авто

Переключатель языков

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі 2018 ж. 3 қараша күні 14.00 - 18.00-де Қазақстан Республикасындағы Жапония Елшілігі, Қазақ-жапон адам ресурстарын дамыту орталығы, «Нархоз» университеті, Қазақстандағы жапон бизнесмендер ассоциациясы,   Қазақстандағы жапон ассоциациясы, Теракойя ұйымы және Қазақ-Жапон Жібек Жолы ассоциациясымен бірлесіп дәстүрлі «Жапон мәдениеті күні» Фестивалін өткізеді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі 10 жылдан астам уақыт бойы Қазақстандағы Жапония елшілігімен ықпалдаcтықты жалғастыра отырып жыл сайын мәдени-білім жобаларын іске асыруда.

«Жапон мәдениеті күні» фестивалінің мақсаты Қазақстан мен Жапония арасындағы мәдени ықпалдастықты нығайтып, өзара байланысты дамыту, сондай-ақ Алматылықтар мен қала қонақтарын Күншығыс елінің салт-дәстүрімен, заманауи инновация және интелектуалдық жетістіктерімен таныстыру болып табылады.

Жапония – байырғы ғибадатханалары мен саялы бақтары, шыңын қар басқан таулары, көк тіреген зәулім ғимараттары, болашақтың технологиясы мен бағзы дәстүрлері үйлескен сырға толы ғажайып елдердің бірі.        

Фестиваль аясында алматылықтар мен қала қонақтары Жапонияның мәдени дәстүрімен қатар, қазіргі өнері, музыкасы, биі, ас мәзірімен және жапон компанияларының өнімдерімен таныса алады.

Фестиваль бағдарламасында: «Ооэдодайко» барабаншылар тобының көрсетілімі, «Ёсакой Соран» өнерпаздарының орындауындағы жапон биі, «Cosplay» анимациялық компьютерлік ойын, жапондық дойбы ойыны (« го дойбысы»), жапондықтардың дәстүрлі киімі – Юкатаны кию әдісі, өнер түрлері, қол өнері: манга арт стилі (жапон комикстері суретін салудың дәстүрлі әдістері мен техникасы), «Сумиэ» өнері (қағазға тушпен, бояумен сурет салу), оригами және фурошики (матадан дайындалған сыйлықты ораудың ежелгі техникасы), исекатагами (матаны бояу үшін пайдаланатын қағаз трафаретті жасау өнері), икебана өнері         ( дәстүрлі бейімдеу-әрлеу өнері) және т.б. қарастырылған.

Фестиваль барысында келушілер «Самурай» – жапон қуыршақтарымен танысып, каллиграфия – көркем жазу шеберлік сабақтарында иероглифтерді жазуға машықтанып, жапон халқының шай беру рәсіміне сай шай құю, дәстүрлі жапон тағамдарын (такояки, мочи-цуки) дайындауға бейімделеді.

Бұл шараға жапондық Sony, Daio Seishi, Қазақ-Жапон жібек жолы ассоциациясы, Теракойя ұйымы қатысады және Toyota tsusho Kazakhstan Auto компаниясының Toyota Land Cruiser, Lexus ES (Toyota Center Zhetisu, Lexus Center Almaty) – маркалы 2 көлігінің тұсау кесері өтеді.

Алматыдағы Жапон мәдениеті күнін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінің директоры Нұрсан Әлімбай мен Жапонияның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Итиро КАВАБАТА, «Нархоз» университетінің ректоры - Эндрю Вахтель мырза ашады.

Day of Japan culture Day of Japan culture
Day of Japan culture Day of Japan culture
Day of Japan culture Day of Japan culture
Day of Japan culture Day of Japan culture

сағ. 14.00-18.00 фестивальға кіру  тегін

2018 жылдың 6 - 7 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі «Бақыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығымен бірлесіп, «Алтын алма» атты Орталық-Азиялық дәстүрлі қолөнер көрме-жәрмеңкесін өткізеді.

Күз мезгілі – суретшілер, мүсіншілер,сәндік қолданбалы өнер шеберлері үшін шығармашылық шабыт кезеңі.

«Алтын алма» атты Орталық-Азиялық дәстүрлі қолөнер көрме-жәрмеңкесіАлматы - алма қаласы. Айнала толы алма. Көрменің басты тақырыбы да осыған байланысты. Алма идеясы – бұл жалғыз жемістің тарихы ғана емес, ол шексіз, көп қырлы. Натюрморт және пейзаж, портрет пен жанрлық көріністер. Олар түрлі кескіндеме, графика, фотосуреттер мен гобелен және батик сияқты сәндік өнер туындыларында көрініс тапқан. Бір тақырыпты әр суретші, шебер өзінше бейнелейді. Бұл шексіз қиялдан туындаған таныс тақырып.

