авто

Переключатель языков

nazarbaev-portretҚазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы еліміздің өсіп-өркендеу жолында тарихи еңбегі өлшеусіз. Ширек ғасырдан астам уақыттың тізбегін ұстап, қазағын қатарға қосып, байрағымызды биікке көтерді. Оның бастамасымен тәуелсіздік жылдарында экономикалық, саяси-әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Жаңа астана – Астанана қаласы құрылды, төрткүл дүниенің төрт бұрышына барсада елін «Мен қазақпын» деген сөзді қаймықпай айтатындай дәрежеге жеткізді. Бір шаңырақ астында көп ұлтты мемлекет бір атаның баласындай өмір сүріп келеді, елбасының барлық бағдарламалары мен жолдаулары Қазақстанның келер ұрпағы мен жастарының болашағына бағытталған.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музей ұжымы Қазақстан халқы үшін, елім деп еңбек еткен ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлына алғысын білдіреді! Елбасының игі істерін жалғастыруға дайынбыз!

Қазіргі заманда қайта жанданған Наурыз мерекесі бүгінгі өмір тынысымен де біте қайнасып, қоғамдағы тұрақтылық пен келісім, өзара сыйластықты нығайтуда маңызды рөл атқаруда. Бұл көктемгі мереке ізгілік пен сүйіспеншілік салтанат құратын, табиғатқа жан бітетін, барша жақсылық бастамасы, мейірімділік, махаббат пен құнарлылықтың жарқын күштерінің салтанатын бейнелейді.

2019 жылдың 17 наурыз күні Алматы қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Ұлы Дала елінің ұлы мейрамы Ұлыстың ұлы күні «Наурыз мейрамы» өткізілді. Аталмыш іс-шараға ҚР Мемлекеттік орталық музейі өз үлесін қосты. М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының орталық алаңына қазақ мәдениетінің бірегей символы саналатын – киіз үйдің бір бөлігі орналастырылды. Киіз үйдің ішіне қазақтардың өзіндік мәдени дәстүрлерін айшықты түрде түсінуге мүмкіндік беретін бірегей экспонаттар қойылды. Қала тұрғындары мен қонақтарды, өскелең ұрпақты мұндай мәдени құндылықтармен таныстыру, салт-дәстүрімізді дәріптеу біздің басты міндетіміз деп білеміз.

М.Әуезов театрында өткен Наурыз мейрамы М.Әуезов театрында өткен Наурыз мейрамы
М.Әуезов театрында өткен Наурыз мейрамы М.Әуезов театрында өткен Наурыз мейрамы

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі «Бахыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығымен бірлесіп 2019 жылдың 1-3 наурыз аралығында дәстүрлі «Бәйшешектер гүлдегенде» атты Орталық-Азиялық халық қолөнерінің көрме-жәрмеңкесін өткізеді. Ол жыл сайын Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Ресей, Монғолия және Грузия елдерінің талантты қолөнер шеберлерін жинайды. 

8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі күніне орай музей сыйлық және кәдесый өнімдерінің үлкен таңдауын ұсынатын қолөнер көрме-жәрмеңкесін өткізеді: дизайнерлік киім, майда моншақтан жасалған сәнді авторлық әшекей-бұйымдар, былғары, зергерлік бұйымдар, күмістен жасалған әшекейлер, шығыс миниатюрасы, кілемдер, тоқыма және тоқылған заттар, интерьер картиналары мен заттары, қобдиша, керамика, батик және т.б. бұйымдарын ұсынбақ. Әрбір жұмыс өзіне еріксіз тартып, шебердің шығармашылық әлемін тану ниетін оятады.

Сәндік-қолданбалы өнер көрмелері Орталық Азия аймағы елдері арасындағы мәдени және сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға жәрдемдеседі, халқымыздың мәдени-тарихи мұрасында қаланған дәстүрлерді сақтауға көмектеседі, өнімді өткізу нарығын кеңейтуге көмектеседі, сондай-ақ келушілерді Орталық Азия елдерінің дәстүрлі халық мәдениетімен таныстырады, халық өнері мен қолөнерлерінің дәстүрлерін жаңғыртуға, қолөнер шеберлерінің арасында тәжірибе алмасуға ықпал етеді.

О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің шеберлік сабақтары өткізіледі, қалаушылар оған тек көрермен ретінде қатысып қоймай, пайдалы жәйттерді үйрене алады.

Музей қонақтарын ұсынылған сан алуан өнім түрлеріне, талғампаз сұлулықпен кездесу қуанышына толы таңғажайып мереке күтіп тұр. Қолдан істелген бұйымдардың барлығы шынайы шеберлікпен және шын жүректен жасалған.

Көрме-жәрмеңкенің жұмыс уақыты: 2019 ж. 1-3 наурыз сағат 9.00-18.00

Көрмеге кіру ақылы

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде 2019 жылдың 18 наурыз күні  Наурыз мейрамына арналған «Наурыз нақыштары» атты фестиваль өтті.

