған материалдар  бойынша «Қазақстаннның мейірбикелері» атты 2 көрменің ашылуы;
  • Медеу ауданының 20 ардагеріне (ҰОС және еңбек майданының ардагерлері, мейірбикелер, фашизмнің бұрынғы тұтқындары, қоршауда болған адамдар, соғыс жылдарының балалары) құрмет көрсету;
  • ардагерлерге арналған концерттік бағдарлама;
  • «Алғашқы жедел жәрдем көрсету» акциясы;
  • далалық жорық асханасы

10.00-ден 17.00-ге дейін

  •  музей кинозалында хроникалық-деректі фильмдердің көрсетілімі;
  •  музей холында ҚР Қызыл Крест қоғамының және ТЖ қызметтері туралы деректі фильмнің көрсетілімі

9may-gabdullin 9may-sadvakasova 9may-agadilovy
Мәлік Ғабдуллин – саяси істер жөніндегі жетекші, Кеңес Одағының Батыры, панфиловшы. Е.А.Сәдуақасова -  медицина қызметінің майоры,  медицина ғылымдарының докторы, профессор (Әлихан Бөкейхановтың қызы). Ж. Ағаділов отбасы Белорус партизандары арасында.

9 мамыр - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінде «Ашық есік күні».

Музейдің мекен-жайы: «Самал-1» , 44 үй

2015 жылы 28-29 сәуірде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің археология, этнология және музейтану кафедрасымен бірлесіп, Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына және Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Қазақстан археологиясы мен этнологиясы: өткені, бүгіні және келешегі» атты «VII Оразбаев оқулары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.

«VII Оразбаев оқулары» Конференцияда қазіргі археологияның теориялық және методологиялық аспектілері, Еуразиядағы тас дәуірінің нәтижелері мен өзекті мәселелері, ежелгі және ортағасырлық көшпелілердің материалдық және рухани мәдениеті, сондай-ақ Қазақстанның ортағасырлық қалалары мен оған іргелес аймақтардың кенттендірілуі, оқшауландырылуы және материалдық мәдениеті талқыланады. Конференция аясында Қазақстан Республиасы Мемлекеттік орталық музейінің археологиялық қоры бойынша «Қазақстан қола дәуірінде» ( б.з.д. XVIII-IX ғғ.) көрмесі ұйымдастырылған. Көрмеде Қазақстанның әр аймағының қола дәуіріндегі артефактілері – қыш, тау-кен ісі мен мыс қорыту өндірісінің құрал-жабдықтары, егін шаруашылығы мен үй тіршілігі құралдары, қару-жарақ саймандары, ат әбзелдері, әшекейлер мен бойтұмарлар, сондай-ақ монументтік өнер – петроглифтер көрсетіледі. Соның ішінде қазіргі отандық археологияның негізін қалаған белгілі қазақстандық ғалым Ә.М. Оразбаевтың жинақтаған археологиялық жәдігерлері қойылған. Археолог-зерттеушілердің білікті ұрпағының күш-жігерімен далалық археологиялық зерттеулер әдістемесінің қазіргі қазақстандық мектептің негізі қаланды. Сол мектептің белді өкілі – археолог Ә. Оразбаев. Ә.М. Оразбаев Солтүстік Қазақстандағы қола дәуір ескерткіштерінің дәуірленуі зерттемесін әзірледі. Мәселен, ол К.В. Сальников зерттемелерінен кейін, андрон мәдениеті дамуын дербес және өзіндік мәдениеті бар мынадай үш кезеңге: федоровтық, алакөлдік, сондай-ақ замараевтық деп бөліп қарастырды. Көрмеде Ә.М. Оразбаев зерттеген көптеген археологиялық ескерткіштер тобынан Қазақстан қола дәуірінің Бұғылы, Шортанды-Бұлақ, Чаглинка қоныстарын, сондай-ақ, студент Ә. Оразбаев және басқалар қатысқан, Материалдық мәдениет Институты Ленинград бөлімшесі (ММИЛБ) мен ҚазКСР ҒА 1947-1949 жж. С.С. Черниковтың басшылығымен ұйымдастырылған Шығыс Қазақстан экспедициясының жәдігерлерін тамашалауға болады.