Сәндік-қолданбалы өнер шеберлері бұл нышандарды өздерінің туындыларында - картина, зергерлік бұйым, панно, гобелен, киіз және тері бұйымдарында, батик сияқты өнімдерінде бейнелеген. Алма бейнеленген кәдесыйды кез-келген жастағы жанға сый етіп тартуға болады. Алма бейнелі кәдесыйлар молшылық пен сәттіліктің нышаны.

Қолөнер көрме-жәрмеңкелері Орталық Азия халықтары арасында экономикалық және мәдени байланысты дамытуда үлкен рөл атқарады. Көрмеге Қазақстан, Қырғыстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Ресей елдерінен келген 150 ден астам қолөнер шеберлері қатысады. Олар өздерінің шеберліктері мен дәстүрлерін ұрпақтан-ұрпаққа аманат етіп қалдырады.

«Алтын алма» көрмесінің ассортименті әртүрлі: авторлық сәндік бұйымдар, киімдер, сәнді сөмкелер, зергерлік бұйымдар, дизайнерлік ойыншықтар, жеңіл көрпешелер,керамика, қолдан жасалған сабындар мен косметикалар, интерьерлік заттар, бейнелеу өнер туындылары және тағы көптеген сан алуан заттар. «Алтын алма» көрмесінде жарқын да ерекше заттарды тамашалап көрумен қатар, қолөнердің қай түріне икеміңіз бар екенін байқап, өзіңіз үшін жаңа хобби таба аласыз. Көрме аясында бұл күндері жәрмеңкеге келушілер үшін киіз, батик және қышпен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілінен өткізетін шеберлік-сабақтары ұйымдастырылады. Қолданбалы өнер туындыларын ұнатушылар сол заттардың жасалуын бақылап көріп қана қоймай, өз қолдарымен алма, әртүрлі кәдесыйлар, киізден жасалған панно және т.б. жасай алады.

Көрме-жәрмеңкенің ресми ашылуы - 2018 ж. 6 қазан, сағат 10-00

Көрме-жәрмеңкенің жұмыс уақыты: 6 - 7 қазан, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін

Көрме-жәрмеңкеге кіру ақылы.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Қазақстан халықтарының тілдер мерекесіне арналған «Тарих – тамыр, тіл – тұғыр» атты іс-шарасын өткізді.

Қазақстандықтар жыл сайын Қазақстан халықтарының тілдер мерекесін атап өтіп келеді. Тіл қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар қоғамның рухани өзегі, халықтардың тарихы мен мәдениетінің негізі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Елбасы Қазақстан халықтары Ассамблеясының сессиясында атап өткеніндей, мемлекеттік тіл қазақстандықтарды біріктіретін фактор болып табылады. Мемлекет еліміздің барлық ұлттары мен ұлыстары үшін қолайлы тіл кеңістігін құруға үлкен назар аударуда. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақ тілі - біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз - оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз.  Бұл - өзін қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет» деп атап өтті.

Қазақстанда мемлекеттік тілді жылдам үйренудің көптеген жаңа әдістемелері дайындалуда. Қазақ тілін өзге ұлт өкілдері де белсенді түрде үйреніп, меңгеруде. Бірақ көптеген мектеп оқушылары, студенттер, кәсіпкерлер мен қызметкерлер қазақ тілін үйренудің тиімді курстарын іздеуде.  

Аталмыш іс-шарасының мақсаты – Қазақстан аумағында тұратын өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілді насихаттау, ұлттық құндылықтарға, мәдениет пен тарихқа деген құрмет сезімін тәрбиелеу.

Іс-шарада Алматы қалалық әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы – Бақыт Әбиірұлы, Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйінің директоры – Райхан Сахыбекқызы, ҚР МОМ Антропология және этнография орталығының аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор – Нұргелді Уәлиге және Абай ат. Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің оқытушысы, филол.ғ., докторы, профессор – Серік Асылбекұлы алғысөзбен мінбеге шықты.

«Тарих – тамыр, тіл – тұғыр» атты іс-шара шеңберінде LC SKADA тіл орталығы өкілдерінің презентациялары тыңдалды. Шара соңында барлық келуші қауымға арналған тегін экскурсиялар жүргізілді.  