Көрменің ашылуында директордың ғылыми жұмыстары жөніндегі орынбасары - Ғалия Теміртон; О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің директоры – С.И. Шалабаев; «Ұлдана Фэшн» киім ательесінің директоры - Қазақбаева Ұлдана сөз сөйледі. Сөз сөйлеушілер Наурыз мерекесін өткізудің маңыздылығын атап өтті, ол қазіргі өмірге үйлесімді еніп, қоғамдағы өзара сыйластық, қоғамдық тұрақтылық пен келісімді нығайтуда үлкен рөл атқаратындығын атап өтті. Қазіргі заманда қайта жанданған Наурыз мерекесі бүгінгі өмір тынысымен де біте қайнасып, қоғамдағы тұрақтылық пен келісім, өзара сыйластықты нығайтуда маңызды рөл атқаруда.

Осы мереке күні музей қонақтары үшін: ҚР Орталық музейі келушілердің назарына «Сыр сақтаған сандықтар...», сондай-ақ Қазақстан суретшілері мен мүсіншілерінің «Көктем шуағы» атты көрмесін ұсынды.

Осы мерекелік күні музейге келушілердің назарына халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты, Халық әртісі – Санат Исаевтың қатысуымен «Беташар» үйлену тойы салт — дәстүрлері ұсынылды; суретшісі А. Төлеубаевадан мерекелік дастарханға батикпен сурет салу арқылы перфоманс-мерекелік дастарханның бояуымен батик бойынша қол қойылды; О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі ұлттық киімдер үлгілері көрсетілді. Музыкалық ұжымдар мен ансамбльдердің қатысуымен концерт ұйымдастырылып, суретші Н.Г.Хлудовтың шығармашылығына арналған, «Дәстүрлі қазақ мәдениеті әлеміне» экспозициясы негізінде интерактивтік музейлік сабақтары ұйымдастырылды және өткізілді. О. Таңсықбаев атындағы Алматы атындағы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің студенттері мен оқытушыларынан қолөнердің әр түрлі түрлері мен қолөнердің дәстүрлі түрлері бойынша шеберлік-сабақтары өткізілді. Алғаш рет «Ажар Төлеухан «ASA-ONER» және «Uldana Kazax» сән салондары өздерінің киім топтамаларын ұсынды.

«Наурыз нақыштары» атты фестиваль «Наурыз нақыштары» атты фестиваль
«Наурыз нақыштары» атты фестиваль «Наурыз нақыштары» атты фестиваль

БАЛАҚАЙЛАР және олардың АТА-АНАЛАРЫ!!

Қазақстан Республикасы Мемлекетік орталық музейінде «Wow Lab» ЖШС-мен бірлескен «Музейдегі жексенбі күні!» атты балаларға арналған жаңа білім беру бағдарламасы бастау алды.

Бағдарлама бірнеше кезеңнен тұрады, тапсырмаларды ойын түрінде орындай отырып, қатысушылар музей әлемімен, Қазақстанның ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі тарихы, мәдениеті мен өнерінен мәлімет беретін материалдық және рухани мұраларымен танысады. Ойын тақырыбы қайталанбайды.

Өткен демалыс күндері Орталық музей мен «Wow Lab» ЖШС біздің қаламыздың балалары үшін дайындаған алғашқы ойын-квестін өткізді. Ойын барысында топтарға бөлінген қатысушылар жеті кезеңнен өтіп, 9 ежелгі тақталарды жинады, ол музейдің кейбір экспонаттарын «тірілтуге» мүмкіндік береді. Алғашқы қауымдық құрылыс адамдарын кейіптейтін аниматорлар балаларды палеонтология, археология және этнография әлемімен таныстырды. Балалар «тірі» көне кесірткемен ойнап, палеонтологиялық экспедицияға аттанды, олар ол жерде қазба жұмыстарын жүргізуді және жойылып кеткен жануарлардың іздерін анықтауды үйренді. Сонымен қатар, балалар ежелгі жазбалармен танысып, ата-бабаларымыздың қалдырған хатын оқып, жұмбақтарын шешіп, «тірілген» мумиямен достасып, көне сандықты ашып, қазына картасын тапты.

Мероприятие "Воскресенье в музее" Мероприятие "Воскресенье в музее"
Мероприятие "Воскресенье в музее" Мероприятие "Воскресенье в музее"
Мероприятие "Воскресенье в музее" Мероприятие "Воскресенье в музее"
<tr> <td><img src="images/vystavki/2019/museum-night-children-5.jpg" alt="Мероприятие &quot;Воскресенье в музее&quot;" class="imbig" style="margin: 4px; border: 1px solid #000000;" width="320" height="214" /></td> <td><img src="images/vystavki/2019/museum-night-children-7.jpg" alt="Мероприятие &quot;Воскресенье в музее&quot;" width="320" height="214" /></td> </tr>  

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source