Сондай-ақ, конференция бағдарламасында қазақтардың тарихи этнография саласындағы өзекті мәселелерді және қазіргі Қазақстандағы отандық этнология мен этномәдени үрдістердің қазіргі жай-күйінің өзекті мәселелерін талқылауды, сонымен қатар, музейтануды, этноархеологияны, ескерткіштануды қарастырады. Ұлт тарихын зерттеу, оның материалдық және рухани мұраларын дәріптеу – қазіргі заманның басымдық берілетін міндеттерінің бірі. Жұмысты жүзеге асыру барысында, құнды-мәдени игіліктерді сақтайтын музейлерге – ірі мәдени-білім беру институттарына айрықша орын беріледі. Конференцияда археологиялық ескерткіштерді зерттеу, сақтау және музейлендіру секілді өзекті мәселелер, әрі музейдің бірінші кезекте мамандандырылған ғылыми-зерттеу мекемесі ретінде қызмет істеуі, әрі музей қызметі тиімділігінің басты факторы ретіндегі өзекті мәселелер қарастырылады.

Конференция жұмысына археолог, этнограф, тарихшы ғалымдар, мәдениеттанушылар, сондай-ақ музей қызметкерлері және Түркия, Ресей, Молдова, Қырғызстан және Өзбекстаннан келген гуманитарлық ғылым салаларының мамандары, сонымен қатар ЖОО және республика музейлерінің ғалымдары мен мамандары қатысады.

Конференцияның қорытындысы бойынша, ғылыми материалдың жинағын басып шығару жоспарланып отыр.

Өткізу орыны:

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің кинозалы (Алматы қ., Самал-1, ықш. ауд., 44 үй).

Конференцияға қатысушыларды тіркеу: 09.00-10.00

Конференцияның басталу уақыты: 10.00

Оразбаевские чтения Оразбаевские чтения Оразбаевские чтения

karikatura-20152015 жылдың 30 сәуір күні сағат 14.00-де ҚР Мемлекеттік орталық музейі «Әділ сөз» Халықаралық сөз еркіндігі қорымен, IFEX халықаралық сөз еркіндігі желісі және Қазақстан Журналистер Одағымен бірлесіп, Дүниежүзілік баспасөз еркіндігі күніне орайластырылып ұйымдастыратын «Сөзсіз сөз еркіндігі» көрмесі ашылады.

1991 жылы ЮНЕСКО-ның бастамасымен Виндхук (Намибия) Декларациясының қабылдануына байланысты 3-мамыр Дүниежүзілік баспасөз еркіндігі күні болып жарияланды. Бұл Декларация баспасөз еркіндігінің өскелең қоғам үшін маңыздылығын ескере отырып, африкалық баспагерлер, редакторлар мен журналистер бастамасымен дүниеге келген. Декларация барлық елдердің үкіметін баспасөз еркіндігін қорғауға шақырады. ЮНЕСКО-ның Бас директоры Ирина Бокова өз жолдауында атап өткендей, «Виндхук оқиғасынан бері жиырма жыл өтсе де, бүгінгі күнгі күнделікті оқиғалар сөз еркіндігіне көмек көрсету бұрынғысынша әлі де маңызды екендігін растап отыр. Cөз еркіндігі ұйымдар мен үкімет жұртшылықтың ақпараттану құқығы негізінде өздері иеленетін ақпаратпен оны алғысы келген кез келген адаммен бөлісуге және оған еркін қолжетімділікті ұсыну қағидаты болып табылады».

Сөз еркіндігі тақырыбындағы конкурс суретші-карикатурашылар арасында 2006 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Халықаралық мәртебеге ие болған көрмеге тек қазақстандық суретшілер ғана емес, сондай-ақ Ресейдің және Орталық Азия елдерінің суретшілері де қатысады.

Байқаудың мақсаты – карикатура жанрын көпшіліктің қолдауымен дамыту және қолдау болып табылады. Байқауға қатысушы суретшілердің жұмыстары бояу мен қалам мүмкіндігін пайдалана отырып, журналистер сөз еткен түйткілді мәселелерді әзіл, әжуа, мысқыл тезінен өткізеді. Көрмеде ұсынылған туындылар сөз бостандығы саласындағы ақпарат алудың қиындықтары, журналистік зерттеудің қауіптілігі мен сөз еркіндігі жолындағы өзге де кедергілер туралы сыр шертеді.