Мероприятие ко Дню Языков Казахстана Мероприятие ко Дню Языков Казахстана
Мероприятие ко Дню Языков Казахстана акция «Тарих – тамыр, тіл – ғұмыр».
акция «Тарих – тамыр, тіл – ғұмыр». акция «Тарих – тамыр, тіл – ғұмыр».
акция «Тарих – тамыр, тіл – ғұмыр». акция «Тарих – тамыр, тіл – ғұмыр».

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі «АБДИ» Компаниясымен бірлесе отырып «Отбасы күніне» орай «Отбасымен музейге!» фестивалін өткізді.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Отбасымен музейге!» фестивалінің негізгі мақсаты – отбасындағы рухани, мәдени құндылықтарды сақтау, жас ұрпақ тәрбиесін қалыптастыру және отбасы институтын нығайту.

Аталмыш мерекелік шара бағдарламасында: викториналық сұрақтар, байқаулар, шеберлік-сағаттар, музей мамандарының ел тарихы, мәдениеті туралы тақырыптық сабақтары мен экскурсиялары жүргізіледі. «Отбасымен музейге!» фестиваліне балалар клубы, шығармашылық академиялар, білім беру орталықтары, бейнелеу студиялары, суретшілер, сәндік-қолданбалы өнер шеберлері, музыкалық ұжымдар және т.б. белсенді атсалысты.

Фестивальдің концерттік бағдарламасын ҚР Халық әртісі, КСРО Композиторлар Одағының мүшесі Мұрат Серкебаевтың басшылығымен, Қазақстанға ғана емес сондай-ақ, көрші елдерге танымал «Алматы қаласы Әкімінің концерттік оркестрі» ашты. Концертте қазақтың ұлы композиторлары – Құрманғазы, Жаяу Мұсаның атақты классикалық туындылары, опера және балет театры әуендерінің үзінділері орындалды. Концертке Дәрібаевтар отбасы ансамблі, «TRIBAL PRO» этноұжымы (көркемдік жетекші Елена Ким), «Айбын» балалар би ұжымы (көркемдік жетекші А. Құмарова), Гук отбасылық ұжымы шақырылды.

Выступает «Концертный оркестр Акима г. Алматы» под управлением М. Серкебаева Выступает ансамбль семьи Дарибаевых

Бұл күні Музейде: «Қазақстанның флора және фаунасы» (музейдің қор коллекциясынан); «Жанданған мұра» (музей қорындағы қайта қалпына келтірілген экспонаттар); «Орталық Азия келбеті» (суретші Гюзель Закированың туындылары) атты көрмелер болды. Отбасылық сәттер мен балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында музейде 29 қыркүйек пен 10 қазан аралығында «Менің отбасым, менің Алматым» атты көрме жұмыс істейді. Көрмеге қаламыздың 24 балалар бейнелеу студиялары, шеберханалар, бейнелеу мектептері мен өнер мектептерінің жұмыстары қойылды. Атап айтсақ, М. Гречкина («Жаухар-Шедевр» бейнелеу мектебі); Е. Попова, О. Коломыцева, Н. Резникова, А. Миргородская, А. Сербенко, Н. Трофимова, Е. Подлубная («Ұмай» балалар көркемөнер мектебі); Д. Гаитова, А. Сатыбалдина («In ART» шығармашылық бейнелеу және кескіндеме студиясы); А. Тюлеубаева («By ART» шеберханасы); Л. Саванькина («Подснежник» және «Вдохновение» Туран мектеп-лицейі студиясы); Л. Дроздова, И. Гущин («АРТ-Мастерская» Лидия Дроздованың шеберханасы); Г. Кабижанова («Palitra-izo» шығармашылық студиясы); Л. Логвинова («Веселая ромашка»); Д. Мертенова, И. Соколова, С. Ибраева («Творим вместе» жобасы, «Ты – художник» шеберханасы); М. Гришина, М. Абдуллаев (№83 мектеп-гимназиясы); Н. Приходченко (Алматы қ. Халықаралық мектебі, Н. Назарбаев білім беру қоры); А. Кобрина («МАРТ» Арт-студиясы, №5 мектеп-гимназиясы); Е. Исакова, К. Корнюшина («Да Винчи»); Ю. Яковлева «Божья коровка»; А. Астахова («INDIGO»); Н. Нарынлва «Present group», «Simpli art studio»; И. Киянова «БЭСТ» көркемөнер мектебі; Н. Кухаренко («Самоцветы», «ГУОШ №55»), мектеп-интернаты, Т. Жүргенов ат. Қазақ ұлттық өнер академиясы колледжі.

На выставке "Флора и фауна Казахстана"  Выставка работ руководителей и педагогов детских изостудий

Фестиваль аясында барлық келушілер арасында ел, қала тарихы туралы викториналық ойындар мен байқаулар ойнатылады: «Бұл не, ол қайда?» слайд-викторинасы, «Алтын ұям – отбасым» атты жеке тапсырмалары бар байқаулар: «Музей гүлі құлпырғанда», «Шығыс аруы», «Біз – музейсүйер отбасымыз», «Біздің отбасымыздың ерекшеліктері», «Мейрамдардың түрі көп. Мен бастауындамын...», «Мені түсін». Бұл ойындарға қаламыздың жалпы білім беру мектептерінен келген оқушылар белсенді атсалысты. Медеу, Алмалы, Алатау аудандарына қарасты №4, №175, №96, №11, №58, №17 мектеп-гимназиялары барлық тапсырмаларды үлкен қызығушылықпен орындап тарихқа, ұлттық құндылықтарға деген құрметтерінің жоғары екендігін көрсете алды.

Музей педагогтарының дайындаған сұрақтары қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне, салт-дәстүріне, әдебиет пен өнерге арналды. Мұндай бағдарлама арқылы жас ұрпақтың санасында ұлтқа деген сүйіспеншілік қасиеттерін ояту мақсат етілді.

Музейге келушілерге тегін экскурсиялар жүргізілді. «Неге ол қызықты?», «Е. Сидоркин шығармашылығының тарихы мен кереметтілігі» («Арт-группа Апрель» өнер мектеп-студиясынан лектор, Наталья Ковтун); аса қызығушылық танытатын тематикалық тапсырмалар: «Қазақстанның Қызыл Кітап беттерінен», «Ортағасырлық керамиканың бейнелік декорына жаңа көзқарас», «Бүгінгі күн – ертеңгі тарих» және тарихи квестер: «Археология және полеонтологияға саяхат», археология, палеонтология және этнография бойынша белгілі бір тапсырмалар орындалатын «Апамның сандығындағы тарихи заттар» жобасы. Экскурсия жүргізушілері № 175 және № 72 мектеп оқушыларына “Киіз үй - қазақтардың дәстүрлі баспанасы және “Қазақтың зергерлік бұйымдары” атты тақырыптарда музейлік сабақтар жүргізді. Сабақ барысында олар қазақтардың дәстүрлі мәдениеті және зергерлік өнерімен танысып қана қоймай, сонымен қатар, әшекей бұйымдардың өз дизайндарының суретін салды.

pic-family-museum3 "По страницам "Красной книги"
Музейный урок  «Казахские ювелирные украшения» Экскурсия «Изобразительный декор средневековой керамики глазами современников»

Саяхатты жақсы көретін отбасылар паспорт алып, музейдің экспозициялық залдарын аралап, арнайы ұйымдастырылған «Қазақстан тарихы лабиринті» ойынын ойнап, музейдің естелік сыйлықтарын алды.

Фестивальда «By ART» (жет. А. Төлеубаева) «Матаға жазу салу» перфомансын өткізді. Оған «Менің отбасым, менің қалам – Алматы» көрмесінің авторлары: суретші-ұстаздар қатысты.

Мастер-класс по гончарному искусствуБұл іс-шараға келген барлық келушілер үшін, қөлөнер түрлері бойынша Қазақстанның белгілі қолөнер шеберлерінен шеберлік сабақтары өтті. Сондай-ақ, О. Таңсықбаев атындағы Алматы қалалық сәндік-қолданбалы өнер колледжі студенттері мен оқытушылары: шығармашылық академия және балалар клубы; Мария Кураждан декупаж; Ирина Виноградовадан зергерлік бұйымдар; Яна Коваленкодан ағаш өңдеу; Алматы қ. Жапондық Ичиков Үйінен жапон тілінің ерекшеліктері, каллиграфиясы, тэмари техникасы туралы; Ирина Ибадильдинадан әйнек өңдеу техникасы «фьюзинг»; Azhar_Jewelry сауда белгісінен тоқыма әдістері, киізден «Лукоморья», қыш өнері бойынша «Яблока»; И. Голотовская мен Л. Дузеновадан әшекей бұйымдары мен тоқыма өнері, Б. Фатина және О. Кокасенкодан авторлық қыш бұйымдары және т.б.          