Карикатура көрмесі бесінші мәрте өткізілген байқаудың нәтижесі. Көрмеге 76 жұмыс қойылды. Көрменің салтанатты ашылуында «Сөзсіз сөз еркіндігі» атты байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді. Байқаудың жеңімпаздары:

1 - орын   -     Николай Веревочкин, Қазақстан, Алматы

2 - орын     -   Игорь Кийко, Қазақстан, Алматы

2 - орын     -   Николай Свириденко, Өзбекстан, Ташкент

3 - орын     -  Махмұджон Ешонқұлов, Өзбекстан, Ташкент

3 - орын     -    Ғалым Смағұлұлы, Қазақстан, Алматы

Ынталандыру марапатын ие болғандар:

  • Мұрат Дильманов, Қазақстан, Алматы
  • Руслан Валитов, Қырғызстан, Бішкек
  • Қали Қораласбаев, Қазақстан, Жамбыл облысы, Төле би ауылы.

Үздік жұмыстар еліміздің танымал БАҚ-да жарияланады.

«Әділ сөз» Халықаралық сөз еркіндігі қоғамдық қоры. тел/факс: 291-16-70.

 

Свобода слова без слов Свобода слова без слов Свобода слова без слов

2015 жылдың 18 наурызында «Алматы – ислам мәдениетінің 2015-жылғы астанасы» атты Халықаралық мәдени шараның аясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде мекеме басшысы, белгілі этнолог-ғалым Нұрсан Әлімбайдың тікелей ұйытқысымен Музейлік деректану және қолжазба орталығы ұйымдастырған «Ислам мәдениетінің құндылықтары» атты көрме ашылды. Көрмені  ҚР МОМ директорының бірінші орынбасары Бейбітқали Қақабаев ашты. Ресми ашылу салтанатында Түрік Республикасының Алматыдағы Бас консулы Супхи Атан, Алматыдағы Мысыр Араб Республикасының мәдени орталығының мәдениет пен білім саласы бойынша атташесі, доктор Химдан Ибраһим, Алматыдағы «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры, профессор Жуда Абдуғани Басюни, Иран Ислам Республикасы мәдени орталығы директорының көмекшісі Мажит Камрани, Алматы қаласы әкімдігі Дін істері басқармасының басшысы Нұржан Бейсенбайұлы Жаппарқұлтегі және Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасына қарасты «Омар ибн Хаттаб» мешітінің бас имамы Ахметов Қазыбек Пазылбекұлы сөз сөйлеп, көрмеге қойылған жәдігерлермен танысты.

Сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған аталмыш көрме 4-залдағы орталық алаңда орналасқан. Аталмыш көрме 2-3 ай көлемінде тұрады.

«Ислам мәдениетінің құндылықтары» атты көрме туралы бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жарық көрді:

  1. Белтенов Ж.М., Құлназарова Г.С. Ислам мәдениетінің құндылықтары // Айқын2015 ж. 17 наурыз. № 49. http://www.aikyn.kz/articles/view/66643
  2. Шымырбайұлы А., Досымбетов Н. Ислам мәдениетінің шұғыласы // Алматы ақшамы. ­2015 ж. 2 сәуір. №38-39. http://almaty-akshamy.kz/2015pdf/5073-38-39.pdf

Отандық және шетелдік интернет көздерінде көрме туралы төмендегідей мақалалар жарияланды.

  1. http://azan.kz/gallery/show/id/110.html
  2. Мүмин Мұхтар. Ислам мәдениетінің құндылықтары // Жетінші күн. Мысыр араб Республикасының апталық газеті. 2015 ж. 29 наурыз. http://www.youm7.com/story/2015/3/29/%D8%A8%D8%A7%D9%84%D8%B5%D9%88%D8%B1-%D8%A7%D9%84%D9%85%D8%B1%D9%83%D8%B2-%D8%A7%D9%84%D8%AB%D9%82%D8%A7%D9%81%D9%89-%D8%A7%D9%84%D9%85%D8%B5%D8%B1%D9%89-%D8%A8%D9%83%D8%A7%D8%B2%D8%A7%D8%AE%D8%B3%D8%AA%D8%A7%D9%86-%D9%8A%D9%81%D8%AA%D8%AA%D8%AD-%D9%85%D8%B9%D8%B1%D8%B6%D8%A7-%D9%84%D9%84%D8%AD%D8%B6%D8%A7%D8%B1%D8%A9-/2122201#.VRpy9uHezGD
Islam-2015 Islam-2
Islam-3 tsennosti-islama-4

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source