Музей қонақтарын шеберлік сабақтарымен кішкентай шеберлер таңқалдырады: шебер Есалы Айбибі (6 жас), авторлық 45 қуыршаққа арналған киім ұсынған дизайнер Миргородский Артем (11 жас) - қыштан сувенирлер жасау тәсілін ұсынатын шеберлік сабағы.

Арнайы фестиваль үшін, «Aрт-группа Апрель» (көркемдік жетекші Н. Ковтун) «Жасырын сурет» атты интерактивті бағдарламасын әзірледі, «Аll in dance» (көркемдік жетекші А. Әлібек) студиясы балалар мен ата-аналарға билеу өнерін үйретті, «Qazaq animators» аниматорлары және «Мако-Чипполина» орталығы музейдің кішкентай бүлдіршіндерін ойнатты.

Доктор медицинских и педагогических наук С. Габбасов передает в дар музею личные вещиБұл күні музей қонақтарына түрлі кеңестер берілді: психолог Алия Четин, психолог астролог Елена Ежкова; сондай-ақ, білім беру орындары, балаларға арналған интеллектуалдық, шығармашылық орталықтар: «Арт-группа Апрель» өнер мектеп студиясы, «Advance» интеллектуалды дамыту орталығы, «Прогресс-С» ЖШС, «Радость» дамыту орталығы.

Музейде фестиваль аясында екі түрлі акция болды – «Отбасылық жәдігерді музейге сыйла» және «Отбасыма және үйіме!». Бұл акцияда әртүрлі компаниялардың өнімдері ұсынылды.  

Іс-шараның өтуіне қолдау көрсеткен серіктестер: «Бақыт» Сәндік-қолданбалы өнер орталығы, «Welldis» ЖШС, «Lemonadoff Food» ЖШС, «Аllo Pizza» ЖШС, «Гаваий» Аквапаркі.

Құрметті әріптестер!

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі өзінің кезекті Еңбектерінің басылымын жариялауға дайындық жүргізуде. Осы мақсатта тарихшы, этнограф, музейтанушы, мәдениеттанушы, өнертанушы ғалымдарды ынтымақтаса жұмыс істеуге шақырады.

Мақаланы техникалық ресімдеу талаптары:

  1. Көлемі – екі баспа бетке дейін.
  2. Мақалаға аңдатпа (0,5 беттен артық емес) және кілт сөздер (7 сөзге дейін) беріледі.
  3. Мақала соңында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде резюме беріледі (мақала қай тілде жазылғанына байланысты)
  4. Формат: А4. Жиектері: жоғарғы – 2 см, төменгі – 2 см, оң жақ – 1,5 см, сол жақ – 3 см.
  5. Мәтін шрифті: Times New Roman, KZ Times New Roman, 12 кегль. Мәтінаралық қашықтық – 1,0 пт.
  6. Қызыл жол: 1,0; автоматты түрде қойылады.
  7. Бірінші жолда – автордың аты-жөні, тегі (кіші әріптермен, қалың шрифтпен, оң жағынан түзетіледі).
  8. Бір жол төмен орта тұстан, бас әріптермен баяндаманың атауы (қалың шрифтпен) жазылады.
  9. Одан төмен автордың атқаратын қызметі мен ол қызмет ететін мекеме атауы толық берілуі тиіс.
  10. Бір жол жіберілген соң қызыл жолдан мақала мәтіні беріледі (жан-жағынан түзетіледі)
  11. Мәтінде кездесетін ғасырлар рим цифрымен, жылдар араб цифрымен, тырнақша – «» белгімен көрсетілуі керек.
  12. Әдебиеттер (және дереккөздер) тізімі мақалада көрсетілу ретіне қарай мақала соңында орналастырылады. Жарияланымның библиографиялық сипаттамасында әдебиет жайлы барлық мәлімет берілуі тиіс. Мәтіндегі сілтеме әдебиеттер тізіміндегі нөмірімен сәйкес бетін қоса (қажет тұсында қанатты сөздер және т.б.) көрсете отырып, тік бұрышты жақшамен ұсынылады. Мысалы: [6, 2 б.].    
  13. Кестелер, сызбалар, суреттердің атаулары болуы және Windows-та терілуі керек. Барлық суреттер мен фотосуреттер сапалы және аясы 300 dpi-дан кем болмауы тиіс. Олар мақалаға jpeg форматында салынады.
  14. Беттер нөмірленбейді.

Мақалалар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қабылданады. Мерзімі – 2018 жылдың 1 қазанына дейін.

Мақалаларды жинақтың редакция ұжымы іріктейді.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source